С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім



бет32/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Зорлау (120-бап)

Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі әйелдің денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек қана әйел жынысты адамдар болады. Объективтік жағынан алғанда зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау арқылы көрініс табады.


Зорлау дегеніміз еркектің әйелдің еркінен тыс, оның келісімінсіз табиғи түрде жыныстық қатынас жасауы болып табылады. Бұдан басқа күш қолданылып жасалатын жыныстық актілер нәпсіқұмарлық сипаттағы басқадай іс-әрекеттерге жатады (мысалы, табиғи емес түрде жыныс қатынасын жасау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің зорлықпен жасалатын жыныстық қатынастары т.с.с).Зорлауды жүзеге асырудың тәсілдері заңда (120-бап) атап көрсетілген. Олар: 1) жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану;
2) немесе оны қолданбақшы болып қорқыту;
3)жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп тура көрсетілген.Күш қолдануға жәбірленушінің қарсылығын басу үшін оны ұрып-соғу, жарақаттау, басқа да тәнін ауыртатын жарақаттап келтіру, қол-аяғын байлау, тұрғын жайға қамап ерекше ұстау, көмек, шақыруға мүмкіндік бермеу әрекеттері жатады. Күш қолданбақшы болып қорқытуға кінәлының жәбірленушіні, оның балаларын немесе жақын туыстарын, өзге де оған жақын деген адамдарды ұрып-соғып, сабайтынын, азаптайтынын немесе басқадай зорлық әрекеттерін жасайтынын білдіретін әрекеттері жатады. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануға оның дене бітімі немесе психикалық жай-күйіне байланысты (өте жастығына, кемтарлығына, есінің кіресілі-шығасылы болуына, басқадай ауыр науқастығы немесе ессіз күйге келуі салдарынан) өзіне қарсы істеліп жатқан әрекеттердің сипаты мен мәнін түсінбеушіліктен немесе оны түсінгенімен жәбірленушінің оған қарсылық көрсетуге мастығынан немесе басқадай негіздер бойынша шамасы келмеген жағдайлары жатады. Зорлау құрамы болу үшін кінәлы адам заңда көрсетілген тәсілдердің бірін қолдана отырып, жәбірленушімен физиологиялық жағдайда жыныстық қатынаста болуы қажет. Яғни көрсетілген қылмыс жыныстық актіні бастаған уақыттан, яғни кінәлының өз жыныс мүшесін жәбірленушінің жыныс органына енгізген сәттен бастап аяқталған деп танылады.Қолданылып жүрген қылмыс заңы алдау арқылы жыныс қатынасын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілемейді. Сондықтан да әйелді алдап, яғни оған үйленемін деп сеніміне қиянат жасау жолымен жыныс қатынасын жасауда әйелді зорлау қылмысының құрамы жоқ. Ал күш жұмсау арқылы жәбірленушімен жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ кінәлыға байланыссыз себептермен орындалмай қалған қасақана әрекет зорлауға оқталу деп саналады. Зорлауға оқталуды басқа қылмыстардан ажыратқанда кінәлы жәбірленушімен жыныс қатынасын оның еркінен тыс жасауды мақсат қылғанын және қолданылған күш осы мақсатқа жету үшін жұмсалғанын анықтау керек. Бұл жағдайлар анықталмаса, онда кінәлының әрекетінде зорлауға оқталғандық үшін қылмыс құрамы жоқ. Жәбірленушіні жыныс қатынасын жасауға көндіруге бағытталған дәмелену, жалыну, сондай-ақ алдау сияқты әрекеттерді зорлау немесе оған оқталу деп саралауға болмайды. Зорлаудан өз еркімен бас тартуға дейінгі жасалған қоғамға қауіпті әрекеттер (соққыға жығу, денеге жарақат салу, киімді жырту ж.т.б.) нақты жағдайларға қарай денеге қасақана жарақат салу, қасақана мүлікті жою және басқа жауаптылықты белгілейтін Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.Жыныс қатынасын жасауға физиологиялық жағынан қабілеті жоқ адамның жыныстық қатынастар жасау әрекеттері нақтылы жағдайларға байланысты бұзақылық, қорлау немесе өзгедей жауаптылықты көздейтін қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін. Мұндай әрекеттер зорлауға оқталғандық деп танылмайды.
Субъективтік жағынан зорлау тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлы адам жәбірленушімен оның еркінен тысқары жағдайда заңда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныс қатынасын жасайтынын біледі, сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Зорлаудың субъектісі болып 14-ке толған ер адам ғана болады. Әйелдер осы қылмыстың ұйымдастырушысы, айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін. Егер кінәлы адамның зорлағаны немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасағаны үшін бұрын сотталғандығы жойылса немесе ол адам жаман атақтан арылса, онда ол осы қылмысты бірнеше рет жасаған деп танылмайды. Кінәлы адам шамалы уақыт ішінде бір ниетпен жәбірленушімен бірнеше рет жыныс қатынасын жасаса, онда оның осы әрекетінде зорлаудың бірнеше мәрте жасалған құрамы бар. Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған зорлауда кінәлының екі нысаны орын алады. Зорлап жыныс қатынасын жасауды кінәлы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады, ал одан болатын зардап-жәбірленушінің өлуіне абайсыздықпен жол береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет