Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық же-тілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2 : 3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік ауданынан 50—100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы қанның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Терінің тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар Мысалы организмнен бөлінетін көмір қышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді.
Америкадағы өкпесіз саламандра мен біздегі қиыр-шығыс тритондарының өкпесі толығынан жойылып кеткен. Олардағы газ алмасуы терісі және шырынды ауыз қуысы арқылы жүзеге асады.
Қос мекенділердің личинкалары тармақталған сыртқы жел-безек арқылы тыныс алады, ол көптеген түрлерінде кейінірек жойылып кетеді. Бірақ протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың ересек формаларында өкпе-мен қатар ішкі желбезектері де болады.
Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны ендіріп, шығарып тұруда насостың қызметін ауыз-жұтқыншак, бөлші атқарады. Ол төмен түскенде ашылып қалған танау арқылы ауа сыртқа шығады да, жоғары көтеріл-генде танау жабылып қалады да, ондағы ауа өкпеге енеді.
82
Қан айналу системасы. Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық бөлінген, бірақ барлық қос мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқылы қатысады. Жүректің бұл айтылған үш бөлім-дерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және артериялық конусы болады.
Жоғарғы сатыдағы құйрықсыз амфибилердің артериялық конусынан жалғыз ғана қан тамыры, яғни құрсақ аортасы бас-талады, бұл қолқадан үш пар артериялық доғалар шығады. Бі-рінші пар артерия доғасы таза артериялық қанды бас бөліміне
апарады, оны ұйқы артериясы (аrtегіа сагоtis) деп атайды. Ол артерия сабағының құрсақ жағынан кетеді. Екінші пар артерия
доғасы да артерия сабағының құрсақ жағынан шығады, мұны қолқа системасының доғасы деп атайды. Бұл доғадан иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын иық асты артериялары. (аrtегіа sиһсlаvіа) кетеді. Он. және сол жақ системалық доғалар жарты шеңбер жасап иіліп, өз ара қосылып арқа аортасын (аогtа dогsаlіs) құрайды. Ол омыртқаның астыңғы бетін қуалай отырып, денесінің артқы бөліміне орналасады, одан ішкі органдарға баратын қан тамырының тармақшалары шығады. Үшінші пар артерия — артерия сабағының үстіңгі, арқа жақ бөлімінен шығады. Ол қанды өкпеге апаратын болғандықтан өкпе артериялары (агtегіа риlmопаіs) деп аталады. Әрбір өкпе артериясынан бірден үлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде ве-ноздық қан оттегіне қанығады, яғни тотығады. Мұны — тері артериясы (агtегіа сиtапеа) деп атайды.
Өкпесі бар құйрықты амфибилердің артериялық кан тамыр-ларының схемасы — осы жоғарыда келтірген схема сияқты. Құйрықсыздардан бір ерекшеліп, бұларда артерия доғасы төр-теу болады. Бұдан басқа өкпе артериялары боталов өзегі арқылы аортаның системалық доғасымен байланысын сақтап қалған.
Өмір бойы желбезегі арқылы тыныс алатын құйрықты амфибилердің қан айналу схемасы, балықтардың және жоғарғы сатыдағы амфибилердің личинкаларынын, қан айналу жүйелеріне ұқсайды. Бұлардың құрсақ аорталарынан төрт пар артерия доғасы кетеді, оның үшеуі желбезекке, төртіншісі арқа аортасына айналады.
Төменгі сатыдағы амфибилердің веноздық системасы қос тынысты балықтардың веноздық системасына ұқсайды.
Құйрықсыз амфибилерде кардинал веналары сақталмаған. Денесіндегі барлық вена қандары аршық қуыс венасына (vепа саvа роstегіог) жиналып, одан вена қолтығына барып құяды. Бұларда құрсақ жэне ішек асты веналары бар. Олар бауыр-дың қақпа вена системасын құрайды. Кардинал веналарының бол-
83
мауына байланысты, кювьеров өзектері де құралмаған. Ярем-дық веналар иық асты веналарымен қосылып, алдыңғы пар қуыс веналарын (vепа саvа апtегіог) құрайды, ол қанды вена қолтығына апарып құяды. Жоғарғы қуыс веналарға артериа-лық қандары бар, тері веналары келіп жалғасады. Өкпе веналары бірден сол жүрекшеге барып құйылады,
Қорытындысында қан тамырларымен қанның қозғалу схемасын қарастырамыз.
Вена қаны — вена қолтығына, одан оң жүрекшеге барып құяды. Сол кезде сол жүрекшеге өкпе веналары арқылы таза артерия қаны келіп құйылады. Жүрекшелер жиырылған кезде артериялық және веноздық қандар екі жүрекшеге ортақ тесік арқылы қарыншаға келеді. Осы кезде қарыншада веноздық және артериялық қан- араласып кетеді деген ертеден келе жатқан пікір дұрыс та, бірақ оның сол жақ бөліміндегі қан, оң жақ бөліміндегі қанға қарағанда оттегіне бай болады. Соның нәтижесінде үш артериялық доғаға (ұйқы, системалық, өкпе) аралас қан келеді.
Нерв системасы. Миының құрылысынан бірнеше прогрессивтік белгілер байқалады. Қос мекенділердің миын балықтардын, миымен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу, ол ми жарты шарларына бөлшген, сонымен катар бүйір қарыншаларының түбі ғана емес, олардың бүйірі, үсті ми заттарынан құралған .Сөйтіп, қос мекенділерде нағыз ми күмбезі — архипаллиум болады (15-сурет). Ортаңғы миы онша үлкен болмайды. Мишығы өте аз болады, кейбір құйрықтылардағы оның мөлшерін тіпті елеуге болмайды. Мидың бүл бөлімінің нашар дамуы амфибилердің қозғалысының күрделі болмай, біркелкі болуына байла-