С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет66/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда құстардың бүлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табура мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екшші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бүлардың ішінде көбірек көзге
143
түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып„ор-тан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұ- ратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қон- ранда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгілігі бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түсе де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйқтап отырған құстар құлап кетпейді.
Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақ-тарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтар-дың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық елің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бе-киді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлде-нең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақта-рымен бұтақты бүргенде, ,сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді құс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.
Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне бай-ланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқта-рының, иык, және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйек-терінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі — даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйек-терінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстар-дан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет