Сабақ 1-күн 1-сабақ Тақырыбы: Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу Мақсаты



бет7/9
Дата05.12.2023
өлшемі200,94 Kb.
#134486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
phprPlBVX 23kun

Сабақты зерттеуді жоспарлау
Мүмкіндігінше, сол пәнді беретін және/немесе сіздің оқушыларыңыздың жасындағы оқушылармен жұмыс істейтін басқа мұғаліммен жұптасып жұмыс істеңіз.
Зерттеу сабағына кіре алатын сабақ жоспарын бірлесіп жасаңыз.
Төмендегі қадамдарды қолданыңыз.

  1. Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарыңызда сынап көргіңіз келген «оқытудағы/оқудағы жаңа тәсілді» айқындаңыз. Мысалы:

  • Белгілі бір критерийлерді пайдалана отырып, әріптестердің жазбаша жұмысты өзара бағалауы;

  • Топпен жұмыста дарынды және талантты оқушыларға топты басқаруды тапсыру;

  • Оқушылар жұптарының арасында диалогті ынталандыру үшін интернет-ресурстарды пайдалану;

  • және т.б.

  1. Оқу жоспарының (тақырыбының) қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын шешіңіз. Мысалы:

  • Гүлдеген өсімдіктің бөліктерін зерттеу;

  • Сан заңдылықтарын айқындаумен байланысты математикалық есептерді шығару;

  • Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ландшафты зерделеу т.б.

  1. Тақырыбына қарай, сіздің оқушыларыңызға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындаңыз. Мысалы:

  • 6 жасар оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлігінің неге арналғанын білетін болады.

  1. Енді кейс-стадиға қосу үшін сіздің сабақтарыңызда оқушылардың түрлі топтарын көрсететін оқушыларды «іріктеп» алыңыз.

Бұл жазу сияқты пәнаралық дағдыларға немесе ғылыми терминологияны білу сияқты арнайы дағдыларға қатысты оқу үлгерімі жақсы, орташа және нашар оқушылар болғаны дұрыс.
Әр мұғалім өз оқушыларының таңдалған тақырыптар бойынша үлгерімінің динамикасы туралы білімін реттеу үшін «L2W3D4_pupil outlines-каз» кестесін пайдалануы керек.
Осы материалдың соңында келтірілген сабақ жоспарының шаблонын пайдалана отырып, сабақ жоспарының а), b), c) және d) бөлімдерін орындаңыз.
Мысал:



a) Оқытудың/оқудағы тәсілі

«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану

b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)

Гүлдеген өсімдіктің бөлшектері

c) Оқытудың нақты нәтижесі

Оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлшегінің неге арналғанын білетін болады.

d) Сабақ

Оқушылар төрт адамнан тұратын топтарға бөлініп, қызғалдақты қарастырады және қандай негізгі бөлшектерден тұратыны туралы ойланады.
Сосын олар қызғалдақты құрамдас бөлшектерге кесіп, қағаз параққа желімдейді.
Олар бөлшектердің атауын және функцияларын талқылайды және оларды қағазға жазады.



e) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері(A)






f) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері(B)






g) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері(C)






Сабақ жоспарының шаблоны





  1. Оқытудың/оқудағы тәсілі







  1. Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)







  1. Оқытудың нақты нәтижесі







  1. Сабақ







  1. Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (A)







  1. Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (B)







  1. Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (C)











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет