С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет74/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішін-дес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп түра-ды. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өз-гереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі ал-ғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген өсінді қосалқысы. (еріdіdутіs) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсай-ды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады (vаз dеfе-гепs) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді. Кейбір түрлерінде бұл түтіктер клоакаға құяр алдында аздап кеңейіп, тұқым қалтасы деп аталатын куысты құрайды.
155
Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Клоаканың жиегінің өсуінен пайда болған шағылыс органы қаз тәрізділер-де, тырналарда және түйе құстарда болады. Құтандарда, дегелектерде де, коқиқаздарда да және дуадахтарда шағылыс органының жұрнағы сақталады. Бұлар шағылыс-қанда еркегінің спермасы ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады
Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безі мен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да асим-метриялы болып орналасады. Оң жақ аналық безі кейбір ғана құстарда: күндізгі жыртқыштарда, үкілерде, гагарларда, тоты-ларда, тауық тұқымдастарында ғана болады. Әсіресе, тотыларда жақсырақ дамыған. Бұл құстарда оң жақ жыныс безі қаншама жақсы жетілсе де, олар әрқашанда қызмет атқара бермейді. Оң жақ жыныс бездерінде жұмыртқа жетілгенімен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады.
Ұрғашыларының оң жақ аналық безінің нашар дамуы құс-тардың қатты қабықты, өте ірі жұмыртқа тууына байланысты болуы мүмкін. Тұқым жолымен жұмыртқа өте баяу қозғалады, яғни 1—2 тәулікке созылады.
Аналық безініц (оvагіа) басқа органдар сияқты белгілі дү-рыс пішіні болмайды. Жұмыртқа жолының (tиЬае иtегіпае) бір ұшы клоакаға келіп ашылды да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа, дене қуы-сынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады. Нағыз жұмыртқа жолы бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімі (рагз аІЬumіпіfега)—ең ұзыны, ішкі қабырғасында белокты заттар шығаратын бездері болады, осы бөлімінде тауықтардың жұмыртқалары 3—6 сағат болады және -оның сырты қалың белокты қабатпен қапталады. Екінші жіңішке бөлімінде — жұмыртқа екі пергамент тәрізді белокты қабатпен скорлупа астындағы қабықпен қапталады. Үшінші бөлімі— кеңірек жұқа қабатты — жатын деп аталады. Мұның ішінде бездері көп болады. Ол бездердің шығарған заттарынан жұмыртқаның сырты известі, катты қабықпен қапталады да онда пигментті заттар болады. Жұмыртқаның түсі сол пигментке байланысты болады. Жатын ішінде жұмыртқа 12—20 сағат болады. Жұмыртқа жолының соңғы бөлімін — қынап деп атайды. Бұл бөлімнің бүлшық еттері жақсы жетілген. Осы бұлшық еттерінің жиырылу салдарынан жұмыртқа клоака арқылы сыртқа шығады. Тұқым жолымен жұмыртқаның қозғалу мерзімі тауықтарда бір тәулік болса, көгершіндерде 41 сағатқа дейін созылады.
Жұмыртқа. Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып са-налады. Әдетте нағыз жүмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша бөлімдері (мысалы белок) жүмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда болған қабаттары деуге болады (32-сурет).
156

32 - с у р е т. Жетілген тауық жұмырткасыньщ жарғандағы көрінісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет