С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері



бет30/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері. Балықтар өскен сайын басқа организмдер сияқты екі түрлі өзгеріс байқалады: біріншіден, пішіні өзгерсе, екіншіден, көлемі мен салмағы да артады. Әдетте бұл екі өзгеріс бір-бірімен тығыз байланысга, бірлестікте (бірлікте) болады.
Бұл заддылықтан тыс ерекшеліктердің де байқалуы мүмкін. Мысалы, угрлардың личинкалары жас угрларға айналғанда дене пішіні өзгеріп, көлемі өспейді, салмағы кемиді. Балықтардың өсуі қоректенуіне т. б. байланысты. Жазда тамақтық заттар жеткілікті болғандықтан, балықтар үстеп қоректенеді де тез өседі, ал қыста тамақ аз, пассив коректенуіне байланысты өсуі баяулайды. Өсудің қалыпты болмауы бірсыпыра сүйектері мен қабыршағында шеңбер, сақина тәрізді ізін қалдырады. Жазда дұрыс қоректеніп, қалыпты өскенде пайда болатын сақиналар жалпақ, ал қыста пайда болған сақиналар керісінше жіңішке
67
болады. Сөйгіп, балықтардың кабыршақтары, скелеттерінің кейбір бөліктеріне қарап жасын ажыратуға болады. М: лосось, майшабақ, тұқы тәрізділердің қабыршағына қарап жасын ажы-ратуға болады.
Балықтардың жасын білудің үлкен теориялық және балық шаруашылығының негізгі проблемаларын шешуде практикалық маңызы зор. Балықтардың жасына анализ жасау балық аулауда артық немесе кем ауланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Жас балықтардың сыбағалы салмағының артып, ересек балықтардың салмағы аз болуы артық ауланғанын аңғартады да, керісінше ересек балықтардың проценттік құрамы артық болуы, әлі де болса балық қорын толық пайдалана алмай отырғанын көрсетеді. Мысалы, егер аулаған кезде қаракөздің (Rutilиs гиtіІиs саsріиs) 7—8 жастағысы ауға түссе, толық ауланбағаны (ол үш жаста жыныстық жетіледі), ал бекіретц (Асірепsег guldепstаdtі) 7—8 жасары түссе артық ауланғаны (бекіре 8—10 жаста толық жетіледі) (Никольский, 1944).
БАЛЫҚТАРДЫҢ КӘСІПТІК МАҢЫЗЫ
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан та-мақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн, тыңайтқыштық түктер де өндірі-леді. Біздің елімізде халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда арттыратыны күмәнсіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет