С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру (128-бап)



бет30/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Адамдарды пайдалану үшін азғырып көндіру (128-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың бостандығы мен еркі қосымша тікелей объект-жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі.


Қылмыс объективтік жағынан адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану үшін азғырып-көндіру әрекеттері арқылы сараланады. Қылмыстың өзі әрекет арқылы алдау тәсілін қолданып жүзеге асырылады. Алдау (жұмыс беру, қызмет көрсету, оқу-өндірістік істерді ұйымдастыру) арқылы адамдарды жиып алып, оларды нәпсіқұмарлық әрекеттермен айналысуға немесе өзгедей) жезөкшелік, притон ұйымдастыруға т.с.с.) пайдалану үшін азғырып көндірумен ұштасады. Азғырып көндіруге алдау жолымен жиналған адамдарға нәпсіқұмарлықтың артықшылығын, пайдасын құлағына сіңіретін әртүрлі айла-шарғылар жасау жатады. Қылмыс құрамы формальдық, ол адамдарға алдау әрекетін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатымен істеледі.Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам, лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдаланып істеген мұндай әрекеттері қызмет бабын теріс пайдаланғандық деп танылады (307-бап).
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты жасалған әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрі (ҚК-тің 128-бабының 2-тармағы).
Жеке адамның ар-намысына және
адамгершілігіне қарсы қылмыстар.
Жала жабу (129-бап)

Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату-деп көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі. Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер. Қылмыстың жәбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады. Объективтік жағынан қылмыс белсенді әрекет арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарту деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға, бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын немесе баспасөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Мұндай мәліметтер: біріншіден, шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек. Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам адамның ар-намысына және қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді және соны істеуді тілейді. Шын мәнінде жанылысып айтқан мұндай мәліметтер үшін Қылмыстық жауаптылық туындамайды. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық т.с.с.


Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (129-баптың 2-тармағы). «Көпшілік» деген термин-қоғамдық орындарда, көп адамның ортасында, бөтеннің арасында осындай мәліметтерді тарту дегенді білдіреді. Көпшілікке тартылатын шығармаға-кітаптар, фильмдер, плакаттар, картиналар, фотоальбомдар жатады. Бұқаралық ақпарат құралдарына-газет, журнал, радио, теледидар, бейнекассеталар арқылы жалған мәліметтерді таратулар жатады. Жала жабу әрекетін саралағанда кінәлының пиғылының адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы бағытталғанын анықтаудың маңызы зор. Егер кінәлы адам жалған мәліметтерді жәбірленушіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатын көздеп таратса, онда оның әрекеті жала жабу емес, көрінеу жалған сөз жеткізуге (351-бап) жатады. Көрінеу жалған сөз жеткізуде қылмыс жасады деген мәліметтер әдетте қылмыстық іс қозғайтын органдарға хабарланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет