Үй құстары. Үй қүстарыл өсіру ауыл шаруашылығын өркендетудің үлкен саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар ((Gаllиs gаllиs), үйректер (Апаs рlаtугһупсһа), қаздар (Апsег
208 апsег), аз да болса күрке тауықтар, цесаркалар өсіріледі. Көгершіндердің де шаруашылықта өзіндік маңызы бар.
Үй тауыктарының барлық тұқымдарының арғы тегі, Индия-да және Индо-Малай архипелагасында кездесетін — банкив тауығы (Gаllиs gallиs). Тауықтарды қолға үйрету бұдан бір-неше мың жыл бұрын Индияда басталған. Европаға тауықты біздің жыл санауымыздан бірнеше жүз жыл бұрын алып келген. Күрне тауықты да Мексикалық үнділіктер біздің эрамыздан бұрын қолға үйреткен. Оның тегі Солтүстік Американың оңтүстігіндегі ормандарға тараған жабайы күрке тауық (Меlеаgгіs gаllораvо) болған.
Асыранды үйректер солтүстік жарты шардағы таралған үй-ріектердің жабайы түрінен — барылдауық үйректен (Апаs рlаtугһупсһа) шыққан. Оны әрбір халық өз бетінше қолға үйретіп, үй құсына айналдырған. Үй үйректері Европада 1 ғасырдың басында белгілі болған. Үй қаздары жабайы сұр қаз (Апsег апsег) бен құрғақ тұмсық қаздан (Суgпорsіs суgпорsіs) шыққан. Сұр қаз Европа мен Сибирьде кеңінен тараған, ал құрғақ тұмсық қаз Сибирьдің оңтүстігінде және ішкі Азияда тараған. Құрғақ тұмсық қаздан қытайдың үй қаздары шыққан.
Көгершіндердің осы кездегі сан түрлі тұқымдары жабайы кө-гершіндерден (СоІиmЬа Ііvіа) шығарылған. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта; әсемдік, почташы, еті үшін өсіріледі. Әсемдік үшін өсірілетін көгершіндердің түсі ала, әсем көрсетіп тұратын қауырсынмен жабылған ерекше дене пішіні болады. Бұған дұтыштар немесе алтын көгершіндер, трубачтар, үнді және тоты тәрізді көгершіндер жатады.
Етті тұқымдасқа кинг, исполинск көгершіндері жатады. Бұ-лар ірі, салмағы 600—900 г болатын көгершіндер. Жақсы тұ-қымы жылына 14—16 балапан өсіреді. Олардың салмағы жарты жылда 500—700 грамға жетеді.
Почта көгершіндері негізгі екі топқа бөлінеді — шығыс және Белгия тұқымдары. Бұлар “ауа почтасын” тасу жөнінде өсіріледі. Шығыс көгершіні ауада ұшқанда жерді өте жақсы бағдарлайды, бірақ денесі ауыр болғандықтан онша ұзаққа ұша алмайды. Белгия көгершіні — жеңіл тұқымдармен шағылыстыру арқылы алынған. Жерді жақсы бағдарлайды және “ұмытпайды”, сонымен бірге алыс жерлерге ұша алады. Осы кездегі жақсы почташы көгершіндер орта есеппен сағатына 60—70 км жылдамдықта 350—1000 км жерге қонбай, дем алмай-ақ ұшып барады. “Көгершін почтасы” - үясынан қашық жерден жіберілген көгершіннің өз ұясына қайтып келе алатын қасиетіне негізделген.
209
6-класс. СҮТ ҚОРЕКТІЛЕР (МАММАLIА) Сүт қоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғар- ғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың прогрессивт белгілері: . '
1. Бұларда орталық нерв системасы жоғары дамыған. Оның ішінде жоғарғы нерв әрекетінің орталығы — үлкен ми жарт шарларының сұр қыртысы көңіл аударады. Осыған байланыс-ты сүт қоректілердін, орта жағдайына бейімделуі өте күрделі, әріжақсы жетілген.
2. Сүт қоректілер тірі туады. Баласын аналық организмнің продуктысы — сүтімен қоректендіреді. Бұл сүт қоректілердің әр түрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді.
3. Жылу реттелуі қабілетінің жоғары дамуы, аздап та болса дене температурасының тұрақтылығына байланысты икем-делген.
Денесін қаптап тұрған түктері салқыннан қорғаса, ал дене-сіндегі тері астындағы май қабаты жылудың реттелуіне себепш болады.
Осындай ерекшеліктер әр түрлі жағдайларға қарамастан ке-ңінен таралуына мүмкіндік береді. Антарктикалық материктен басқа географиялық жер бөліктеріне түгелдей тараған. Олар жер бетінде, ауада, жартылай суда, жердің астыңғы қабатын-да тіршілік етеді. Қазір сүт қоректілердің 4000-ға жуық түрі белгілі.
Сүт қоректілердің морфологиялық ерекшеліктері, денесі жүнмен жабылған. Терісінде бездері көп, әсіресе жақсы жетілген сүт безін атап өтуге болады. Бас сүйегі омыртқа жотасымен екі бұдыр ескіншектер арқылы бекиді. Төменгі жағы тек қана тіс сүйегінен тұрады. Шаршы сүйек пен бай-ланыс сүйегі ортаңғы құлақ қуысында орналасқан есіту сүйегіне айналған. Тісі күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жіктелген, олар альвеолдарға бекіген. Жүрегі төрт камералы, бір ғана сол-жақ қолқа доғасы сақталған. Қызыл кан түйіршік-терінде ядро болмайды.
СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