С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет109/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Ор қоян (Ь. еигораеиs) Отанымыздың Европалық бөлігінде, Кавказда, Қазақстанның солтүстігінде және Батыс Сибирьдің даласына тараған. Бұлар ағашсыз далалы жерді мекендейді. Қысқа қарай олардың денесінің біраз жері ғана ағарады, ал Қы-рымда мүлде өзгермейді. Орта Азияның шөлінде ұсақ түрі —құм қояндары (Ь. Іоlаі) кездеседі.
Қояндар өсімдіктердің вегетативтік органдарымен қоректенеді. Жазда шөппен, қыста — ағаштың қабығымен, жіңішке бұтағымен қоректенеді. Үнемі осындай қатты заттармен қоректене-
238
тін болғандықтан олардңң азу тістері үздіксіз өседі және бүйені де өте ұзын болады. Қыстық қор жинамайды арнаулы ін қазық, ұя жасамайды. Олар бұтаның тасасына немесе қалың шөптін, арасына жатып дем алады, көбейеді. Осыған байланысты көжектерін ұзақ уақыт (50 күн шамасында) көтереді. Көжектерінің түгі жетілген, ширақ, туысымен анасына ілесіп жүріп кетеді. Қояндар жылына екі-үш рет балалайды.
Жабайы кролик (Огусtоlаgиs сипісиlиs) батыс Европаның барлық жерінде, бізде Одесса және Херсон маңайында кездеседі. Қояндарға қарағанда бұлардың құлақтары және табандары қысқарақ болады. Кроликтердің бірнешеуі бірігіп, топталып жүреді және ін қазады. Көжектерін отыз шақты күн көтереді. Туғанда көжектері қызылшақа, нашар болады. Жалпы қояндардың кәсіптік маңызы өте үлкен-
8-отряд. ЖЫРТҚЫШТАР (САRNІVОRА)
Сүт қоректілердің азды-көпті болса да жануарлар тектес азықпен қоректенетін түрлері бар. Олардың көпшілігі тамағын тірідей ұстап жесе, кейде өлекселерді де пайдаланады, ал бір-қатары өсімдік тектес азықпен де қоректенеді. Мысалы, мы-сық — өсімдік тектес азықтарды өте аз пайдаланса, қоңыр аю лар мен күзендер көбірек пайдаланады.
Бұл отрядқа дене мөлшері әр түрлі болатын сүт қоректілер жатады. Бұлардың тістерінің құрылысы өз ара ұқсас болады. Күрек тістері кішірек болады, керісінше шошақ тістері жақсы жетілген. Азу тістерінің үстіңгі жағы пышақ сияқты өткір болып келеді. Жоғарғы жағының соңғы жалған азу тісі мен төменгі жағының бірінші нағыз азу тісі ерекше үлкен, әрі өткір болады. Бұл тісті — жыртқыш тістері деп атайды. Бұғанасы кейбіреуінде рудимент түрінде болады, немесе тіпті болмайды да. Алдыңғы миы жетілген, үстінде иректері көп болады. Жыртқыштар Антрактикадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Үлкен практикалық маңызы бар.
Иттер тұқымдасы (Сапідае) . Дене мөлшері орташа, аяғы ұзын болатын жануарлар. Бұлардың барлығы да саусак-тарымен басып, тез қозғалады. Құйрығы әдетте жүндесінді және оның ұзындығы кеудесінің ұзындығындай болады. Жыртқыш тістері жақсы жетілген. Тіс формуласы:

Бұлардың көбнесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Жануарлардың аңдып жүріп ұстап жейді.Бүлардың жабайы түрлері жылына бір рет көбейеді.
Тундра облысында тундра түлкісіі (Alopex lagopus)
кездеседі.Олардың көпшілігі қыста қардың түсіндей ақ түсті болады.Кейде бұдан басқа түстісі де кездеседі.Оны көгілдір түлкі деп
239
атайды. Өйткені олардың түсі жыл бойы сұр-көгілдір түсті бо-лады. Бұлар бізде Командор аралында ғана кездеседі. Олар негізінен леммингалармен қоректенеді. Қыста қорегі азайса, оңтүстікке қарай ауысады. Олар інде он сегізге жуық күшік туады. Қоректік азық қорының өзгеруіне және әр түрлі ауруларға ұшырап, жыл сайын сан жағынан өзгеріп тұрады. Осы туысқа жататын түлкілердің кәсіптік маңызы зор.
Нағыз түлкі (Vиlреs vиlреs) бұлар — Отанымызда тундра-дан басқа жерінің барлығына дерлік тараған. Тіршілік еткен ортасына байланысты нағыз түлкілердің түсі, дене мөлшері, жүнінің маңыздылығы әр түрлі болып кездөседі. Солтүстік Сибирьдің түлкілерінің түсі ашығырақ, ірі, жүні қалыңырақ болса, ал керісінше Орта Азияның, Қазақстанның түлкілерінің түсі ашықтау, ұсағырақ болады. Бұлда 4—8-дей күшік күшіктейді. Түлкілер көбінесе тышқан тәрізділермен, құстармен және басқа жануарлармен, кейде насекомдармен, өсімдік тектес азықтармен және,өлекселермен де қоректенеді.
Түлкілердің терісі өте бағалы және кәсіптік маңызы өте зор.
Қасқырлардьщ (Сапіs Іириs) тундра түлкісінен және нағыз түлкілерден айырмашылығы —( олар әдетте ін қазбайды, бірақ таса жерлерге күшіктейді. Олар СССР-дің барлық жерлеріне тараған. Қасқыр мал шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді. Олар тышқан тәрізді кемірушілерді аз пайдаланады. Қасқыр-мен аяусыз күрес жүргізеді. Шие бөрі (Сапіs аигеиs) Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда кездеседі. Бұлар пайдалы жануарларды жеп зиян келтіреді. Жанат тәрізді ит (Мисtегеиtеs росуопоіdіеs) осы тұқымдастың басқа түрлерімен салыстырғанда, өзінше көп ерекшелігі бар және қысқы ұйқыға жататын жыртқыштар болып саналады. Олар СССР-дің Европалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда және Сибирьде жерсіндірілген. Жанат тәрізді иттің отаны Қиыр Шығыстың оңтүстік облыстары.
Жанаттар тұқымдасы (Ргосуопіdае) орташа бола-тын, қысқа табанды, ұзын ілмек құйрығы бар жануарлар. Жыртқыш тістері нашар жетілген. Солтүстік және оңтүстік Америкаға тараған, Гималайда бір ғана түрі тіршілік етеді. Шайқама жанат (Ргосуоп Іоlог) деген түрі Азербайжанда және Қырғызстанда жерсіндірілген. Шайқама жанат — ағаштардың басына жақсы өрмелеп шығатын андар, бұлар ағаштардың қуысына індерін жасайды. Қысқы ұйқыға жатады. Әр түрлі заттармен қоректенеді. Олар тамағын алдымен суға шайқап, одан кейін ғана жейді. Сондықтан да шайқама жанат деп атай-ды. Мұның терісі өте құнды болады.
Аюлар тұқымдасы (Uгsіdае) бұған ірі, құйрығы қыс-қа, табанымен басып жүретін жыртқыштар жатады. Негізінен олар солтүетік жарты шарға тараған. Бізде бұлардьщ үш түрі бар. Ақ аю (Таіаsагсtоs mагitmиs). Мұзды мұхит жағалауын және оның аралдарын мекендейді. Олар тюленьдерді жеп тір-
240
шілік етеді. Ақ аюлар қысқы ұйқыға жатпайды, бірақ буаз ке-зінде, яғни қыста ұрғашылары індерінде болады. Қоңыр аю (Uгsиs агсіоs) Кавказдың, Орта Азияның таулы және ағашты далаларын мекендейді. Олар жануар тектес және көпшілік жер-лерде өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Қыста қоректік затының молдығына байланысты шала ұйқыға, кіріседі. Мысалы, Архангельск облысында олар ноябрьден апрель айына дейін қысқы ұйқыда болса, ал оңтүстік Кавказда 1—1,5 айдай ғана ұйықтайды. Қоңыр аюлар қыста, інде күшіктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет