С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет110/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Қара аю (Sеlепагctоs tilеtапиs) басқа аюлардан кішірек тү-сі қара, төсінде ақ теңбілі болады. Олар Азияның оқтүстік-шы-ғысында, бізде Уссури өлкесінде мекендейді. Бұлардың қоре-гінің негізі өсімдік тектес азықтар болып есептеледі. Қара аю-лар тіршілігін жартылай ағашта өткізетін аңдар, олар қыста үлкен теректердің қуысына еніп, қысқы ұйқыға кетеді.
Сусар тұқымдасына (Миstеlіdае) үсақ және көлемі орташа келген табандарымен немесе жартылай табандарымен жүретін жыртқыштар жатады. Олардың жыртқыш тістері айқын көрініп тұрады. Тіс формуласы түрліше, бірақ нағыз азу тістері 1/2 болады. Артқы тесігінін, маңына орналасқан сасық иіс шығаратын өте үлкен безі болады. Австралияда ғана қолдан жерсіндірілген, ал басқа жердің барлығында да кездеседі.
Бізде мынандай түрлері бар:
1. Бұлғын (Магtеs zіЬеlliпа) —Сибирь тайгасында кездеседі. Олар негізінен жер бетінде тіршілік етеді, қауіп төнгенде ғана ағаш басына шығып кетеді. Бұлғын ұясын ағаштардың және тастардың қуысына салады. Өсімдік және жануар тектес азықтармен қоректенеді. Әйткенмен қорегінің басым көпшілігі жануар тектес азықтар (тышқан тәрізді кемірушілер) болады. Жылына олар бір-ақ рет көбейеді, баласын 230—280 күн көте-реді. Олардың ұрықтары өте баяу жетіледі. Мұндай жағдайды — буаздықтың латентті фазасы деп атайды.
Бұлғын — бағалы кәсіптік аң. ¥лы Октябрь революциясына дейін көп жерде оны қырып жіберген. Революциядан кейін қалпына келтіру үшін көптеген шаралар қолданды. Заповед-никтер мен аңшылар шаруашылығы ұйымдастырылды. Аң совхоздарында өсірілді.
2. Орман сусары (М. таrtез) — СССР-дің Европалық бөлі-гіне және Кавказдын, ормандарына тараған. Бұлғынға қарағанда, сусар орманды жерлерде жиі кездеседі. Олар індерін тиіндердің ескі ұяларына салады. Сусардын, да қорегінің басым көпшілігі — жануар тектес азықтар. Бұлардың көбеюі бұлғындардікіне ұқсас. Кавказда, Қырымда, Украинада және Прибалтикада тас сусары (М. fоіпа) — тіршілік етеді. Бұлар жерде мекендейді. Тас сусары —тасты жерлерде болып, індерін тастардың қуысына салады.
241
3. Ұсақ күзендердің бірнеше түрі ( Putjrius.Kоtопосиз) және қара күзен (Lutгеоlа) — жер бетінде тіршілік етіп, індерде ұялайды. Олар тышқан тәрізді кемірушілермен қоректенеді. Буаз кезінде латентті фазасыз болмайды немесе фазасы өте қысқа болады. Сасық иіс шығаратын бездері өте жақ.сы жетілген, ол қорғаныш құралы болып саналады. Сон-дықтан “сасық күзен” деп атайды. Жоғарыда көрсетілген түр-лерінің кәсіптік маңызы өте үлкен.
Ақ күзен (Миstеlа егтіпеа) және ақкіс (М. піvаlіs) — бұлар сусар тұқымдасының ең ұсақ түрлері болып саналады. Бізде көп жерлерде тараған. Олар жерден ін қазып, ұя салады. Ақ күзен және ақкістер зиянды кемірушілерді қырып, пайдасын тигізеді. Бұлардың тeрісі өте құнды, әсіресе ақ күзеннің терісі өте бағалы. Солтүстік облыстарда бұлардың екеуі де қыста ақ түсті болады.
4. Борсық (Меlеs теlеs) теред інде тіршілік етеді. Олардың үлкендігі кішігірім иттей болады. Бізде тундрадан басқа жер-дің барлығында да кездеседі. Жыртқыштардын, ішіндегі жа-нуар тектес азықтарды көбірек жейтіндерінің бірі борсықтар болып саналады. Бұлардың қорегінің көпшілігі — насекомдар, сүт қоректілер, кейде амфибилер, құстар, сонымен қатар өсім-дік тектес азықтарды да жейді. Олар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, шаруашылыққа үлкен пайда келтіреді. Қыста ұйқыға жатады.
5. Өзен камшаты (Lиtга Іиtга) жартылай суда болатын аң. Ол өзеннің, көлдің және теңіздін. жағалауында тіршілік етеді. Судағы балықтармен, амфибилермен, шаяндармен қоректенеді. Теңіз камшатын немесе қаланды камшат кұндызы (Епһuіdга Іиtгіs) деп теріс атайды. Бұл түрі ірі, денесінін, ұзындығы (құйрығымен косқанда) 1,5 метр болады. Олар Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде мекендейді, қорегінің негізі — теңіз кірпісі, моллюскалар, кейде балықтармен де қоректенеді. Бұлар судың жағасына дем алуға және күшіктеуге ғана шығады. Олардың терісі өте құнды болатын, өте сирек кездесетін аңдар. Көбейту мақсатымен бізде камшаттарды аулауға тыйым салынған.
Мысықтар тұқымдасына (Fеlіdае) ірі және орташа болатын, саусақтарымен басып жүретін, аяғы ұзын (гепардтан басқалары) және өткір тырнақтары бар жыртқыштар жатады. Тірі жануарларды тасаланып барып, байқатпай шабуыл жасап, ұстап жейді.
Гепард (Асіпопух jиЬаtиз) және арыстан мен сілеусін — жануарларды иттерше куып жүріп ұстайды. Бұлардың жырт-қыш тісі өте жақсы жетілген. Тіс формуласы:

242
Олар Австралиядан басқа жердің барлығында да кездеседі, көптеген түрі тропикада тараған. Бізде кездесетін түрлері: жолбарыс (Тigгіз tіgгіs) — Қиыр Шығыста және Орта Азиянын, кейбір жерлерінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет