С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік



жүктеу 80.25 Kb.

бет8/12
Дата15.03.2017
өлшемі80.25 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
Е.қ. АБЕУоВА

ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
78
тыныштықтың  бір  белгісі  сияқты. 
Адамдар  бұл  жерлерге  ілек-ілегімен 
келіп жатады, садақаларын салып, дұға 
оқып, ақ маталарын байлайды. 
Жидебай  кешенінің  алдында 
Европа  мен  Азияның  орталық 
нүктесінің белгісі ретінде ескерткіш 
орнатқан. Европа кіндігі деп аталатын 
бұл  ескерткіш  аумағы  үлкен  емес, 
дөңгелек формасында жасалған. 
Сонымен  қатар  бұл  өңірде  әлі 
де талай тарихтың сыры бар. Сондай 
ескерткіштердің  бірі  бүгінгі  таңда 
жастар  үшін  махаббат  символына 
айналған  Еңлік  -Кебек  тығылған 
үңгір  мен  олардың  жерленген  жері. 
Жидебай  кешенінен  кейін  Семей 
қаласына  бара  жатқан  Қарауыл-
Семей жолында Еңлік-Кебек тығылған 
үңгір деген жазуды кездестіреміз. Сол 
жолдан  солға  қарай  6  шақырымдай 
жүрсек  атақты  Үйтас  үңгіріне  тап 
боламыз.  Бұл  үңгірдің  орналасқан 
жері шынымен тығылатын орынға сай 
келеді.  Тау  қыраттарының  арасында 
орын  тепкен  бұл  үңгір  айналадағы 
табиғат  әсемдігімен  ерекшеленеді. 
Үңгір  алдындағы  орнатылған  таста 
төмендегі сөздер жазылған:
Бұл ұлға бұғау, қызға тұсау 
Болған зар заманда.
Өмір кешіп тас бауыр,
Қатал билер үкімімен 
Өлтірілген Еңлік пен Кебек 
Мекен еткен Үйтас.
Доға  тәріздес  жасалған  бұл 
үңгірдің аумағы 6-8 метрді құрайды. 
1780 жылы өлтірілген Еңлік пен Кебек 
тарихта  болған  шын  ғашықтар.  Ал 
олардың  тығылған  жері  Үйтас  аз  да 
болса  бірге  өмір  сүріп,  баласының 
дүниеге  келген,  бақытты  күндердің 
куәсі іспеттес. Сол себепті сол жерде 
болған  адамдардың  жүректерінде 
«әттең-ай»,  «бұл  ғашықтарды  неге 
өлтірдің?»  деген  өкініш  сезімдері 
кернейді деп ойлаймын. Қазіргі күнде 
бұл  жер  ғашықтардың  қастерлейтін 
жеріне айналды деп айтуға болады. 
Еңлік  пен  Кебек  тығылған 
үңгірден кейін ғашықтардың жерленген 
жеріне кезігеміз. Шәкәрім еңбегінде 
айтылғандай:
«Тастады бесігімен баласын да, 
Обалға өшіккен ел қарасын ба.
Еңлік-Кебек моласы бүгін де бар,
Таймақ пен Ералының арасында» [6], 
- деп  жазылғандай  Еңлік  –  Кебек 
ескерткіші тура Ералы ата мазарының 
алдында, 1 шақырымдай қашықтықта 
орналасқан. 
Махаббат символына айналған 
бұл ескерткіште Абай атамыздың: 
«Көп жасамай көк орған
Жарасы үлкен жас елім», – деген 
сөздері  жазылған.  Төрт  бұрышты, 
күмбезді  формасында  жасалған  бұл 
ескерткіш бүгінгі күнде ақ маталармен 
байланған.  Бұл  адамдардың  келіп, 
табынатын,  аруақтарына  дұға 
қылып,  сыйынатын  қасиетті  жеріне 
айналғандығының  белгісі  деп 
қарастыруға болады. 
Еңлік-Кебек ескерткішінен алыс 
емес жерде, тура бағытта Ералы ата 
мазары  орналасқан.  Ералы  атаның 
ӨЛКЕТАНУ жАңАЛықТАры

79
өмір сүрген жылдары 1790-1864 жж. 
аралығында.  Жоғарыда  аты  аталып 
кеткен  Би  атаның,  яғни  Кеңгірбай 
Жандосұлының  туған  баласы.  Төрт 
бұрышты етіп жасалған бұл күмбезді 
ескерткіш  алыстан  көзге  көрінеді. 
Негізінен үш бөлімнен тұрады: кіре беріс, 
орталығында сегіз бұрышты қабырхана 
және дұға оқып отыратын, кіре берістің 
сол  жағында  орналасқан  зиратхана. 
Жергілікті тұрғындар дұға оқып, ақтық 
байламай бұл жерден өтпейді. 
Атап  кететін  бір  жағдай,  осы 
өңірдің  барлық  ескерткіштеріне 
дұға  оқылып,  тастары  ақ  матамен 
жабылады. Ал қасиетті деп саналатын 
аталардың  зираттарында  топырақты 
қолмен  ұстап,  бетті  сипау  сияқты 
рәсімдер  жасалынады.  Мысалы: 
Жидебай кешенінің бірінші бөлмесінің 
орталығында  топырақ  салынған 
құрылыс  орнатылған,  Ералы  атаның 
да  мазарында  өзі  жерленген  жердің 
үсті  темір  қоршаулармен  жабылса 
да,  астыңғы  жағы  ашық.  Адамдар 
астына  қолдарын  созып,  топыраққа 
тигізіп, беттерін сипайды. Жергілікті 
тұрғындар  «атаның  басына  барып 
қайту керек деп» бұл жерді қасиетті, 
киелі жер деп санайды. 
Баяндаманы  қорытындылай 
к е л г ен д е ,   Ш ы ғ ы с   Қ а з а қ с т а н 
облысының Абай ауданында «әулие» 
қатарына  жататын  ескерткіштер  өте 
көп. Бірақ өкінішке орай олар туралы 
мәліметтер өте аз. Сондықтан оларды 
толықтай зерттеп, тарихымызға жаңа, 
тың мәліметтерді зерттеу қажет. 
әдебиет
1. Қазақ  ұлттық  энциклопедиясы. 
-Алматы: «Атамұра», 2005.
2. Записки  Семипалатинского 
подотдела за 1894 г.
3. Карибаев Б.Х. Сакральные истины 
топонимики  Чингистау.  с.Токтамыс, 
2004.
4. Ахметжанова  Б.  Өлке  тарихы 
«Қоңыр әулие» үңгірі. // Колледждер мен 
мектеп  оқушыларының  V  халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік  конференция 
матеиалдары.-Семей, 2009.
5. М. Жанболатұлы, Қ. Айтқожин, 
Д. Төлепбергенқызы. Би Ата әлемі.-Семей, 
2008.
6. Дүйсенбаев Е. Шәкәрім. Өлеңдер 
мен поэмалар.-Алматы, 1988.
НоВоСТи КрАЕВЕдЕНия
Е.қ. АБЕУоВА

ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
80
Қазақтың ұлттық қолөнері сонау 
ерте замандардан палеолит, неолит, қола 
дәуірлерінен  бастау  алатын  жарқын 
да көп қырлы құбылыс. Қазақ халқы 
өз тұрмысына керек заттардың бәрін 
қолөнер арқылы жасады, өзінің тұрмыс-
тіршілігін, қоршаған дүниені, әсемдікті 
қолөнерде көрсете білді. Қазақстанның 
ежелгі және ортағасырлық қалалары мен 
қалашықтарының орнында жүргізілген 
археологиялық  қазба  жұмыстары 
барысында табылған көне сарайлардың 
орны,  мешіт,  монша,  қорған  мен 
цитадель  орындары,  озық  құрылыс 
үлгілерінің,  су  құбырлары  жүйесі 
-  өркениеттіліктің  белгісі  болумен 
қатар қала мәдениетінің жоғары өреге 
көтеріліп  –  ғылым  мен  мәдениеттің 
қарыштап  дамығандығын  көрсетеді. 
Халқымыздың тұрмысында күні бүгінге 
дейін  сақталып  келген  тұрмыстық 
бұйымдар қолөнеріміздің озық үлгілері 
а.а. ЖұМашоВа                                                       ӘОЖ 94:671.12(574.53)
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі,
ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір кенті 
оТырАр ӨңіріНЕН 
ТАБыЛғАН зЕргЕрЛіК БұйымдАр –  
ұЛТ мұрАСы 
В  данной  статье  автор  подробно  пишет 
об  уникальных  экспонатах,  которые  выставлены  в 
Отрарском  государственном  археологическом  музее. 
Рассматриваются все виды ювелирных изделий: история 
их создания, предназначение и т.д.
In this article the author write in detail about exceptional ex-
hibits which were on display in Otrar state museum. Concerning 
all types of jewellery histories their foundation, identify et.c.
өте көп, солардың бірі зергерлік өнері. 
Қазақ халқының зергерлік бұйымдарын 
этнографиялық тұрғыдан ХХ ғ. аяғынан 
қазіргі  кезге  дейін  А.  Марғұлан, 
Х.  Арғынбаев,  Ә.  Тәжімұратов, 
Ө.  Жәнібеков,  С.  Қасиманов,  
М. Тоқтабаева, М.Ш. Өмірбекова т.б. 
ғалымдар зерттеген.
Қазақ халқында он саусағынан 
өнері тамған зергерлер, суретшілердің 
болғанын  ХІХ  ғ.  аяғында  өмір 
сүрген  зерттеушілер  жазған,  олар  
А .   Е в р е и н о в ,   И . Ф .   Р ус а н о в ,  
И.Я. Словцов т.б. зерттеуші ғалымдар 
қазақ  халқының  күмістен  жасалған 
зергерлік бұйымдарын жоғары бағалап 
бірнеше жылдар өтсе де өңін бермей 
әсемдігімен  ерекше  көз  тартатынын 
жазған.
Қазақ  халқының  қолөнерінде 
зергерлік өнер ерте замандардан келе 
жатқан ісмерлік түрі. Алтын, күміс т.б. 
ЭТНоЛогия, ЭТНогрАФия жәНЕ АНТропоЛогия: 
зЕрТТЕУЛЕр, әдіСТЕр мЕН ТәСіЛдЕр

81
А.А. жұмАШоВА
ЭТНоЛогия, ЭТНогрАФия и АНТропоЛогия: 
иССЛЕдоВАНия, мЕТоды и подходы
металдардан сәндік бұйымдар жасайтын 
шеберді  зергер  деп  атайды.  Қазақ 
зергерлері  әсіресе  қару-құралдарды 
/айбалта, көк сүңгі, алдаспан, дулыға, 
қорамсақ/ үй іші мүліктерін /кебеже, 
жүкаяқ, адалбақан, асадал, зерлі аяқ/ 
аңшылық  жабдықтарын  /томаға, 
тұғыр, балдақ, оқшантай/ музыкалық 
аспаптарын/асатаяқ, қобыз, домбыра, 
сыбызғы, дауылпаз/ әсемдеп алтын күміс 
т.б. металдардан, бағалы тастардан қыз-
келіншектердің әшекей бұйымдарын 
көркемдеп  жасай  білген.  Зергерлер 
бұйымдар жасауда төс, кішкене балға, 
егеу, кескіш, түтік, бұрғы, біз, қайшы, 
қысқаш,  көрік,  дәнекерлегіш,  өрнек 
салуға түрлі шапқылар, шеге жасайтын 
темір,  қалыптар  т.б.  пайдаланған. 
Зергерлердің құрал-саймандары көлемі 
жағынан темір ұстасыныкіне қарағанда 
әлдеқайда шағын, әрі, жеңіл, ықшамды 
болып келеді.
Күмістен  бұйымдар  жасау 
үшін  ең  кең  таралған  тәсілдер  отқа 
қызыдырып  соғу,  балқытылған 
металды қалыпқа құю, қаралау, темір 
бетіне күміс шабу, сым кептеу, сіркелеу, 
жұқа  күміс  әшекейлердің  астына 
бедерлі қадау бастармен батыра тұрып 
бедерлеу,  оймалау,  асыл  тастардан 
көздер орнату, су жүргізу, қалыптау, 
жону, қақтау, т.б. ісмерлік жұмыстары 
асқан төзімділік пен шеберлікті керек 
ететін күрделі де нәзік өнер түрі. Күміс 
бетіне қарала жүргізуді қазақ зергерлері 
ертеден білген, қаралауды «қара алтын» 
кейде  қарала  кавказ  жүргізу  деп  те 
атайтын болған. Бұлай атаудың себебі 
әрине  кавказ  зергерлерінің  әсеріне 
байланысты болса керек. 
Археологиялық  зерттеулердің 
нәтижелері зергерлік өнердің өте ерте 
кезден-ақ жоғары деңгейде болғанын 
дәлелдеп  береді.  Мысалы,  Алматы 
облысы  Есік  қаласының  солтүстік 
жағында орналасқан «Есік» обасынан 
табылған  б.д.д.  V  ғ.  жататын  сақ 
жауынгерінің қабірі ашылды. «Есік» 
обасынан табылған заттардың жалпы 
саны төрт мыңнан астам. (1, Акишев, 
1976. 9б.) Күмістен, қыштан, ағаштан 
жасалған ыдыстардан басқа да ағаштан 
өрген қабірде киімге және бас киімге 
тағатын алтын әшекей заттар, сырға, 
алтын белбеу, ұсақ моншақтар табылды. 
Бесшатыр  обаларынан  табылған 
моншақтар, қоладан жасалған әшекейлер 
де өз өнерімен таңқалдырады. Атырау 
облысы Жылыой ауданындағы Иманқара 
қорымынан  шыны,  інжу,  ақықтан 
жасалған моншақтар. Сондай-ақ ежелгі 
Сарайшықтың орнынан шыныдан, түрлі-
түсті тастардан жасалған моншақтар 
мен  жүзіктер,  алтын  сырғалар  мен 
жапсырмалар, қола түйме, қола сырға, 
бетінде жазуы бар сақина, жазуы бар 
сердолик ілдіргілер табылған. 
Ежелден бүкіл Шығысқа кеңінен 
танымал  болған  Отырар  өңірінде 
зергерлік  өнердің  дамығанын 
археологиялық  қазба  жұмыстары 
барысында табылған зергерлік заттар 
арқылы біле аламыз. Олар алтыннан, 
күмістен бояма шынылардан, қоладан 
жасалған түрлі әшекейлер. Зергерлік 
өнер заман, өмір ағымымен қашан да 

ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
82
бірге туындап дамып отыратын күрделі 
де бейнеті мол сала. ХІV ғ. Тарихшысы 
Ф. Рузбихан қолөнершілер орталығы 
Сырдария өңіріндегі қалалар, Орталық 
Қазақстан,  Жетісу  өңірі  болған  деп 
жазады.  (2,  Марғұлан,  1986,  163б.) 
ХІV ғ. бас жағындағы зерттелеген орыс 
деректерінде Сырдария өңірлеріндегі 
ұсталар мен зергерлер туралы жазады. 
Қолөнері  зергерліктің  дамығанын 
көрсететін  Отырар  мемлекеттік 
археологиялық қорық-музей қорында 
Отырар алқабынан табылған зергерлік 
бұйымдар сақтаулы тұр. Бұлар ІІІ-Vғғ., 
Х-ХІІ ғғ., ХVІ-ХVІІ ғғ. тән әшекейлер: 
ақ, қара, көк түсті шыныдан жасалған 
өрнектер түсірілген моншақтар, көбінесе 
әйел  қабірлерінен  табылды.  Әсіресе 
формасы сопақша болып келген шиша 
пастасының  үстіне  аспан  көк  қоңыр 
түсті сұйық шиша пасталарын жағып, 
толқын тәрізді өрнек түсірілген моншақ 
ерекше көз тартады. Сондай-ақ ромб 
тәрізді болып келген көк түсті тастан 
жасалған Х-ХІІ ғ.ғ. тән Қоңыр төбеден 
табылған моншақ және б.д. ІІІ-V ғ.ғ. 
тән ағаттан жасалған Көкмарданнан 
табылған  формасы  дөңгелек  болып 
келген моншақ. Жұмыр немесе цилиндр 
тәрізді  көкшіл  шыны  тәрізді  заттан 
жасалған моншақтар мен дөңгелекше 
болып келген кедір-бұдырлы моншақтар 
жиі кездеседі. Көкмардан зиратынан 
табылған сердолик тасынан жасалған 
және  қара  түсті  тастан  формасы 
сопақша, цилиндр тәрізді үш қырлы етіп 
қашалып жасалған моншақ та жасау 
зергерлігі жағынан жоғары деңгейде. 
Табылған заттардың коллекциясында 
табиғи  тастардан  өңделіп  жасалған 
моншақтар  да  бар,  атап  айтатын 
болсақ сердолик, яшма, лазурит, агат, 
халцедон  т.б.  түрлі-түсті  тастардан 
жасап шығарды. Пайдаланылған тастар 
табиғи, жасанды болып екіге бөлінеді. 
Зергерлік  бұйымдарға  қондырылған 
асыл тастарға ғажап қасиеттер тағылған. 
Мысалы, маржан адамды азғындаудан 
сақтайды,  інжу  көзді  шел  басудан 
қорғайды,  құлпырма  тас  көз  тиюден 
қорғайды,  янтарь  зобты  емдейді,  ал 
ақықты шығыста ежелгі уақыттан-ақ 
ерекше қастерлеген, ол адам бойындағы 
қорқынышты қашырады, ақық сөзінің 
өзі  қазақтарда  әрдайым  сақтаушы 
түсінігін береді және мол бақыт әкеледі 
деп түсінген. Сондай-ақ тас әшекейлерді 
адамды түрлі қауіп-қатерден, тіл-көзден, 
ауру  сырқаудан  сақтайтын  тұмар 
ретінде де таққан. 
Аталған заттар Отырар алқабында 
ұсталық өнердің мән-жайын анықтауға 
жол ашты. Мысалы, Отырардан табылған 
ХІІІ-ХІV ғғ. тән қоладан жасалған дм. 
8,7 см. формасы дөңгелек астыңғы бетіне 
қалыппен өсімдік тектес өрнек түскен 
айна ерекше көз тартады. Айналардың 
бір  тобы  сырт  жағында  зооморфты 
өрнекті  болып  келген  жиектеріне 
өсімдік сабақтары жүргізілген балық 
бейнесімен безендірілген бірнеше айна 
сынықтары  сақталған.  Осы  тәрізді 
айналар  Сарайшықтан  табылған 
айналарға  ұқсас  болып  келген  және 
оған  Павлодардың  Ертіс  бойынан 
табылған екі балық бейнеленген айна 
ЭТНоЛогия, ЭТНогрАФия жәНЕ АНТропоЛогия: 
зЕрТТЕУЛЕр, әдіСТЕр мЕН ТәСіЛдЕр

83
ЭТНоЛогия, ЭТНогрАФия и АНТропоЛогия: 
иССЛЕдоВАНия, мЕТоды и подходы
сәйкес келеді. Хорезм, Еділ бойындағы 
алтынордалық  кезеңнің,  Сібір  және 
Қиыр Шығыс ескерткіштерінде де тап 
осындай айналар бар. (3, Байпақов, 2007, 
171 б.) Балық бейнесімен безендірілген 
айналарға  тоқталатын  болсақ,  олар 
әсіресе  зергерлік  бұйымдарда  көп 
қолданылады.  Қазақтарда  ол  су  мен 
жер  символы,  тазалықтың  символы. 
Сондай-ақ  этнографиялық  деректер 
бойынша балықтар жаман нәрселерді 
қуады, кеселден айықтырады деп сенген. 
