Коммерциялық сатып алу (231-бап)
Қылмыстық кодекстің 231-бабының бірінші бөлігінде «коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесіне пайдалануы үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету-коммерциялық сатып алу (пара беру деп белгіленген. Коммерциялық сатып алу қылмысының затына ақша бағалы қағаз, басқа мүлік, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызметтер жатады. Объективтік жағынан сатып алу (пара беру)-коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқар-атын адамға ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесіне пайдалану үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету арқылы сипатталады» Осыған орай коммер-циялық сатып алу құрамы болу үшін: біріншіден қылмыстың заты материалдық игіліктер (ақша, бағалы қағаз, басқа мүлік), сондай-ақ мүліктік сипаттағы басқадай қызмет көрсетулер (пәтерін, үйін, көлігін, саяжайын, автотұрағын, тағы басқа мүлкін тегін жалға беру, банктерде оның атына есепшот ашу, т.б.) нақты орын алуы керек; екіншіден осы көрсетілген қылмыс заттары коммер-циялық және өзге де ұйымдардың басқару қызметін атқаратын өзінің қызмет бабын пайдалана отырып осы заттарды берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауы үшін алынуы қажет; төртіншіден осы заттарды беруші мен осындай заңсыз сыйақыны алушының әрекеттері өзара келісілген, белгілі бір нәтижеге жету үшін жүзеге асырылуы керек. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс заңсыз сыйақының бір бөлігін берген уақыттан бастап-ақ аяқталған деп саналады. Қылмысты аяқталған деп тану үшін заңсыз сыйақы алған субъектінің оның пайдасына белгілі бір әрекетті әрекетсіздікті істеуі шарт емес. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен жасалады. Кінәлы адам коммерция-лық және өзге де ұйымның лауазымды адамын сатып алу арқылы өзінің пайдасына белгілі бір әрекетті (әрекетсіздікті) істететінін сезеді және жүзеге асыруды тілейді.Қылмыстың субъектісі-кез келген есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам.Объективтік жағынан коммерциялық сатылу (пара алу) құрамы бірнеше балама әрекеттерден құралады: коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаз, басқа мүлік алуы; кінәлының өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесіне пайдалану үшін мүліктік сипатта көрсетілген қызметті пайдалану. Қылмыс коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын адамның заңсыз сыйақыны немесе қызмет көрсетудің бір бөлігін қабылдаған сәттен бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |