С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет108/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Қанатты тышқан (Рtегmуіdае) тұқымдасы негізінен тропик-тік зоналарға тараған. Бізде ұшатын тиін (Рtегmуs vоtпs) де-ген бір ғана түрі Европа мен Сибирьдің ормандарын мекендейді. Күндіз ағаш қуыстарына жасырынып, түнге қарай шығатын түн жануары. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасьшда болатын тері жарғағының көмегімен ұшатын тиіндер ағаштан-ағашқа секіріп, қалықтай “ұшып”, 10 ж-дей жерге барып түседі. Бұлар сирек кездесетін, кәсіптік маңызы жоқ жануарлар.
Жайра тұқымдастары (Нуstгісіdае). Жайралардың денесінің арқа жағы ұзын, өткір қатты инелермен қапталған. Жайраның бізде (Нузһгіх һігзІШгозігіз) деген бір ғана түрі Закавказьенің шығысында Орта Азияның тау бөктерлерінде кездеседі. Ағаш арасында, інде мекендейді. Кейбір жерлерде бақшаға зиянын тигізеді. Жайра қорғанғанда арқа жағындағы ұзын, өткір инелерін түкситіп, тез секіріп жауына инелерін төсейді. Халық арасында бұлар жауына инелерін атып жібереді-мыс деген жалған түсінік бар, од дұрыс емес.
Қ ұ н д ы з тұқымдасы (Сазtгidае). Қазіргі кезде құндыздың екі түрі белгілі. Біреуі Солтүстік Америкада тараған, ал екіншісі бізде тіршілік ететін (Саstог fiЬег). Құндыздар топтанып жүріп ағашты өзендердің бойын мекендейді. Ағаш бұтақтарының және сабақтарының кескіндерінен “үйшік” және ін жасайды. Олар өзен бойына орналасқансын, сол өзенді төменгі
236
жағынан байлап бөгеу жасап, өзен суынын, деңгейінің бір қалыпта болуын реттейді. Жазда шөптесін азықтармен, ал қыста ағаштардың қабығы және бұтақтарымен қоректенеді. Олар ағаш бұтақтарын кесіп, ұясының маңына қыстық қор жинайды. Жылына бір-ақ рет көбейіп, 2—4-ке дейін бала туады. Үш жасқа келгенде ғана жыныстық жағынан толығады.
Қарақас тұқымдасы (Муохidае). Бұлар сырт пішіні тиіндерге ұқсас ұсақ кемірушілер. Негізінен Европаның, Орта және Оңтүстік Азияның жапырақты ормандарына тараған. Олар тіршілігін ағашта да өткізеді және қысқы ұйқыға жатады. Қа-ракас соня — полчак (Glis glіs) деген ірі түрі бау-бақшаларда-ғы жемісті жеп, зиянын тигізеді.
Қосаяқтар тұқымдасы (Dіроdіdіdае). Бұлардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ұзын болады. Қосаяқтар далалы, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құйрығы ұзын, оньщ ұшы көпшілік жағдайда шашақты болады. Артқы аяқтарымен секіріп, өте тез қозғалады. Кейбір түрлері бақша және техника-лык, өсімдіктерді жеп зиянын тигізеді.
Соқырлар тұқымдасы (Sраlасіdае. Бұл — жер астында тіршілік етуге бейімделген кемірушілер.'Бұл тұқымдасқа жататын кемірушілердің денесі жұмыр, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, басы екі бүйірінен қысылыңқы, құлақ қалқаны болмайды. Табандары қысқа, көзі терісінің астына жасырынған, түгі қысқа, барқыт сияқты болады. Олар жерді күрек тістерімен қазып, басымен итеріп, топырақты сыртқа шығарады. Соқырлар өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Қоректерін іздеп жер астынан күрделі ін жолдарын жасайды. Кейбір жерлерде шаруашылыққа зиянын тигізеді. Соқырлар Отанымыздың Европалық бөлігінің далалық жерлерінде және Кавказда кең тараған.
Тышқандар тұқымдасы (Мигісіае). Тышқандар — көбінесе інде тіршілік ететін, кеңінен тараған кемірушілер. Бұлар негізінен өсімдіктермен, кейбір түрлері ұсақ жәндіктермен, насекомдармен қоректенеді. Тышқандар — тез жетілетін, өсім-тал жануарлар. Қоректік азық мол болып, қолайлы жағдай туса, кейбір түрлері жыл бойы көбейе береді.
Тышқан тұқымдастарынан біздің елімізде егеуқйрықтар (Rаttиз) кездеседі. Бұл топтың негізгі өкілдері сүр егеуқұйрық немесе қаптесерлер (R. погЬеgісиs). Бұлар — көбінесе құрылыстарда, адам мекендейтін жерлерде болады. Тышқандардың көптеген түрі барлық жерлерде кездеседі. -Мысалы, үй тышқаны (Миз mиsсиlиs), дала тышқаны (Аросdеmеs аgгогіиs), орман тышқаны (Ароdеmts sуlvаtісиs) т.б. Орман тышқандары ағаштың себілген тұқымын тасып, өскінін жойып, зиянын тигіэеді. Егіс тышқаны — басқа тышқандардан азу тісінің құрылысындағы ерекшелігімен және құйрығының қысқа болуымен ажыратылады. Бұлар — астық шаруашылырының зиянкестері. Арктикада лемминге деген бір түрі кездөседі. Олардың кейбіреулері кыс-
237
қа қарай түсін аққа өзгертеді. Шөлді жерлерде құм тышқан-дары кездеседі. Бұлардың басқаларына қарағанда ірі, сүйретілген ұзын құйрығы болады.
Тышқандар тұқымдасына терісі өте бағалы ондатра (Оп-dаtта zіЬеtһіса) деген ірі кеміргіш те жатады. Оның отаны — Солтүстік Америка. Олар Отанымыздың көпшілік жеріне жер-сіндірілген. Ондатра — жартылай су жануары. Көбінесе өсімдігі қалың су қоймаларында тіршілік етеді. Шөптен және жапырақтан жасаған үйшіктері немесе індері болады. Су өсімдіктерімен коректенеді. Өте өсімтал келеді. Әр балалағанда баласының саны 4—12-ге дейін жетеді. Жылына бұлар 2—4 рет көбейеді. Бір жылға жетпей-ақ жастарының жыныс органдары жетіледі-
7-отряд. ҚОЯН ТӘРІЗДІЛБР (LАСОМОRРНА)
Бұлардын. жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісінің арт жағына орналасқан, нашар жетілген тағы да екі күрек тісі бо-лады.
Пишухалар және қояндар болып екі тұқымдаск;а бөлінеді:
Шиқылдақтар немесе шөп жинағыштар тұқымдасы (Осһоіопісіае). Бұларға бойы аласа, ұсақ аңдар жатады. Шиқылдақтардың құлақтары және табандары қысқа болады. Олар Азияның таулы облыстарында көбірек кездеседі. Бізде Орта Азияның және Сибирьдің тауларында, Забайкальенің, Қазақстанның және Заволжьенің далаларына тараған. Бұлар қысқа азықтық қор жинайды. Мысалы, даур шиқылдақтары (Осһоtопа dаигіса) шөптерді бір жерге жинап кептіреді, ал тау-лы жерде тіршілік ететін түрлері — мысалы солтүстік шиқыл-дақтары (Осһ. һурегЬогеа) жинаған шөптерін тас арасындағы қуыстарға тығып, қысқа сақтайды.
Қояндар тұқымдасы (Lерогіdае). Қояндардың артқы аяқ-тары және құлақтары ұзын болады. Бізде жабайы қояндар-дың төрт түрі және кроликтер бар. Көбірек тараған түрлері: ақ қоян (Ьериз іітісіиз) — бүкіл тундраға, Европаның және Си-бирьдің ормандарына және далаларына тараған. Қыста түсі ақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет