Әдейі банкроттық (216-бап)
Әдейі банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігіне қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы-деп берілген. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы:
1) қылмысты әрекет күйінде;
2) ірі зиян немесе өзге де ауыр зардаптар келтіру арқылы;
3) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады. Қылмысты әрекет әдейі банкроттық жағдайында жасалады.
Әдейі банкроттық дегеніміз қасақана төлем қабілетсіздігін жасау немесе ұлғайту (зиянды мәмілелер жасау, бухгалтерлік есепті шатастыру, ақша қаражатын ұйым мүддесінен тысқары жағдайларға жұмсау) болып табылады.
Әдейі банкроттықтан келген ірі зиянға-несие берушілердің, акциз иелерінің, басқа да контрагенттің экономикалық, қаржы жағдайын елеулі түрде күйзелту әрекеттері, ал өзге де ауыр зардаптарға әдейі банкроттықтың әсерінен көптеген қызметкерлердің жұмыссыз қалуы, маңызды мемлекеттік немесе қоғамдық шаралардың іске аспай қалуы, несие берушінің ауыр күйзеліске, ауруға шалдығуы т.б. жатады. Қылмыс құрамы-материалдық. Қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян немесе өзге де ауыр зардаптар орын алған жағдайда аяқталған деп табылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Осы қылмыстың құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі-қылмыстық ниет болып табылады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы; коммерциялық ұйым басшысы немесе меншік иесі, жеке кәсіпкер.
Жалған банкроттық (217-бап)
Осы бапта коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің несие берушіге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жанылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет ірі зиян келтірсе-жалған банкроттық болып табылады деп белгіленген. Қылмыстың объективтік жағы мынадай 3 түрлі белгілермен сипатталады:
қылмысты іс-әрекет нысанында істеу;
қылмыстық зардаптың орын алуы;
іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.
Бұл жерде әрекет-жалған банкрот деп жариялау, яғни өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлау арқылы көрініс табады. Қылмыс құрамы-материалдық. Заңда көрсетілген ірі зиян келтіру орын алған кезден бастап ол аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы банкроттықты жариялай отырып несие берушілерге ірі зиян келтіретінін сезеді және бұл зиянның болатынын күні бұрын біледі және оның болуын белгілі бір мақсатты басшылыққа ала отырып тілейді. Бұл мақсат несие берушілерді жаңылыстыру болып табылады. Қылмыстың субъектісі: коммерциялық ұйым басшысы немесе меншік иесі, сондай-ақ жеке кәсіпкер.
Достарыңызбен бөлісу: |