Банкроттық жағдайдағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап)
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғалардың соттың банкрот деп тануының негізгі және тәртібі немесе олардың өзін ерікті түрде банкрот деп жария етуі, сондай-ақ банкрот болған заңды тұлғалардың қызметін тоқтату мәселелері ҚР «Банкроттық туралы» арнаулы Заңы арқылы реттеледі.Жеке кәсіпкерді немесе заңды ұйымды сот шешімімен банкрот деп жариялау және оларды жабу, тарату процесінде кейбір адамдар әр түрлі қиянаттар мен заңсыз іс-әрекеттер жасап, азаматқа, ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай ретте олардың іс-әрекеті қылмыс деп танылуы мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі-банкроттық жағдайдағы несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруды реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыс мынандай іс-әрекеттер нысанын істеу арқылы жүзеге асырылады.
мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді, не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру;
мүлікті өзгенің иелігіне беру;
мүлікті иеліктен шығару;
мүлікті жою;
экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау.
Қылмыстың нақты жасалу нысандарына қарап қылмыстың заты- мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы мәліметтер, бухгалтерлік және өзге де құжаттары болуы мүмкін. Іс-әрекет белсенді әрекет күйінде (беру иеліктен шығару, жою, бұрмалау) немесе әрекетсіздік нысанда (мүліктік міндеттемелерді немесе мүлік жөніндегі өзге де ақпаратты жасыру) арқылы жасалады. Құрылысы жағынан бұл қылмыс материалдық құрамға жатады. Осы қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі- қылмыстың істелу жағдайы болып табылады. Бұл несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтын банкроттық немесе банкроттықты күн ілгері білу жағдайында істелген әрекет. Қылмыс ірі зиян келтірілген уақыттан аяқталған деп танылады. Бұл зиян азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Зиян осы жоғарыда көрсетілген кез келген адамға, сондай-ақ міндетті төлемдерді алмаған жағдайда немесе несие беруші болып табылған ретте мемлекетке де келтірілуі мүмкін. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықтың екі түрімен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы, ол ұйымның басшысы немесе меншік иесі, не жеке кәсіпкер. Қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Өйткені ұйым басшысы немесе меншік иесі жекелеген несие берушілердің талабын заңсыз қанағаттандыра отырып, басқа несие берушілерге мүліктік залал келтіретінін сезеді жәнке сол зардаптың болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе соған саналы түрде жол береді немесе бұған немқұрайды қарайды (жанама қасақаналық) Қылмыстың субъектісі-ұйым басшысы, не меншік иесі немесе жеке кәсіпкер.
Достарыңызбен бөлісу: |