С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу (207-бап)



бет92/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындау немесе өткізу (207-бап)

Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі-төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп құжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-төлем және есеп карточкалары, бағалы қағаз болып табылмайтын өзге есеп айырысу құжаттары. Төлем және есеп карточкалары банктегі ағымдағы есеп, банк ашқан банк клиенттеріне берілген төлем құжаттары болып табылады. Өзге есеп құжаттарына (бағалы қағаз болып табылмайтын)-түрлі аккредитивтер, авизо, төлем тапсырмалары және осыларға теңестірілген заңмен белгіленген құжаттар жатады. Қылмыс объективтік жағынан мына нысандардағы іс-әрекеттерді жасау арқылы сипатталады: 1)жалған төлем және есеп карточкаларын дайындау; 2) осы заттарды өткізу. Қылмыс осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Өйткені бұл қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсат-жалған төлем карточкаларын, өзге есеп құжаттарын дайындау немесе өткізуді басшылыққа ала отырылып істеледі. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, кез келген адам.




Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және қайталау (208-бап)

Едәуір зиян келтіруге әкеп соққан акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу,акциздік алым маркасын қолдан жасау немесе алу, сол сияқты оларды пайдалану немесе өткізу әрекеттері үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі акциздік алым маркасымен таңбалаудың акциздік алым маркаларын дайындау, пайдалану, өткізу тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың заты-акциздік алым маркалары. Акциз жанама салықтың бір түрі. Көбінесе көпшілік қолды тұтыну тауарларын, сонымен бірге коммуналдық, көліктік басқа да кең тараған қызметтерге салынатын салықтың бір түрі. Ол тауар бағасының немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді, сөйтіп ол табыс көзіне айналады. Осыған байланысты салықтың осы түрін төлегендерге акциздік алым маркалары беріледі.Қылмыстың объективтік жағы бірнеше әрекеттерді істеумен сипатталады. 1)едәуір зиян келтіруге әкеп соққан акцизделетін тауарлардың акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу. Едәуір зиян он айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын соманы айтамыз; 1)акциздік алым маркаларын қолдан дайындау; 2)осындай акциздік маркаларды алу; 3)сол сияқты қолдан жасалған акциздік маркаларды пайдалану; 4) қолдан жасалған акциздік маркаларды өткізу. Құрылысы жағынан қылмыс материалдық құрамға жатады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және мақсатпен жасалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет