Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру. Табиғи жағдайда балықтардьщ ұрықтануы сперматазоидтарынын уылдырық-пен, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуымен аяқталады. Сондықтан да, уылдырықтарды қолдан ұрықтандырғанда, әрбір жыныс клеткаларынық өз ара қосылуын қамтамасыз ету қажет болады.
Алғашқы кезде, табиғи жағдайға сәйкестендіру мақсатында балықтардан алынған уылдырықтардың үстіне су, одан кейін еркегшің “ақ сүтін” құйып, 1—2 минут араластырған. Бұл әдіс-ті — балықтарды ұрықтандырудың дымқыл эдісі деп атаған. Мұндай әдіспен ұрықтандырғанда көпшілігінен шабақтар шық-пай, өліп қалатын болған.
Осы жағдайды ескере отырып В. Н. Врасский уылдырықты қолдан ұрықтандырудың басқа тәсілін ұсынған. Врасский кері-сінше алынған уылдырықтарға, еркек балықтардың “ақ сүтін” құйып, әбден араластырып, содан кейін су құйған. 2—3 минут-тан кейін бұл сұйықтықты қайтадан құйып алады да уылдырықтарды жуады. Мұндай әдісті уылдырықты ұрықтандырудың “құрғақ” әдісі деп атайды.
Құрғақ әдістің тиімділігі уылдырықтарды құрғак, күйінде спермалық сұйықпен араластырғанда, уылдырық пен сперма бір-бірімен араласады; ал одан кейін су қүйғанда, спермато-зоидтар активтенеді де уылдырықтармен қосылуы тездейді, ал уылдырықтарды алдымен суға араластырып (дымқыл әдіс бойынша), одан кейін спермаларды құйғанда су уылдырықтарды ісіндіреді де спермалармен қосылуын нашарлатады. Сондықтан, кейбір уылдырықтар ұрықтанбай қалады. В. Н. Врасскийдіц ашқан “құрғақ” әдісі біздің елімізде де, шет елдерде де кеңінен қолданылып келеді.
72
БӨГЕУДЕ БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Балық өсіретін бөгеулер су жылылығына қарай екі түрге бө-лінеді.
1. Жылы сулы бөгеу — жазда су температурасы 20° және одан да жоғары болады. Бұл бөгеулерге жауын, қар және өзендерден су құйылады.
2. Салқын сулы бөгеу — жаздағы орта температурасы 20 градустан төмен болады. Бұған бұлақтардан су үздіксіз құйы-лып түрады.
Жылы сулы бөгеттерде ортаға сәйкес бейімделген қабыршақты, шала қабыршақты карптардың өнімді түрлерін өсіруге болады.
Қабыршақты карптардың денесі теп-тегіс қабыршақпен қап-талып тұрады, сырт қарағанда жабайы сазаннан айыру қиын. Шала қабыршақтылардың денесінің арқа, бүйір және құрсақ бөлімінде қабыршақ жол-жол болып, бүкіл дене бойына созыла орналасады. Дене қабыршақтарының аралығындағы жолақтарда қабыршақтар болмайды. Сондықтан да, дымқыл жерде тұрып бояуының ажары кеткен айна сияқты болғандықтан “айналы карптар” деп аталады. Мәдени карптардың үшінші түрін “жалаңаш карптар” деп атайды. Оның денесінің сыртында қабыршақтар болмайды. Бірен-саран қабыршақтар қанаттарының, желбезегінің маңайында ғана сақталған.
Жақсы қолайлы жағдайда карптардың салмағы бірінші жаз-да 400 г-ға жетеді. Екінші жазда 1500 г-ға дейін өседі. Соңғы кездерде, бұдан да гөрі жоғарылатып жүрген шаруашылықтар аз емес. Амур сазаны карптарға қарағанда көбірек продукты беретіні, судың қысымына карптарға қарағанда шыдамды бо-латыны тәжірибеде дәлелденген, сондықтан да Амур сазанын бөгеулерде өсіру соңғы кезде кең өріс алып келеді.
Бөгеулерде өсіруге жоғарыда айтылған балықтардан басқа да балықтарды жерсіндіруге болады, мысалы қарабалық, алтын қоқын (Lеисіsсиs) немесе орфа т. б.
Суы салқын (10—15°) және өнебойы жаңарып тұратын бөгеулерде лосось туысына жататын еті дәмді кумжа (Sаlmо tгиttа^ балықтары жақсы өседі.
Балықтардың өнімділігін жақсарту үшін, су қоймаларын мә--дени түрде күту керек. Су қоймасының түбінің топырағын таза-лап, өңдегіштермен тегістеп, бұзылудан қорғау ретінде және балықтардың жауын құрту үшін оның түбін мұздатып қатырып алу керек. Бұл шараларды суын ағызып жіберіп қайтадан су құйып тұруға мүмкіндігі бар су қоймаларында орындау қиын емес.
Бұл шараларды орындау үшін ішіндегі барлық балықтарың шығарып алып, ондағы шортан және алабұға сияқты жыртқыш" балықтардан тазартуға болады. Сол сияқты балықтардың қо-
73
репне ортақ болатын, кәсіптік маңызы жоқ ұсақ балықтардан да верховкалар, аққайран, таутан т. б. су қоймасын тазарту керек. Бөгет суын ағызып төккенде сумен бірге түбін тұнып қалған саздарды да ағызып, су қоймасының түбін батпақтан арылту қажетті шаралардың бірі болып саналады.
Карптарды өсіретін бөгеу шаруашылығының көбірек тара-ған екі системасы бар: 1. Балықтар питомнигі — балық шабағының тұқымдық түрін өсіріп, колхоз және басқа мекемелерге жас шабақтарды өсіріп беруге мүмкіндік беретін питомник. 2. Толық системалы бөгеу шаруашылығы (рыбхоз) — мұнда ұстап,, тамаққа пайдалануға жарамды балықтар өсіріледі. Бұл шаруашылықта тұқымдық балықтардың артығын басқа балық өсіретін мекемелерге беріп отырады.
Балықтар питомнигінде мына бөгеулер болады: 1. Жыныс жағынан жетілген еркек, ұрғашыларын ұстап, көбейтетін және шабақтарын алғашқы 10—15 күнде ұстайтын бөгеу.
2. Шабақтарды бір айға дейін өсіретін бөгеу.
3. Бір айға толған шабақтарды күзге дейін сақтайтын бөгеу (күзде бұл шабақтарды — сеголетка деп атайды).
4. Жазда тұқым беретін ересектерін ұстайтын бөгеу.
5. Ауру балықтарды, немесе басқа сулардан әкелінген ба-лықтарды уақытша сақтайтын бөгеулер, яғни изолятор.
6. Қыстық бөгеуі. Бұл балықтардың қыстап шығуы үшін пай-даланылады.
Толық системалы балық шаруашылығында жоғарыда көрсе-тілген бөгеулерге қосымша балықтардың жайылып, семіретін бөгеуі де енеді.