Зәр шырару органдары. Құстардың ұрықтарында мезоне-прос-дене (теsеперһгоs) бүйрегі болса, ересектерінде мет-анепрос-мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі (теtаперһгоs) болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашы-латын несеп түтігі шығады. Ересек кұстардың қуығы бол-майды; ал ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса, тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың жұрнақтары сақталады. Денесімен салыстыр-ғанда, кұстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты (31-сурет).
Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүт қоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Несебі зәр шығару системасы арқылы тез ағып өтеді. Ол не-сеп қышқылының нашар еритіндігінде. Өйткені нәтижесінде пайда болған несеп тұздары несеп жолдарын бітеп тастауы мүмкін. Бұл құстарда қуықтың болмауына әкеліп соғуы ықти-мал. Құстарда зәрмен бөлінген судың мөлшері аса көп бол-майды. Себебі, клоакадан зәрдің құрамындағы су сүзіліп организмге қайтады. Бұл жағдай құстарда тері арқылы судың буға айналмауына байланысты, құстардың суды азғана мөлшерде қабылдауына әкеліп соғады. Жыртқыш құстардың көпшілігі және кейбір торғай тәрізділер тіпті су ішпейді.
154
31 - с у р е т. Құстардын, жыныс органдары:
1 — аталық жыныс безі; 2, 3, 4 — буйрек бөлімдері; 5 — несеп түтігі; 6 — тұқым жолы; 7—аталық бездерініқ қапшықшасы; 8 — клоака; 9 — жетілген граафов көпіршігі; 10 — түрлі жетілу дәрежеінде жарылған граафов көпіршіктері, 11 — граафов көпіршіктеріндегі ақ жолақтар; 12 — жұмыртқа жолының абдоминальды тесікшесі; 13 — жұмыртқа жолының воронкасы; 14 — жұмыртқа жолы; 15 — жатын; 16 — қынап; 17 — жатынның шырынды қабатының ворсинкалары; 18 — шажырқай; 19 — жатын ішіндегі жұмыртка; 20 — жұмыртқа жолының члоакаға жалғасқан тесіп; 21 —ішек; 22—23 — несеп жолының тесігі.