Жануарлар  бейнесімен  әшекейленген 
айнаның келесі түрі, арыстанның, бұғы, 
және  иттің  суреттері  бар,  диаметрі 
14,2 см. болатын айнаның бұл түрі ХІ-
ХІІ ғғ. кезеңіне жатады. (4, Байпақов, 
2007, 172 б.) Мұндағы әшекейленген 
бұғы бейнесіне келетін болсақ, ол Орта 
Азияның  түркі-монғол  өнерінде  кең 
тараған.  Бұғы  киелі  жануар  ретінде 
аңыздарда  көп  айтылады.  Мысалы, 
Қозы көрпеш - Баян сұлу жырында ол 
туралы айтылады. Ал арыстан бейнесі 
Қазақстан өнерінде б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. бері 
белгілі. Түркі дәуірінде арыстан бейнесі 
металдан  жасалған,  саздан  жасалған 
жәдігерлерде кең өріс алды.
Археологиялық қазба жұмыстары 
барысында сондай-ақ бетінде өрнегі бар 
сақина , сырға, жүзік, білезік тәрізді 
заттар  да  табылды.  Әсіресе  мыстан, 
қоладан  бетінде  өрнегі  бар  жүзіктер 
ерекше  көз  тартады.  Бірінің  беті 
алты бұрышты, екіншісінің беті төрт 
жапырықты болып келген, сондай-ақ 
бетіне сердолик, лазурит, нефрит, яшма, 
агат, гагат, серпантинат, тау хрусталі 
т.б. көздер орнатылған. Сырғалардың 
жасалу  ерекшеліктері  бойынша  ай 
сырғалар,  дөңгелек  сырғалар  деп 
бөлуге болады. Осы тәрізді Маңғыстау 
өңірінде алтынмен қапталған сырғалар 
табылды. Зергерлік бұйымдардың тағы 
бір түрі білезіктердің иілген жерлері бір 
жері алты бұрышты, жыланбас, ромб 
тәрізді өрілген білезіктер де кең тараған. 
Отырардан табылған алтыннан жасалған 
ХІІ-ХІV ғғ. тән иіс су ыдысының алтын 
қорабы  зергерлік  өнердің  жоғары 
деңгейде болғанын көрсетеді. Алтын 
қорап бес қырлы болып жасалған, түбі 
ашық  үсті  бес  қатардан  айналдыра 
сатыланып бірте-бірте кішірейіп төбесі 
тәж тәрізденіп аяқталған, қақпағы бар. 
Әрбір қабырғасының төсегін торлап 
тоқыған. Қабырғаларының ортасында 
«гүлдесте» өрнегі бір текше көтеріліп 
жапсырылған,  оның  ортасына  және 
айналдыра  өте  нәзік  гүл  өрнектері 
жапсырылған. Салмағы 6 грамм, 400 мг. 
Сонымен қатар, Отырар алқабындағы 
көне тарихи ескерткіштерден табылған 
зергерлік өнердің ғажайып туындылары 
қапсырма, әйел мен ерлер белдіктері, 
шаш  түйреуіш,  тана  т.б.  мұндағы 
зергерлік  өнердің  жоғары  дәрежеде 
дамығанын аңғартады.
Зергерлік әшекей бұйымдарды 
арнайы қалыптарда жасап шығарды. 
Мысалы,  Отырартөбеден  табылған  
ХVІ-ХVІІ  ғғ.  тән  қалыптардың 
бірі  сырға  жасауға,  екіншісі  тас 
агальматалиттен жасалған олар білезік 
құюға арналса, үшіншісі салпыншақ, 
төртіншісі моншақ жасауға арналған, ал 
А.А. жұмАШоВА

ӨЛКЕТАНУ №4, 2010
84
зімпара атты түрпілі құралды түрлі-түсті 
тастарды, металды, ағашты тегістеуге, 
өңдеуге, тазалауға қолданатын болған.
