С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу



бет91/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін (205-бап)

Қылмыстық кодекстің 205-бабында ірі зиян келтіріле отырылып бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Бұл қылмыс құрамы объективтік жағынан заңмен белгіленген бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу әрекеттері бойынша істеледі. Қылмыс құрамы бланкетті диспозицияға негізделген. Сондықтан да қылмыс құрамын дұрыс анықтау үшін осы құрамға байланысты арнаулы заңдарды, нормативтік актілерді дұрыс басшылыққа алған жөн. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуға: ұсынбалы ордерлік және атаулы бағалы қағаздарды заң құжаттарына сәйкес шығармау, бағалы қағазға қойылатын талаптардың орындалмауы, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерін, бағалы қағаз нысанына қойылатын талаптардың т.б. бұзылуы жатады.Қылмыс құрамы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.




Жалған ақша немесе бағалы қағаздар
дайындау немесе өткізу (206-бап)

Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелері болып табылады. Қылмыстың заты-ҚР Ұлттық Банктің банкноттары мен мәнеттері, мемлекеттік бағалы қағаздар, ҚР валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар. Объективтік жағынан іс-әрекеттер мынандай екі нысан арқылы сипатталады: 1.жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2. жалған ақша мен бағалы қағаздарды сақтау;


3. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізу.
Ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау толық немесе ішінара жүргізілуі мүмкін. Дайындау тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді.Дайындау әрекеттері қолдан немесе техника құралдарын пайдалану арқылы (баспаханалық тәсілмен, ротапринт, ксерокөшірме арқылы суреттерін қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады. Егер жалған ақша немесе бағалы қағаз дөрекі әдістермен жасалып, оның түп-нұсқасына көрінеу сай келмесе, нәтижесінде мұндай жалған дүниені жаппай таратуға мүмкіндік жойылса, онда кінәлының әрекеті нақты жағдайларға байланысты алаяқтық ретінде саралануы мүмкін. Жалған ақша бағалы қағаздардың біреуін болса да дайындау осы қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін болса да дайындау осы қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды айналымға шығару оны өткізу деп танылады. Сақтау деп дайындалған жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткізгенге дейін өз иелігінде ұстап тұруды айтамыз. Өткізу-жалған ақша немесе бағалы қағаздарды төлем құралы ретінде пайдалану, айырбастау, сыйға беру, атқарылған жұмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретінде төлеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы көрініс табуы керек. Осы көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу арқылы жалған ақша немесе бағалы қағаздардың біреуін өткізсе қылмыс аяқталған деп табылады. Қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-жалпы субъект 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет