НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
C.и. жАқСыБАЕВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
62
белгілі. Осы кітаптың алғы сөзінде ол:
«Әңгіме Қара Қыпшақ Қобыландыны,
арғын Қарақожа батырды Едігемен
замандас етіп көрсетеді», - деп жазады
[18, 355 б.]. Сонымен бірге Қ.И. Сәтбаев
жариялаған «Ер Едіге» жырында
мынандай өлең жолдары бар:
«Арғындардың басы едің,
Қарақожа батырым» [18, 367 б.].
Сонымен жоғарыда әңгіме қылған
деректерден Қарақожа батырдың ежелгі
арғын тайпасынан шыққандығы тарихи
шындыққа барынша сай келеді деп
тұжырым жасаймыз, және ол Алтын
Орданың бірлігін, тұтастығын сақтау
жолында белсене күрес жүргізіп,
Тоқтамыс ханның Ақсақ Темірге
сеніп жіберген елшісі, яғни сарай
маңындағы ақылгөй адамдарының бірі,
әрі жауынгер серігі болғанын білеміз.
Осы айтылған жайлардан
шығатын қорытынды: Орта ғасырда
арғын тайпасына жататын есімі әзірге
беймәлім бір адамның отбасында
ер бала дүниеге келеді. Оған әкесі
Қарақожа деп ат қояды. Бұл бала
ержеткенде батыр атанады. Кейін осы
Қарақожа батырдың бәйбішесінен
Ақтанберді (лақап аты Тарақты),
тоқалынан Арғын туады [19, 17 б.]. Жаңа
туған балаға арғы ата-бабаларының
есімдерін беру түркі халықтарында
ерте заманнан бар дәстүр екені белгілі.
Сондықтан Қарақожа батыр да өз
баласына арғын тайпасының құрметіне
байланысты «Арғын» деп ат қояды.
Жалпы, «арғын» деген антропонимдер
түркі елдерінде көп кездеседі. Мысалы,
1284 - 1291 жылдары Персияны билеген,
ислам дінін қабылдаған Шынғыс
ханның кіші ұлы Толы ханның шөбересі
Арғын-хан болған [9, 245 б.; 1, 29 б.];
XIV ғасырда Сириядағы өнеркәсібі мен
саудасы өркендеген Халеб қаласының
әмірі Арғын Дауадар; XV ғасырдағы
Хорасан ханының да есімі Арғын
болған.
Арғын Қарақожаұлының шыққан
тегіне қатысты қазақ шежірелері
арасында кереғарлық бары байқалады.
Сол үйлесімсіздік жайттың да басын
аша айтқан жөн секілді. Енді осы
мәселе төңірегінде, меніңше, шындыққа
жанаспайды деген екі пікір аясында
ғана сөз қозғап көрелік.
Бірінші пікір: Құрбанғали
Халид (1843 - 1913) «Тауарих хамса»
(бес тарих) атты кітабында ешбір
дәлелді дерекке сүйенбей Арғынды
Дайырқожаның (Ақжол бидің) ұлы
дейді. Сонымен қатар, ол Жанарыстың
ұрпақтары жөнінде: «Жан Арыстың
Орта жүзге таралған жүз ұлының
(шүбәлы мағлұмат. - С.Ж.) бірінен
Қара қожа туған. Қара Қожа, ұлы қара
Қөбен сопы, ұлы Мухсин сопы, ұлы
Уқаша сопы, ұлы Арқұл қожа, ұлы
Дайыр қожа, ұлы Арғын», - деп басқа
шежірелерде мүлдем кездеспейтін
адамдардың есімдерін атап көрсетеді
[26, 235 б.].
Екінші пікір: Құдайбердіұлы
Шәкәрім қажының пікірінше Орта жүз
құрамындағы арғындар ойрат (қалмақ)
тайпасынан шыққан Хорасан аймағының
басшысы болған Арғын - ағадан
тарайды [11, 77 б.]. Бұл пікір шындыққа
жатпайды. Өйткені осы пікірдің тарихи
шындық еместігіне төмендегідей айғақты
деректерді айтуға болады.
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
63
Біріншіден, ойраттар (жоңғарлар)
тарихи деректемелерде XIII ғасырдан
ғана белгілі қазіргі Монғолияның батыс
жағын мекендеген түркі тайпаларының
ортақ атауы [13, 447 б.]. Демек, Орта
жүз құрамында, ілкі заманнан өмір сүріп
келе жатқан арғындардың ұрпақтарымен
бірге, Шәкәрім қажының пікірінше
ойраттардан шыққан Арғын - ағаның да
әулеті бар сиякты. Жоқ, шын мәнісінде
Орта жүз құрамында ежелгі арғын
тайпасынан шыққан Қарақожа батырдың
ұлы Арғынның әулеті бар екені даусыз.
Егер Орта жүз құрамында ойраттардан
шыққан Арғын-ағаның әулеті барына
сенер болсақ, сонда Қарақожаұлы
Арғынның ұрпақтары Қазақстан жерінен
қайда ауып кеткен? Түсініксіз...
Е к і н ш і д е н , Ш ә к ә р і м
Құдайбердіұлы: «... когда великим
каганом становится младший сын
Чингисхана Толы, он посылает в Хорасан
человека из тайфы ойрат по имени
Аргын-ага, назначив его тамошним
наместником. По мусульманскому
летоисчислению это происходит в
440 г., или по русскому календарю - в
1262 году», - деп жазғандай Арғын-аға
ойраттардан шыққан емес, тарихшы
- шежіреші Әбілғазы Баһадүр ханның
жазғаны бойынша, біз жоғарыда
айтқандай, Толы ханның шөбересі
болып келеді [1, 29 б.].
Осы сөздәйектегі тағы бір
қисынсыздық: Толы хан 1232 (жылан)
жылы қайтыс болады [4, 367 б.], ал
Шәкәрім қажы: ол 1262 жылы Арғын-
ағаны Хорасанға жіберді дейді.
Үшіншіден, Шәкәрім қажы
мынандай дүдәмалдау болжам айттады:
«Если аргыны (аргынот), известные
среди тюркских народов мира, могут
быть потомками вообще древних
аргынов (мұнысы дұрыс пікір. - С.Ж.),
то аргыны нашего Среднего жуза -
потомки именно этого Аргын-ага. К
тому же имя его точно соответствует
имени казахского первопредка аргынов.
И мой дед, покойный Кунанбай-ходжа,
тоже упоминал хана по имени Аргын-
ага» [11, 77 – 78 бб.].
Осы сөздәйек бойынша Орта жүз
арғындарының нақ ойраттан шыққан
Арғын-ағаның ұрпақтары екендігін
оның есімінің ежелгі арғындардың
атына сай келуі анықтайтын сияқты.
Алайда, бұл пікіріне Шәкәрім қажы
ешқандай дәлелді дәйектеме айтпайды
да, менің марқұм атам Құнанбай қажы
да солай деуші еді» деп айғақсыз
сілтеме жасайды.
Қорыта айтқанда, Арғын
бабамыздың әкесі Қарақожа батырдың
әкесі мен арғы аталарының есімдері
бізге әзірге беймәлім. Міне, сондықтан
да Мәшһүр Жүсіп Көпеев:
«Арғыннан әрі барсаң адасасың,
М и ж е т п е с к ө п д ү н и е г е
шатасасың.
Ол кезде сен де жоқсың, мен де
жоқпын,
Несіне шежіреге таласасың?» -
деп тегін айтпаған сияқты. Демек, ол
Арғыннан арғы аталар ұмыт қалды деп
есептейді.
Сөз қылып отырған мәселеге қатысы
бар тағы бір жайт - ежелгі арғын тайпасына
жататын арғындардың біршамасы Қазақ
хандығы құрылғанға дейін Алтайдағы,
Қырымдағы, Кавказдағы, т. б. қазіргі
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
C.и. жАқСыБАЕВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
64
ТМД елдеріндегі түркі тайпаларының
құрамына еніп, олармен сіңісіп кетеді
[24, 104 – 105 бб.].
Жоғарыда келтірілген деректерден
байқауға болатыны және қорытынды
жасап айтарлық пікірге келсек,
біріншіден, Еуразия қосқұрлығындағы
жалпы түркі халықтары әлеміндегі
арғындар бір-ақ атадан тарайды десек
қателесеміз. Екіншіден, қазіргі қазақ
ұлтының құрамындағы арғындар ежелгі
арғын тайпасының ішіндегі рулар мен
Қарақожа батырдың ұлы Арғынның
ұрпақтары болып саналады.
Міне, осы әңгіме қылған таным-
түсініктен бүгінде «Арғын» деп атап
жүрген бабамыз жеке тұлғаның есімі
емес, ежелгі арғын тайпасының атауы
екендігіне көз жеткізуге болады. Демек,
арғындардың біздің жыл санауымыздан
әрі жатқан тек-тамырың өкінішке орай,
енді жіліктеп таратып бере алмаймыз.
Мен, осы мақаланың авторы -
Серік Имантайұлы Жақсыбаев, Арғын
Қарақожаұлының 17 ұрпағы боламын.
Енді осы дерекке сүйеніп, Арғын
бабамыздың туған жылын анықтап
көрелік. Демограф ғалымдардың есебі
бойынша үш ұрпақ бір ғасырды қамтиды
екен. Сонда Арғын Қарақожаұлының
туған жылы шамамен төмендегідей
болып шығады:
1934 - [100 • (17+1)] : 3 = 1334 жыл,
мұндағы 1934 - Серік Жақсыбаевтың
туған жылы;
17 - Арғын мен Серіктің
арасындағы ұрпақтар саны;
1 - Арғынның өзін бір ұрпақ
ретінде есепке қосамыз;
3 - 100 жылды қамтитын ұрпақтар
саны.
Белгілі жазушы Медеу Сәрсекеев
те Арғынды XIV ғасырдың басында
туған деп есептейді [19, 9 б.].
Сонда қазірде Қазақстанда
тұратын Арғын Қарақожаұлының
ұрпақтары өздерінің ата-тегін не бары 21
бабасына дейін ғана таратып бере алуы
мүмкін. Бұл сан былайша есептеліп
шығарылады:
(2010-1317) : (100 : 3) = 21,
мұндағы 2010-қазіргі жыл;
1317 - Қарақожа батырдың
шамамен туған жылы (Арғын әкесінің
17 жасында дүниеге келді деп
есептегенде).
Осы орайда мысал ретінде
Медеу Сәрсекеевтің Тарақты
Қарақожаұлының 21 ұрпағы екендігін
айтуға болады [19, 9 б.].
Енді бүгінгі арғындардың қанша
аталарының мүлде ұмытылып қалғанын
есептеп көрелік:
(2010 + 300) : (100 :3 ) — 21 = 48,
мұндағы 2010-қазіргі жыл;
300 - арғын тайпасының шамамен
біздің жыл санауымыздан бұрын пайда
болған жылы;
21 - осы кезде есімдері белгілі
аталардың саны.
Сонымен, бүгінгі арғындардың
кем дегенде 48 атасының есімдері
ұмыт болғанын мойындауымыз керек.
Бұдан былай ұмыт қалған сол аталарды
қайтадан жаңғырту біздің қолымыздан
келуі неғайбіл деуден басқа шара жоқ.
Қысқасы, бұл айтылғандардан
туындайтын тұжырым: ескілі-жаңалы
Орта жүз шежірелерінде «Қазақ»
деген кісіден Жанарысты туғызды,
одан әрі Бәленше, Түгеншелерді
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
65
тарату-ұмытылған аталардың орнын
амалсыздан ойдан шығарылған
есімдермен толтыру деп білу керек.
А р ғ ы н н ы ң А р г ү л е с і м д і
бәйбішесінен Қотан жырау мен Ботан
туады. Ботан жас кезінде қайтыс болып,
одан ұрпақ қалмаған [10, 14 б.]. Қотан
жыраудан Дайырқожа (Ақжол би)
туады [19, 18 б.].
Енді Арғын Қарақожаұлына
қатысты тарихи мәліметтерге сүйеніп,
оның біз есептеп шығарған шамамен 1334
жылы туғандығын тексеріп көрелік.
Арғынның немересі Дайырқожа
Әбілқайыр ханның сүйікті қазысы
болған. Ол әділ билік айтқаны үшін
Ақжол би атанған. Қазақтың ұлы
батырларының бірі Қарақыпшақ
Қобыланды да ханға ниеттес адам
болған. Сондықтан Ақжол би мен
Қобыланды батыр жасырын бірін-бірі
көре алмайтын бақталас боп жүреді.
Ақыры осындай ала көздік
себеппен Қобыланды батыр 1456 жылы
Ақжол биді өлтіреді [11, 45 б.].
Осы қайғылы жағдай жөнінде
Ш ә к ә р і м Қ ұ д а й б е р д і ұ л ы н ы ң
айтқаны:
«Ол биді Абылқайыр жақсы
көрген,
«Ақжол» деп оң тізеден орын
берген.
Қобыланды қарақыпшақ батыр еді,
Намыс қып, күндестікпен сайтанга
ерген.
Өлтірген аңда жүріп Ақжол биді,
Қазаққа осы жұмыс ауыр тиді.
Қысасқа Қобыландыны өлтірем деп,
Жар салып Әз Жәнібек халқын
жиды.
Жалынған үш кісінің құнын ал деп,
Алмаған керек емес бізге мал деп.
Б е р м е г е н А б ы л қ а й ы р
Қобыландыны,
Қалған ел мұны өлтірсем бұзылар
деп» [15, 34 б.].
Сол кезде Қотан жыраудың қаза
болған баласының сүйегін айналып
жүріп, жылағанда айтқан төмендегі
жыры сан ғасырлар бедерінде өшіп
кетпей, сақталып бізге жетті:
«Қарақыпшақ Қобыландыда нең
бар еді құлыным!
С е к с ен а с ы п , т а я н ғ а н д а
тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме
жұлыным?!
Адасқанын жолға салдың бұл
Ноғайлы ұлының!
Аққан бұлақ, жанған шырақ,
жалғыз күнде құрыдың!
Қарақыпшақ Қобыландыда нең
бар еді, құлыным?!» [5, 113 б.].
Бұл өлеңді Қотан жырау 85 - 88
жасында шығарды десек, онда ол 1368
- 1371 жылдары туған деп шамалауға
болады. Ал ол 1460 жылы дүниеден
өтеді [12, 577 б.]. Егер Ақжол би қаза
болғанда Қотан жырау 86 жаста болса,
онда ол 1370 жылы туған болады.
Қотан жыраудың 1370 жылы туғанын
Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Медеу
Сәрсекеев те айтады [11, 46 б.; 19, 9 б.].
Демек, Арғынның 36 (1370 - 1334)
жасында Қотан жыраудың дүниеге
келуі шындыққа жанасатын сияқты.
Тарихи деректер бойынша
Дайырқожаның (Ақжол бидің) ХVIII-ХІХ
ғасырлардағы ұрпактары Қотан жырауды
арғы атамыз деп санаған. Солардың
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
C.и. жАқСыБАЕВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
66
ішінде Бұқар жырау мен Көтеш ақын
(98, 14) және Жанақ ақын [11, 46 б.] бар.
Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Қотан
жыраудың кім екендігі жөнінде былай деп
жазады: «Бұқарекең (Бұқар жырау - С.Ж.)
айтыпты деген бір сөз бар:
Бәрімізді сүрасаң,
Қотанбайдың баласы,
Арғындардың сабасы.
Қорақожа бас болып,
Қабыл да болған дуасы» [10, 14 б.].
Қобыланды батырдың Ақжол
биге өшпенділігі және оның Ұлытаудағы
құба жонда аңшылап жүрген Ақжол
биді бұзау бас қара шоқпармен дәл
төбесінен ұрып өлтіргені жайлы Ілияс
Есенберлиннің «Алмас қылыш»
романында көркемдеп суреттелген
[7, 100 – 104 бб.].
Дайырқожа (Ақжол би) өлген
соң, Қотан жырау Жәнібек, Кереймен
бірге Шу бойына қоныс аударып, Қазақ
хандығының шаңырақ көтеруіне елеулі
үлес қосқаны тарихтан белгілі.
Дайырқожаның бәйбішесінен
Қарақожа бай, тоқалынан Тәнбі сопы
туады [19, 18 б.]. Осы арада мына бір
жайтты айта кеткен жөн. Арғынның
әкесі мен шөбересінің есімдері бірдей
«Қарақожа» деп аталғандықтан кейбір
шежірелерде, сірә, бұл қателікке саналып,
екінші Қарақожа ата таралымынан
алынып тасталған. Шындығында
бабасының есімін ұрпақтарының
біріне қою - түркілерде ертеден бар
дәстүр. Қарақожа Дайырқожаұлының
Қарлығаш есімді бәйбішесінен Мейрам
сопы, Момын есімді тоқалынан Ақсопы,
Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы,
Кенжесопы (Нәдір сопы) туады.
Жоғарыда аты аталған Тәнбі
сопыдан бастап Кенжесопыға дейінгі
жеті сопыға байланысты сырлы
жұмбақтар бар секілді. Жалпы, «сопы»
деген діни атақ болғанда, меніңше,
Дайырқожа тоқалдан туған баласына
«Тәнбі» деп ат қояды, ал «сопы» деген
атаққа ол ер жеткенде ие болады.
Сондай-ақ Қарақожаның тұңғышы
Мейрамға да сопылық атақ ер-азамат
болғанда беріледі. Сондықтан бұл
екеуінің есімдері қағазға түскенде
«сопы» сөзі олардың есімдеріне
қосылмай «Тәнбі сопы», «Мейрам сопы»
деп бөлек жазылуы керек. Әйтпегенде,
көбіне «Тәнбісопы», «Мейрамсопы»
болып жазылып жүр. Енді Момынның
бес баласына келетін болсақ, әу баста
оларға қойылған ныспылар басқаша
болғанға ұқсайды. Себебі ешбір адам
жаңа туған баланың келешекте не
болатынын білмей, оны, мысалы,
«Ақсопы» деп атамайды. Ендеше, кейін
сопылық жолды қуған бес балаға жұрт
олардың өңдеріне қарап «Ақсопы»,
«Қарасопы», «Сарысопы», ал арықтау
келгеніне «Арықсопы», кенже балаға
«Кенжесопы» (шын аты Нәдір болуы
мүмкін) секілді лақап аттар берген деп
жорамалдаймыз.
Тәнбі сопыдан Үсенбай мен
Елемес туады [10, 15 б.].
Мейрам сопы Нұрпая, Нұржамал,
Қарқабат, Бибігүл есімді төрт әйел алған.
Оның бәйбішшісі Нұрпаядан - Қуандық
пен Сүйіндік; Нұрпаяның жанына еріп
келіп (ол келін болып түскенде), еліне
қайтпай қалған жеңгесі Нұржамалдан
- Бегендік пен Шегендік; Нұрпаяның
жанына түйе жетектеуге қосып
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
67
берген күні Қарқабаттан - Болатқожа
[10, 15-16 бб.]; Бибігүл есімді жас
тоқалынан - Қаржас туады.
Енді әр ғасырға үш ұрпақтан
шамалап Мейрам сопының қай жылы
дүниеге келгенін екі тарихи дерекке
сүйеніп есептеп көрейік. Алдымен
ол жылды Бұқар жырауға қатысты
дерекпен есептейік:
1787 - (100 : 3) * 7 = 1554 жыл,
мұндағы 1787 - Бұқар жыраудың
қайтыс болған жылы; 7 - Мейрам сопы
мен оның ұрпағы Бұқар жыраудың
арасындағы ұрпақ саны.
Енді осы есепті Серік Имантайұлы
Жақсыбаевқа қатысты дерекпен
шығарайық:
2010 - (100 : 3) * 14 = 1538 жыл,
мұндағы 2010 - қазіргі жыл;
14 - Мейрам сопы мен оның ұрпағы
Серіктің арасындағы ұрпақ саны.
Сонымен, Мейрам сопаның туған
жылы шамамен бірінші нұсқа бойынша
1554 болса, ал екінші нұсқа бойынша -
1538 жыл. Демек, біздің есептеуіміздің
екі нұсқадағы кемшіні - 16 жыл (1554
- 1538). Бұл сәйкессіздіктің алты
ғасырлық ұрпақтар есебін жүргізгенде
еленбейтін шама екенін ескерту парыз.
Сондықтан Мейрам сопы 1538 - 1554
жылдардың аралығында туды деп
жорамалдауға болады.
Шежірешілер әдетте Мейрам
сопы ұрпақтарын «Үлкен арғындар»;
Момын ананың «Бес Момын» аталған
ұлдарының ұрпақтарын «Ортыншы
арғындар»; Тәнбі сопының ұрпақтарын
«Кіші арғындар» деп атайды.
Ақсопыдан Қанжығалы мен
Тобықты; Қарасопыдан Бәсентиін
мен Қарауыл; Сарысопыдан Атығай
тарайды. Арықсопы мен Кенжесопыдан
ұрпақ жоқ.
Сонымен, «арғын» этнониміне
байланысты айтылған әңгімені былайша
түйіндеуге болады:
1. «Арғын» деген сөз - біздің
жыл санауымыздан бұрын Оңтүстік
Сібірді мекендеген күндер тайпалары
одағының құрамында болған арғытүркі
рулары бірлестігінің ортақ атауы.
2. Қазіргі қазақ халқының
құрамындағы арғындар - негізінен
байырғы арғын тайпасынан шыққан
Қарақожа батырдың, шамамен 1334
жылы дүниеге келген, Арғын есімді
баласының ұрпақтары.
әдебиет
1. Әбілғазы. Түркі шежіресі.-
Алматы, 1992.
2. Бес ғасыр жырлайды. Т.1.-
Алматы: «Жазушы», 1989.
3. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти
томах. Т.1.-Алма-Ата, 1984.
4. Данзан Лубсан. Алтан тобчи
(«Золотое сказание»). Пер. С монг. М.,
«Наука», 1973.
5. Екімыңжылдық дала жыры. Бас
редакторы Ә. Нысанбаев. Алматы, 2000.
6. Еңсебаев Т.А. Қанжығалы
шежіресі.-Павлодар: «ЭКО», 2004.
7. Есенберлин І. Алмас қылыш.
Бірінші кітап.-Алматы: «Жазушы», 1976.
8. Записки Янычара. Написаны
Константином Михайловичем из
Остовицы.-М., «Наука», 1978.
9. Книга Марко Поло. М., 1955.
10. Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп. Қазақ
шежіресі.-Алматы: «Жалын», 1993.
11. Кудайбердыулы Шакарим.
Родословная тюрков, киргизов, казахов и
ханских династий.-Алма-Ата: «Жазушы»,
1990.
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
C.и. жАқСыБАЕВ
ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
68
12. Қазақ Совет энциклопедиясы.
Т.6,-Алматы, 1975.
13. Қазақ Совет энциклопедиясы.
Т.8,-Алматы, 1976.
14. Қазақ шежіресі (дайындаған
Жарылқап Бейсенбайұлы).-Алматы:
«Атамұра-Қазақстан», 1994.
15. Құдайбердіұлы Ш. Қазақтың
түп атасы // «Абай» журналы, 1992, №1.
16. Омаров И.О. Арғын ұруларының
қысқаша шежіресі.-Қарағанды, 1991.
17. Рашид ад-Дин. Сборник
летописей. Т.1, кн. 2.-М.-Л., 1952.
18. Сатпаев К.И. Избранные статьи о
науке и культуре.-Алма-Ата: «Нака», 1989.
19. Сәрсекеев Медеу. Тарақты және
Қаракесек шежіресі.-Алматы: «Атамұра»,
1995.
20. Сыздықова Р., Қойгелдиев М.
Қадырғали би Қосымұлы және оның
жылнамалар жинағы.-Алматы: «Қазақ
университеті», 1991.
21. Тарақты Ақселеу. Балталы,
Бағаналы ел аман бол.-Алматы, «Қазақ
университеті», 1993.
22. Тауасарұлы Шапырашты
Қазыбек би. Түп-тұқианнан өзіме шейін.
-Алматы: «Жалын», 1993.
23. Тынышпаев М. История казахского
народа.-Алматы: «Санат», 1998.
24. Тынышпаев М. История
казахского народа. (учебное пособие). -
Алма-Ата, «Қазақ университеті», 1993.
25. Тынышпаев М. Материалы
к истории киргиз-казакского народа. -
Ташкент, 1925.
26. Халид Құрбанғали. Тауарих
хамса.-Алматы: «Қазақстан», 1992.
27. Шаухаманов С. Алтынды тот
баспайды немесе Қалтайдың тек аталары
кім болған // «Таң-Шолпан» журналы,
2002, №9.
28. Тамерлан: Эпоха. Личность.
Деяния.-М.: «Гураш», 1992.
29. Жақсыбаев С.И. Қазақтың түп
тегі туралы.-Павлодар: «ЭКО», 2005.
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры
69
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
В.н. алияСоВа УДК 069.01:908 (574)
Павлодарский государственный педагогический институт
рАзВиТиЕ КрАЕВЕдчЕСКого дВижЕНия
и КоЛЛЕКЦиоНироВАНия В пАВЛодАрСКом
и СЕмипАЛАТиНСКом приирТыШьЕ
(КоНЕЦ XIX – пЕрВАя поЛоВиНА Xх В.)
Семей және Павлодар Ертіс өңірінде өлкетанушылық
жұмыстың дамуында, тұңғыш мұражайлық коллекциялардың
қалыптасуындағы Қазақстан және Ресейдің ғылыми
қоғамдарының рөлі көрсетілген. Сонымен, өлкеде тарихи-
өлкетану мұражайларының қалыптасуына септігін тигізген
мұражай-өлкетанушылық орталықтары аталған.
In the article we can see the role of the scientific societ-
ies of Kazakhstan and Russia in the historical development,
collecting, formation of the first museum collections in South
Kazakhstan. There were noted the centers of the historical-
museum works, which helped to develop the net of historical
museums in the region.
Развитие краеведческого
движения в Казахстане и в соседней
Р ос с и и в к о н ц е X I X н а ч а ле
XX вв. тесно связаны с созданием
различных обществ: исторических,
географических, музыкальных,
театральных, пожарных и т.п. Это
было характерно как для крупных
центральных городов, так и для
провинции. Столичные общества
«…состоявшие, как правило, из
известных ученых» формировались
по узко профессиональному признаку
или группировались по более или
менее близким научным дисциплинам
(истории, философии, истории
культуры), подобные общества носили
более универсальный характер и
инициатором их создания выступала
местная интеллигенция [1].
С открытием в 1851 году в
Иркутске Сибирского отдела
И м п е р а т о р с к о г о р ус с к о г о
географического общества (СОИРГО), а
в 1877 году в Омске создается Западно-
Сибирский отдел Императорского
русского географического общества
начинаются планомерные сборы и
изучение материалов по истории,
этнографии, археологии края,
исследования по сельскому хозяйству. В
дальнейшем от них «отпочковывались»
новые отделения и подотделы, и Сибирь
покрылась сетью подразделений РГО.
Создание в конце ХIX века в
Омске отдела русского географического
Достарыңызбен бөлісу: |