Қолөнері дами келе қазақ халқы 
зергерлік әшекейлерді, қару-жарақты, ер 
тұрманды, үй жиһаздарын т.б. заттарды 
безендіргенде жануарлар стилін малдың 
мүйізі құстың қанаты, жыланның басы 
бейнеленген.  Кейбір  жануарлар  мен 
құстар  киелі  деп  саналған.  Мысалы, 
қой,  түйе,  жылқының  адамдарды 
ауру  сырқаудан,  тіл-көзден  сақтай 
алатын  қасиеті  болады  деген.  Құсты 
бейнелеу себебі құс ежелден еркіндік 
пен бақыттың, ізгілік пен бейбіт өмір 
сүрудің символы болған (4, Шойбеков, 
1993,  156  б.).  Құстарға  байланысты 
әдет-ғұрып,  наным-сенімнен  туған 
құсмойын, құстұмсық, құс жолы сияқты 
ою-өрнектер пайдаланылған. Құс көне 
түркі тайпаларының ұғымында көктің, 
аспан әлемінің символы. 
Зооморфтық  өрнекке  жататын 
арқар,  қошқар,  бұғы,  мүйіздері  мен 
арыстан,  жолбарыс,  қыран,  аққу, 
құстардың  бейнелерін  тұрмыстағы 
заттарға ойып, зерлеп тоқыған, бұлар 
әсіресе  зергерлік  бұйымдар  арқылы 
бізге жеткен. Жануарлардың шынайы, 
қиялы образын түрлі көріністе бейнелеу 
сақтардан бастау алады. Ежелгі адамдар 
өздерін табиғаттың ажырамас бір бөлігі 
деген  дүниетанымнан  болу  керек, 
олар  қоршаған  ортаны  бейнелеуде 
асқан шеберлікті танытты деп жазады 
зерттеуші  М.Ш.  Өмірбекова.  Аң, 
құс,  жануарлар  бейнеленген  заттар 
қасиетті  саналып,  олардың  тырнақ 
сүйектерінен  тұмар  жасаған,  сақ 
дәуірінен бастау алған аң стилі бірте-
бірте өзгерістерге ұшырап отырған. Аң 
стилінің қалыптасуының басты себебі, 
адамдар  аңдар  мен  жануарлардан 
пайда болды деген қиялдан туған болу 
керек.
О т ы р а р ,   Қ ұ й р ы қ т ө б е , 
Көкмарданнан  табылған  заттарда 
жануарлар стилі бейнеленген. Мысалы, 
Отырар қаласының орнынан табылған 
шаш түйреуіштің бас жағына қонақтап 
отырған құс бейнеленген. Көкмарданнан 
табылған тұмаршаларда ешкі бейнесі 
бейнеленген. Сондай-ақ жануарлар стилі 
«Есік» обасынан табылған көп заттардың 
бірі  сабы  алтын  қапсырмалармен 
әшекейленген ақинақ қанжар. Онда жылан, 
қасқыр, арқар, киік, тау теке, қоянның 
шағын мүсіндері бар. Қазақ халқының 
тұрмысында көп қолданылатын оюдың 
атасы  қошқар  мүйіз  өрнегі,  оның 
қолданылмайтын  жері  жоқ.  Қошқар 
мүйіз өрнегі – байлық пен молшылықтың 
нышаны.  Мүйіз  элементтерімен 
бедерлеу көнеден келе жатқан дәстүр, 
археологиялық, этнографиялық деректер 
мен  музей  колекцияларына  сүйенсек 
қошқар батырлық пен мықтылықтың 
символы, өніп-өрбу мен құт символы. 
Аталған зергерлік бұйымдардың 
көпшілігі  Арыс  өзенінің  сол 
жағалауындағы ең үлкен төбелердің бірі 
Көкмарданнан табылды. Мысалы, қайыс 
белбеулерді бекітетін көптеген темір мен 
қоладан жасалған жапсырмалар табылды. 
