С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы (230-бап)



бет104/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   231
Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы (230-бап)

Жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса ҚК 230-бабында көрсетілген қылмыс құрамына жатады.


Қылмыстың тікелей объектісі-жекеше күзет қызметшілерінің өз функцияларын заңға сыйымды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың қосымша тікелей объектісі-жекелеген азаматтардың денсаулығы, қауіпсіздігі және олардың жеке басының басқа да мүдделері болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қарамастан, күш қолданып немесе оны қолданамын деп асыра пайдалануы арқылы сипатталады. Жекеше күзет қызметі қызметшілерінің міндеті- меншік иелерінің мүлкін, азаматтардың өмірін, денсаулығын қорғау, өздері мен шарт жасаған заңды тұлғалардың мүдделерін, заңды құқықтарын құқыққа қайшы басқа да әрекеттерден қорғау болып табылады. Жеке күзет қызметі қызметшілерінің әрекеті заңға сәйкес жүзеге асырылуы қажет және мұндай қызметпен шұғылдану үшін ішкі істер министрлігінің тиісті органы оларға арнаулы лицензия береді. Заң бойынша жекеше күзет қызметі қызметкерлері күш қолдануға құқылы емес. Күш қолдану немесе арнаулы құралдар мен қару жарақтарды пайдалану заңда көзделген жалпы негіздер қажетті қорғау, қылмыскерді ұстау т.б. орын алғанда ғана жүзеге асырылады. Жеке күзет қызметі лицензияға сәйкес жүзеге асырылады. Күш қолдануға басқа адамға жеңіл, орта дене жарақатын салу, оны негіздеу, ұстау, оның еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру әрекеттері жатады. Күш қолданамын деп қорқытуға өлтіремін, ауыр дене жарақатын түсіремін, я болмаса басқа да қауіпті әрекеттер істеймін деген қорқытулар жатады. Бұл жерде жәбірленушінің пайымдауынша нақты іске асылатын қорқытулар ғана еске алынады. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жеке күзет қызметі қызметшілерінің өз өкілеттіктерін күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасап, асыра пайдаланған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Қылмыстың субъектісі-арнаулы. Олар жекеше күзет қызметі басшысы немесе қызметшілері. Ауыр зардапқа адамның өлуі, ауыр дене жарақатын алуы, көп адамның дене жарақатын алуы жатады. Бұл жерде кінә нысаны орын алған зардап жөнінде абайсыздық болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет