С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Міндеттеріне адал қарамау (232-бап)



бет106/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   231
Міндеттеріне адал қарамау (232-бап)

Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-міндеттеріне адал қарамау деп танылып, жауапқа тартылады.Қылмыстың тікелей объектісі-коммерциялық немесе өзге ұйымның бірқалыпты басқару қызметтерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан міндеттеріне адал қарамау мына белгілер арқылы сипатталады.


1)басқару қызметтерін атқарушы адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы;
2)бұл әрекетсіздік адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

  1. өз міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы әрекетсіздігі мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы. Заң міндеттеріне адал қарамаудың екі бірдей нысанын көрсетіп отыр:

1) өз міндеттерін атқармауы;
2) өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқармауы.
Өз міндеттерін атқармау деп коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқаратын адамның заңмен, жарғымен өзіне жүктелген басқару қызметі функциясын мүлдем атқармауы болып табылады. Міндеттеріне адал қарамау қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі-қылмыстың зардабы. Заңда ол адам өлімі немесе өзге де ауыр зардаптар деп көрсетілген. Өзге де ауыр зардаптарға-жәбірленушіге ауыр дене жарақаттың келтірілуі, коммерциялық немесе өзге ұйымның ірі материалдық шығынға ұшырауы, банкрот болуы немесе ірі көлемдегі айып төлеуі және т.б. Кінәлы адамның міндеттеріне адал қарамауы әрекетсіздігі мен одан туындайтын зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет. Себепті байланыстың болмауы қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана кінәнің абайсыздық нысанында жасалады. Заңның өзінде басқару қызметін атқаратын адамның қызметіне адал қарамауы немесе енжар қарауы салдарынан өз міндетін адал атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауы деп тура көрсетіліп отыр. Мұның өзі абайсыздықтан міндеттеріне адал қарамау әрекетінен, сондай-ақ одан туындайтын зардап жөнінде де орын алатынын көрсетеді. Қылмыстың субъектісі арнаулы-коммерциялық немесе өзге ұйымды басқару қызметін атқарушы адамдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет