Құстар тіршілігінің жыл маусымдық циклы және ұшып кетуі. Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты. Биологиялық ритмі — тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық қүбылыс басымырақ болады. Мысалы, шағылы-су, жұмыртқа басу, түлеу т. б.
Құстардың жылдық биологиялық циклінің негізгілері мы-налар:
Көбеюге дайындық— құстардың тіршілік жардайларының күрделі жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын, туа пайда болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда “сигналдық” (И. П. Павловтың айтуынша) сипатта болады. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығыньщ заңды өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері, әтештерінің болуы және олардың мінез-құлқындағы өзгерістер (“күй ойнақ”), ұя салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т. б. факторлар.
Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв система-
сының әрекеті шешуші роль атқарады. И. П. Павлов оны; “фи-
зиологияның үлкен бөлімі — нерв системасы, негізінен орга-
низмнің жеке органымен емес бүтін организммен ортаның арасындағы қарым-қатынасын қалыптастырады” деп жазған болатын. Көбеюге дайындық жасау, жұп құрау, ұя салу үшін белгілі территорияға ие болудан басталады. Бұл дайын-дық мерзімінің ұзақтығы түрлі құстарда түрліше болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі ұя салмаған уақытта бірнешеуі бірігіп,топтанып жүреді де, көбею алдында, көктемде жұп құрайды.Бұл жағдайда ұялайтын жеріне алғаш әтештері ғана ие болады да, оған кейлн мекиендері қосылады. Қаз тәрізді-лер мен жыртқыш құстар қыс ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ түрінде келеді. Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені бірге ие болып, балапан-дары ұшқанша жұбын жазбайды. Мұндай жағдайды қаз тәрізділерде де кездестіруге болады.
Балапан шығару кезеңі — құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа салу, жұмыртқа басу және балапандарын
199
қоректендіру сияқты бірінен сон, бірі келіп отыратын өте ма-ңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құс-тар ұясының маңында болады, тек қана балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.
Құстардың түлеу кезеңі — түрлі кұстарда түрліше болады. Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын жұмыртқадан тек қана мекиендері, немесе көпшілік жағдайда мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар құстар біртіндеп ұзақ уақыт түлейді, ол кезде олардын, активтігі аздап та болса да бәсеңдейді. Мекен еткен жерін өзгертпей, тасалау жерді тауып, сол жерде болады. Оған торғай тәрізділер мысал болады. Ал тауық тәрізділердің түлеуі өте тез орындалады, сондықтан олар түлеу кезінде таса жерде жасырынып тіршілік етеді. Қаз тәрізділердің де түлеуі өте тез орындалғандықтан, олар уақытша үшу қабілетін жояды, соған сәйкес су жағасының меңіреу түкпірлеріне ауысады.
Құстардың түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстардың қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынады. Құстар түлеу кезінде өте арықтап ке-
теді.