С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет37/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Ет системасы. Балықтардың ет системасымен салыс-
тырығанда қос мекенділердің ет системасының негізінен екі айырмашылығы бар. Ол айырмашылықтар қос мекенділердің бес саусақты аяқтарының көмегімен жер бетінде қозғалуына байланысты келіп шыққан. Біріншіден — алдыңғы, артқы аяқтарында күрделі және күшті еттер дамиды. Екіншіден — өте күрделі қозғалысына байланысты дене еттері бірсыпыра жіктелген. Ал балықтардың, еттеріндегі сегменттелу амфибилерде сақталмаған. Ет сегменттерінің метамерлі орналасуын құйрықсыздардың кеуде бөлімінің біраз жерінен көруге болады. Қүйрықтылар мен аяқсыздарда ет системасындағы метамерлі орналасу айқын байқалады.
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысынық түп жағына тіл орналасқан. Тілінін, формасы түрліше болады. Қейбір құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген. Екінші бір түрінде тілі саңырауқүлақ пішіндес болып, жіңішке сабақшаның ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне, алдыңғы үшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі бетінен, желім сияқты шырын
81
шығып тұрады. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануар-ларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды.
Тістері ұсақ біркелкі конус тәрізді, олардың ұштары ептеп артқа қарай иіліп тұрады. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ сүйектеріне, өре сүйегіне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сү-йегіне де орналасады. Кейбір түрлерінде, мысалы құрбақаларда жақ сүйектерінде тістері болмайды.
Қос мекенділердің ауыз-жұтқыншақ қуысындағы қоректік заттарының өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмекте-седі. Өйткені көз алмасын ауыз-жұтқыншақ қуысыман жұқа шырынды перде ғана бөліп тұрады және ол арнаулы ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде коректік заттарды ауыз-жұтқыншақтың ішіне қарай итереді.
Қысқа өңеш нашар бөлінген қарынмен жалғасады. Нағыз ішектері балықтардйң ішектерінен ұзынырақ болады. Он екі елі ішектің иініне ұйқы безі (рапсгеиs) жабысып жатады. Бауы-ры үлкен, оның өті болады. Өт түтігі он екі елі ішекке ашылады. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Ішектің екінші бөлімі аш ішектен айқын ажыратылмаған — тоқ ішек. Керісінше, үшінші бөлімі — тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет