Экономикалық контрабанда (209-бап)
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу экономикалық контрабандының түсінігін береді. Экономикалық контрабандының тікелей объектісі кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен заттарды реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты- 250-бапта көрсетілгендерден басқа тауарлар мен өзге заттар болып табылады. Осы тауарлар мен өзге заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде кедендік шекарадан өткізген әрекеттер осы қылмыстың құрамын құрайды. Қылмыс объективтік жағынан мына іс-әрекеттерді істеумен сипатталады: экономикалық котрабанда заттарын кеден шекарасынан өткізу, қылмыс жасау орны-ҚР кедендік шекарасы; қылмыс істеу тәсілдері-котрабанда заттарын кеден бақылауынан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану, не декларацияланбаған немесе күмәнді декларация алумен ұштасқан, кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуі шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнаулы ережелері белгіленген тауарлар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу. ҚР кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын түрде өтуге (әртүрлі тәсілдерді қолданып заттарды жасырын өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір затты қосып ізін жасыру т.б.) жатады. Құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалануға кеден органдарына әртүрлі жалған құжаттар немесе теңдестіру құралдарын көрсету, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан өтуге тырысу немесе заңсыз жолмен алынған құжаттар мен теңдестіру құралдарын алдап пайдалануға тырысулар жатады. Декларацияланбаған немесе күмәнді декларацияланумен ұштасқан әрекеттерге-декларациялануға міндетті тауарлар мен құндылықтарды кеден декларациясына енгізбеу; кеден декларациясына жалған мәлімет енгізулер жатады. Кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізуге шектелген тауарлардың тізімі арнаулы нормативтік актілермен реттеледі. Кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері де сондай тәртіппен реттеледі. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады. Жоғарыда көрсетілген заңсыз әрекеттер тауарларды, заттарды, құндылықтарды ірі мөлшерде контрабандалық жолмен өткізумен ұштасса қылмыс аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Достарыңызбен бөлісу: |