С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


Артқы аяқтар және оның белдеуі



бет69/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   129
Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тә-
147
різді болады. Олар шонданай сүйегінін сырт жағына орналас-қан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, од және сол жамбас сү-йектерінін, құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қаптал-ған ірі жұмыртқа тууына байланысты болған.
Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі — асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі — сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы ке-ліп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетіл-ген сүйек — табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бір-қатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.
Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін кұстар-дың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұс-тауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұм-сығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қа-былдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы тө-мен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін қүстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсық-ты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астың-ғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері “қалтасы” бо-лады.
Құстардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі кысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі — өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Сілекей бездері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бездері жоқтың қасында (мысалы, ешкі-емерде). Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шықкан сілекейінен ұя жасайды. Оны жұрт “қарлығаштың ұясы” деп дұрыс атамайды. Жыртқыш кұстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептел-мей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады (29-сүрет).
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т. б.) өңе-шінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қоры-тылатын (қуыс) кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды.
148

29 - с у р е т. Көгершіннің ішкі органдарыньщ орналасуы:
1 — жүрек- 2—жемсау; 3 — аталық ұрық безі; 4 — етті қарын; 5— бауыр- 6 — өкпе; 7 — бронхылар; 8 — он екі елі ішек; 9 — клоака тесіп; 10— жүректіқ сол қарыншасы; 11 - жүректің оң қарыншасы; 12 - сол жүрекше- 13-оң жүрекше; 14-кеңірдек; 15-бұғана асты артерия; и — сол. жақ ұйқы артериясы; 17 — сол бұғана астындағы вена; 18 — аш ішек; 19— сол шықшыт венасы; 20-тұйық өсінділер; 21- бүйректер; 22-зәр жолы; 23-тұқым жолы; 24-өңеш; 25-безді қарын; 25-ұйқы безі.
Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан “сүт” деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды корытатын ас коры-
149
ту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден — етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден — құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады. Мысалы, насеком жемді және жыртқыш құстардың ет қарыны нашар дамыған. Дәнмен қоректенетін құстарда ол жақсы жетілген. Өсімдіктердің ірі, жас бөліктерімен қоректенетін тауық тұқымдас кұстардың қарыны басқалармен салыстыр-ғанда соншалықты жақсы дамыған. Құстардың аш ішегі едәуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-бірінен ажырату қиын. Көпшілік құстардың аш және тоқ ішектерінің артқы бөлімінің ұштасқан жерінде, екі кішкене тұйық өсінді болады, оны фабрициев қалтасы деп атайды. Бұл өсінділердің атқаратын жұмыстары әлі толық анықталмаған, ал кейбір мәліметтерге қарағанда, гормон шығаратын ішкі секреция бездерінің қызметін атқаруы мүмкін. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қалтаның көлемі кішірейе түседі.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен кұралады. Өт көпшілік кұстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.
Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшелік-терін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын бо-лады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы —ішегінің қысқа, қар-нының екіге бөлінуіне әкеліп сокқан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімде-лу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі коректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет