С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


НЕМЕСЕ ИТ БАС ЖАРҚАНАТТАР



бет107/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

НЕМЕСЕ ИТ БАС ЖАРҚАНАТТАР
Тропикалық Азияда, Африкада және Австралияда тараған. Жемістермен қоректенеді. Тіршілік еткен жеріндегі жемістерін жеп зиян келтіреді. 250-ге жуық түрлері белгілі. Олардың нағыз өкілі ұшқыш ит немесе калонг (Рtегиs саlоепо) Малай архипелагасын мекендейді.
2-отряд тармагы. ЖАРҚАНАТТАР (МІСRОСНІRОРТЕRА)
Құлақ қалқандары үлкен, тістері өткір, ұсақ жануарлар жа-тады. Қазіргі кезде олардың 800-ге жуық түрі белгілі, оның СССР-де 40-қа жуық түрі кездеседі. Бұлардың көпшілігі насе-комдармен, кейбір түрлері жануар тектес азықпен қоректенеді, мысалы, найза тұмсықты жарқанат (Рһуllоgtоm һаstatиm), Оңтүстік Америкада мекендейтін десмодус (Dоsmоdиs) ұйықтап жатқан сүт қоректілердің, кейде адамның да қанын сорып қоректенеді.
Көптеген түрлері солтүстіктен қысқа қарай оңтүстікке ұшып кетеді. Кейбір түрлері мекен егкен жерлерінде қысқы ұйқыға кетеді. Қысқа қарай бірнешеуі бір жерге жиналады, мысалы, Бахардан үңгіріне (Түркмения) 40000-ға жуық жарқанаттар жи-налған., Өте баяу көбейеді, 1—2 бала туады. Шағылысуы күзде жйне көктемде орындалады.
Күзде шағылысқанда сперма жұмыртқаны ұрықтандырмай, аналық жыныс жолында қыстап қалады. Ұрықтану тек қана көктемде, аналықта овуляция болғанда орындалады. Көктем-дегі шағылыс кезінде овуляция мен ұрықтану бір мерзімде өтеді. Біздің жерімізде ушандар (Рlесоtиs аигіtиs) және жирен түн жарғанаттары (Nусtаlиs поtиlа) көбірек кездеседі.
4-отряд. МҮКІ ТІСТІЛЕР (ЕDЕNТАТА)
Оңтүстік Америкада тісі шала жетілген азғана сүт қоректі-лер бар. Олардың тістері мүлдем болмайды, немесе эмалы мен түбі болмайды және түрлі топтарға жіктелмеген. Ми сыңарлары кіші, қатпарлары болмайды. Коракоидалары жауырынымен кейінірек бірігіп кетеді.
Біздің заманымызға дейін бұлардың үш тұқымдасы сақтал-ған. І-жалқау аңдар (Вгаdуроdіdае) ағашты жерді мекендейтін
233
түн жануары. Уақытының көпшілігін ағаштың бұтағына арқа-сын төмен қаратып, ілініп тұрып өткізеді. Олар өсімдік жапыра-ғымен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Американың тропикалық ормандарын мекендейді. 2-құмырсқа жеушілер (Муrmесорһаgіdае) құмырсқамен және термиттермен қоректенеді. Бұлардың тұмсығы және тілі өте ұзын болады. Тілінде желім сияқты шырыны болады, тістері болмайды. Бұлар тек кана Оңтүстік және Орталық Америкада тараған. 3-сауыттылардың (Dазуроdіdае) денесі тері тектес сүйекті сауытпен қапталған, сондықтан оларды сауытты мүкі тістілер деп атайды. Сүйекті сауытының үстінде. мүйізді қалқандары болады. Сауыттылардың әрбір қалқаны бірімен-бірі қосылып кетпей, қозгалғыш қабілетін сақтаған. Осы қалқандары арқылы жауларынан пассивті қорғанады. Олар шөлді жерлерді мекендеп, аралас азықтармен қоректенеді. Оңтүстік және Орталық Америкада және Солтүстік Американың оңтустігіне тараған.
5-отряд. КЕСІРТТЕР (ЯЩЕР) (РНОLIDОТА)
Кесірт тәрізді аңдардың тістері болмайды, денесін мүйізді қабыршақтар тұтасып қаптап тұрады. Бұл қабыршақтарды рептилилердің мүйізді қабыршақтарымен салыстыруға болмайды, өйткені бұлар екінші ретте пайда болған қабыршақтар. Қорғағыштық қасиеті бар туынды. Олар құмырсқалармен қоректенеді, сондықтан олардың да тұмсығы құмырсқа жегіштердің тұмсығы сияқты ұзын, тілінде желім тәрізді сұйығы болады. Тісі болмағандықтан қарнының ішкі бетін мүйіз тәрізді зат астарлап тұрады. Бұларда құстар сияқты ұсақ тастарды жұтады, олар тамағын ұстауға көмектеседі. Оңтүстік Азия, тропиктік Африкада тараған.
6-отряд. КЕМІРУШІЛЕР (RОDЕNТІА)
Кемірушілер сүт қоректілердін, ішіндегі өте көп және кеңінен тараған жануарлар болып саналады. Кемірушілердің үш мыңға жуық түрі бар, жер шарының барлық бөліміне тараған организмдер. Дене мөлшеріне қарай ұсақ немесе орташа болып келетін көбінесе өсімдікпен қоректенетін жануарлар. Осыған байланысты тісінің құрылысында өзгешіліктері болады. Шошақ тісі болмайды, керісінше күрек тістері өте жақсы жетілген. Күрек тістері мен шөпті тістеп жұлады, ағаштарды кеміреді, қатты қабығы бар тұқымдарды шағып, дәнін жейді. Азу тістерінің үсті бұдырлы болады. Күрек тістерінің, кейбір түрлерінде азу тісте-рінің де түбірі болмайды. Сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Қатты өсімдік тектес азықтармен қоректенуі/к байланысты ішегі өте ұзын және барлығында да бүйен болады, Корегінің көпшілігі шөп немесе ағаш қабықтары болатындарының (қоян-
234
дардың) бүйені ұзын болады да, ал дәндермен қоректенетін-дерінің (тышқандардың) бүйені қысқа болады.
Жыныстық жағынан ерте жетілуі мен көп бала тууына бай- ланысты көпшілігі өте тез көбейіп кете алады.
Кемірушілердің ішінде жер бетінде, жер астында, орманда және жартылай суда тіршілік ететіндері бар.
Кемірушілердің көпшілігінің терісі құнды болады. Сондықтан олардың кәсіптік маңызы үлкен. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері болып есептеледі. Енді біреулері адамға қауіпті аурулар (оба) таратады. Кемі-рушілер отрядына көптеген тұқымдастар және түрлер жатады.
Тиіндер тұқымдасы (Sсіигdае). Тиіндер тұқымдасы Евразияда және Солтүстік Америкада тараған. Біздін. Отаны-мыздың барлық облысындағы ормандарда кәдімгі тиін (Sсlигиs vиlgагіs) тіршілік етеді. Қырым, Кавказ және Тянь-Шаньда бұл тиін қолдан жерсіндірілген. Тиіндер ағаш қуыстарына ұя салып, тіршілік етеді. Қыста ұйқыға кетпейді. Қорегінің басым көпшілігі қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары, азда болса жемістермен және саңырауқұлақтар-мен де қоректенеді.
Құнарлы әрі жұмсақ азықтармен қоректенуіне байланысты бүйені нашар жетілген. Азу тістерінің түбі болғандықтан олар өмір бойы өсіп отырмайды. Әдетте олар қысқа азық қорын жи-намайды. Бірақ кейде тиіндер саңырауқұлақтарды жинап, ағашта кептіреді. Тиіндер жылына екі-үш рет көбейеді. Өсім-талдығы азық жағдайына байланысты. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Қоректері аз жылдары олар ауып ауыл шетіндегі бау-бакшаға, парктерге келеді. Бағалы терісі үшін аң аулау кәсібінде маңызды орын алады.
Шұбар тышқандардың бірнеше ерекшелігіне тоқтап кетейік. Біріншіден — олардың денесі жолақ болады, екіншіден — құй-рығының жүні тықырлау келеді. Олар жерге ін қазып ұя сала-ды. Негізгі тіршілігі жер бетінде өтеді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Күзге қарай самырсын жаңғақтарынан және астық дән-дерінен, бұршақтан қор жинайды. Бізде Сибирьде және Европаның шығыс бөлігіндегі ормандарда жолақ тышқан (Еиіатіаз зіЬігісиз) деген бір ғана түрі кездеседі.
Тиіндер тұқымдасына жататын саршунақтар мен суырлар-дың да көптеген түрлері жер бетінде тіршілік етеді. Бұған жататын түрлердің көпшілігі індерде бірнешеуі бірігіп, топтанып көбінесе далалы және таулы жерлерде мекендейді. Бұлардың тиіндерден айырмашылығы — жылына бір-ақ рет көбейеді. Олар шөптермен және астықтардың дәнімен қоректенеді. Сондықтан да бұлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері. Сондықтан оларға қарсы аяусыз күрес жүргізіледі. Сонымен қатар саршұнақтар мен суырлар адамдарға оба және басқа жр,палы ауруларды жұқтырады. Қысқы ұйқыға
235
қоректік шөптері қурап кеткен жылдары жаздың ішінде де жата береді. Заволжье, Қазақстан даласында және Орта Азия жартылай шөлді даласында мекендейтін сары саршұнақтың (Сіtеllиs fulvиs) қысқы ұйқысы ерекше ұзын болады. Сары сар-шұнақтар егістік жерлерден қашығырақ мекендейді, сондықтан ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкесі болып саналмайды. Жыл бойына төрт ай ғана активті тіршілік етеді. Саршұнақтардың терісі басқа өкілдерінін, терісіне қарағанда өте құнды және сапалы болады.
СССР-дің Европалық бөлігінде. Кавказдың, Қазақстанның далаларында кіші саршұнақ (Сіt руgтаеиs) деген түрі тара- ған. СССР-дің Европалық бөлігінен шығыста — Еділ өзеніне дейін шұбар саршұнақ (С. sиslіса) кездеседі.
Орта Азияньщ құмды шөлінде таращұйрык, саршұнақ (Sрегmорһіlорsіs Іерtоdасtуlиs) тіршілік етеді. Олар қысқы ұй-қыға жатпайтын, бұталарға тез өрмелеп шығатын және шөбі сирек құмды жерлерді мекендейтін организм. Індерінен ұзақ жерлерге өрістеп жайылып кетеді, өте жүйрік болады.
Оңтүстік-шығыс Европаның, Қазақстанның, Батыс Сибирьдің далаларында және Орта Азияның тауларында суырлар тір-шілік етеді. Суырлар систематикалық және биологиялық белгі-лері бойынша саршұнақтарға жақын организмдер, бірақ олар-дан анағұрлым ірі болады. Олардың нағыз өкілі — дала суыры (Магтоtа bоЬаз) болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет