Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап)
Қылмыстық кодекстің 203-бабында бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-бағалы қағаздар ұстауға құқық беретін құжат. Қылмыс объективтік жағынан-әрекет арқылы бағалы зағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәлімет енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың істелу тәсілі-көрінеу жалған мәліметті осындай тізімге енгізу арқылы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеліп соғатын әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, есі дұрыс адам. Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап) «Мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін» жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі-бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды ретке келтіретін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-бағалы қағаздар. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы белсенді әрекет күйінде-бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру арқылы істеледі деп сипатталған. Осыған орай қылмыстың объективтік жағы-қылмыс істеу тәсілін көрінеу жалған мәліметтер беру арқылы яғни көз бояушылықпен жүзеге асырылатыны заңда көрсетілген. Яғни бұл жерде осы мәселеге байланысты операцияларға жалған мәліметтер ауызша немесе жазбаша енгізіліп, алдау амалдары қолданылады. Қылмыс құрамы материалдық іс-әрекеттен ірі зиян келтірілуі қажет.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс, өзіне бағалы қағаздармен операциялар жүргізу міндеттері жүктелген адам.
Достарыңызбен бөлісу: |