Табылған  заттардың  ішінде  әйелдер 
әшекейлері де көп. Олар тастан, әйнектен, 
ЭТНоЛогия, ЭТНогрАФия жәНЕ АНТропоЛогия: 
зЕрТТЕУЛЕр, әдіСТЕр мЕН ТәСіЛдЕр

85
ЭТНоЛогия, ЭТНогрАФия и АНТропоЛогия: 
иССЛЕдоВАНия, мЕТоды и подходы
металдан жасалған моншақтар, сырғалар, 
түсті тастардан көздері бар дөңгелек 
келген  қола  тұмаршалар,  алтыннан 
жасалған  аспа  әшекейлер,  басынан 
үшкірлеп жәңішке сымнан жасаған шаш 
түйреуіштер. Әйел зираттарынан қола 
айналар, қас бояйтын сүрметас табылған, 
осындай заттардың бірі мөлдір әйнектен 
салынған көзі бар қола медальон мен қола 
шынжырбау. Олардағы өрнектер көздің 
жауын алады. Көк-Мардан зираттарына 
тән ерекшелік түрлі аспалы тұмарлардың 
көптеп кездесуі. Ешкі және түрлі аң 
құстардың пішініндегі қола тұмарлар жиі 
кездеседі. Сондай-ақ сүйектен жасалған 
ұзынша болып басы белгілі бір кескінде 
жасалған түйреуіштер де көз тартып 
тұрады. Олар шашты түйреп қою үшін 
пайдаланылған. 
О т ы р а р   м е м л е к е т т і к 
археологиялық қорық-музей қорында 
ХІХ-ХХ  ғғ.  тән  халық  қолданбалы 
өнерінің  жәдігерлері  зергерлік 
бұйымдардың  2000-нан  астамы 
сақтаулы  тұр.  Олар  білезік,  сақина, 
шекелік,  сырға,  шолпы,  шашбау, 
бойтұмар, тана, жүзік, алқа. Аталған 
жәдігерлердің  бірнеше  түрлері  бар, 
оларға жеке-жеке тоқталатын болсақ, 
мысалы  шашбау  дегеніміз  шашқа 
тағатын, шашқа қосып өретін әшекекейлі 
бау. Музей қорындағы шашбаулардың 
көпшілігі  1858  жылдан  1920  жылға 
дейінгі  шыққан  теңгелерден  немесе 
қақталған күмістен өрнектеп жасалған 
моншақты,  қоңыраулы  әшекейлер, 
олар тыніке, оймыш, тәсілдері арқылы 
жасалған. Шолпыны тек сәндік үшін 
ғана  емес,  шаштың  жинақы  тұруы 
үшін, қыздың дене құрылысының дұрыс 
өсуі үшін де таққан. Музей қорындағы 
күмістен жасалған теңгелердің өрнектері 
өсімдік  тәрізді  болып  келген,  өрнек 
айналасы балық қабыршықтары тәрізді 
өрнектелгені де көп кездеседі.
Ә ш е к е й   б ұ й ы м д а р д ы ң 
келесі  тобы  бойтұмарлар,  палеолит 
дәуірінде  зергерлік  бұйымдардың 
ішінде  ең  алғашқы  табылғаны 
–  бойтұмарлар  болып  табылады.  
ХІХ-ХХ ғғ. тән бойтұмарлардың өрнектері 
геометриялық  үлгіде  және  сызықша 
тәрізді болып келген. Оларға дұға, ішірткі 
жазып шүберекке орап, сыртын қаптаған, 
әшекей ретінде де бәле-жаладан, ауру-
сырқаулардан,  көз  тиюден  сақтайды 
деген түсінік бойынша да таққан. Күміс 
түймені әр-түрлі тастан қырнап, өңдеп 
жиегін таза күміспен көмкеріп жасаған. 
Оны ертеректе қыз-келіншектер, апалар 
сән үшін де әшекей ретінде де таққан. 
Музей қорындағы күмістен жасалған 
түймелердің өрнектері өсімдік тәрізді 
және геометриялық үлгіде жасалған. 
Күмістен  жасалған  заттардың 
бірі қыз-келіншектердің, әйелдер мен 
әжелердің  білегіне  салатын  әшекей 
бұйымы білезіктің жылан бас білезік, 
зерлі  білезік,  жіңішке  білезік,  қақпа 
білезік,  топсалы  білезік  т.б.  бірнеше 
түрі музей қорында сақтаулы. Мысалы, 
жылан бас білезік – жылан басты оюмен 
өрнектеліп, білезіктің екі ұшы жыланның 
басы тәрізді болып келген, ал жіңішке 
білезік дегеніміз күмістен енін шағын 
етіп жасаған білезікті айтады. Қақапақ 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал