С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап)



бет76/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап)

Бұл қылмыс құрамы көп объектілі болып табылады. Қылмыстың негізгі тікелей объектісіне-меншіктің нақты нысаны, ал қосымша тікелей объектісіне адамның денсаулығы жатады. Көлік қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу объектісі осы нормамен қамтылмайды, сондықтан да автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын өз бетінше айдап әкету барысында кінәлының әрекетінен Қылмыстық кодекстің 296-бабында көрсетілген зардап орын алса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Бұл жерде заң шығарушы көлік құралдары иелерінің құқықтарының бұзылуына ерекше мән бере отырып, осы іс-әрекетті меншікке қарсы қылмысқа жатқызу арқылы жеке адамның мүддесін қорғау идеясына артықшылық берілгені өзінен-өзі түсінікті. Бұл қылмыстың құрылымдық белгісі- оның заты болып табылады. Осы қылмыс құралының затына автомобиль және өзге де көлік құралдары жатады. Өзге де көлік көлік құралдарына тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздігінен жүретін машиналар (жол, құрылыс немесе ауылшаруашылық машиналары), басқа механикалық көлік құралдары (комбайн, автогрейдер, асфальт төсегіш) деп түсініледі. Темір жол, әуе немесе су көлігі (шағын су кемесі, моторлы қайық, байдарка, яхтадан басқалары) осы көрсетілген қылмыс құралының заты болып табылмайды, аталған көлік құралдары басқа арнаулы қылмыс құрамының заты болып табылады. Айта кететін бір жайт қарастырылып отырылған 185-баптағы қылмыс құрамының заты болып өздігінен жүретін, моторлы механикалық көлік құралдары ғана танылады. Мотормен жабдықталмаған көлік құралдары (велосипед, ат көлігі) бұл қылмыс құрамының затына жатпайды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесіне сәйкес двигателінің жұмыс сыйымдылығының көлемі 50 см аспайтын, жылдамдығы сағатына 40 км аспайтын көліктер де механикалық көлік құралдары болып табылмайды (мысалы, мотовелосипед ),


Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы-автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) арқылы жүзеге асырылады. Көлік құралдарын оларды тұрған жерінен, оның иесінің немесе өзге де иеленушінің иелігінен, уақытша кінәлының пайдалануына немесе иелік етуіне өтуін иелену дейміз. Иелену әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: ашық немесе жасырын, алдау арқылы, күш қолдану немесе қолданбай, қолмен итеріп әкету, басқа көлікке тіркеп алу т.б.б.Көлік құралдарының тұрған жері әр түрлі болуы мүмкін: гараж, ашық тұрақ, көше, кәсіпорын, ұйым, мекеме аумағы, уақытша тұрақ ж.т.б.
Көлік құралдарын кез келген тәсілмен тұрған орнынан жылжыту иелік етудің аяқталғанын білдіреді. Автомобильдің немесе өзге де көлік құралдарының кабинасына айдап әкету мақсатымен кіріп, оны от алдырмақшы және басқадай әрекеттерді істеуі осы қылмыс құрамын істеуге оқталғандық деп танылады.
Автомобиль немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иеленуде қылмыстың осы заттары бөтеннің меншігіне жатуы керек. Яғни, кінәлы адамның өздігінен оны пайдалануға ешқандай құқығы болмауы керек. Осыған байланысты меншік иесінің отбасы мүшелерінің бірінің немесе пайдалануға рұқсаты бар басқа адамдардың көлік құралдарын оның иесінің қосымша келісімінсіз өз бетінше пайдалануы қылмыс құрамына жатпайды. Сондай-ақ осы көліктің штаттағы жүргізушісінің де көлікті басшысының келісімінсіз өз бетінше пайдалануы айдап әкетуге жатпайды.Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарына иелік ету аса қажеттілік жағдайында, қылмыскерді ұстау барысында немесе ауыр науқасқа көмек көрсету үшін пайдаланылса онда бұл әрекет қылмыс деп саналмайды. 185-баптың бірінші тармағында қылмысты істегені үшін субъекті болып 16-ға толған, ал қалған бөліктеріндегі (2,3,4) қылмыс үшін 14-ке толған есі дұрыс адамдар танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Кінәлы адам өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын сезеді және оны істеуді тілейді. Егер адам бөтеннің көлік құралына иелік етуді сезбеген жағдайда, онда ол көлікті айдап әкеткені үшін жауаптылыққа тартылмайды. Егер көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз өз бетінше уақытша пайдалану үшін айдап әкетіп, одан кейін көлік бүлдірілсе немесе жойылса, онда қылмыстық жауаптылық айдап әкетумен бірге мүлікті бүлдіргені немесе жойғаны үшін де бірге туындауы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет