С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет68/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Құстардың бас сүйегінің — құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құ-ралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек кұстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, тандай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан — қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы — жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан — бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты —буынды сүйектен және тері тектес — тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады (27-сурет).
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.
Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінін, рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: құстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен
145

27 — с у р е т. Жас көгершіннің бас сүйегі:
1 — негізгі шүйде; 2—бүйір шүйдесі; 3 — шүйде өскіні; 4 — қарақұс тесігі; 5 — үстіңгі шүйде; 6 — құлақ; 7 — негізгі сына; 8—алдыңғы сына; 9 — қанат-сына тәрізді; 10 — көз-сына; 11 — көз аралығының пердесі; 12 — орта иіс: 13 — төбе; 14 — маңдай 15 — мұрын; 16 — жас, 17 — жақаралық; 18 — жоғарғы жақ, 19— бет; 20 — шаршы бет; 21 — бұдыр бетті, 22 - шаршы; 23 — кеңсірік; 24 қанат тәрізді; 25 — бунақталған; 26 — тіс; 27 — бұрыш сүйектер.
болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен 'болады құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қо-лайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұ-қа және жіктері өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты жә-не жеңіл болады.
Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байла-нысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, кора-коидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптас-тырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатын-дай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді (28-сурет).
146

28 - с у р е т. Көгершінніц қаңқасы:
1 — мойын омыртқалар; 2 —көкірек (кеуде) омыртқалар; 3 — құйрық омыртқалар; 4 — құйыршық сүйек; 5—ілмек өскіні бар қабырғаның жоғарғы бөлімі; 6—қабырраның құрсақ бөлімі; 7 — төс; 8 — төс қыры; 9 — жауырын; 10— коракоид; 11 — бұғана; 12 — тоқпан жілік; 13 — кәрі жілік; 14 — шынтақ сүйек; 15 — алақан сүйек; 16 — I — саусақ; 17— II — саусақ; 18 — III — саусақ; 19— мықын сүйек; 20 — шонданай сүйек; 21 — шап сүйек; 22 — ортан жілік; 23 — асыкты жілік; 24 — сирақ: 25 — артқы аяғынық I —саусағы; 26 — артқы аяғының IV — саусағы;
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері “өзгермеген, керісінше нашар дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет