Сабақ 1-күн 1-сабақ Тақырыбы: Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу Мақсаты



бет3/9
Дата05.12.2023
өлшемі200,94 Kb.
#134486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
phprPlBVX 23kun

7мин


5 мин



«Өз орныңды белгіле»
Мақсаты: "Шаттық шеңбері" әдісіне өзгеріс енгізу арқылы топқа біріктіру.
Тыңдаушылар шеңберге жиналады. Әр қатысушыға біреуден ән шумақтары жазылған үлестірме қағаздар беріледі. Әр қатысушы өз көршісіне тілек айта отырып, өлең шумағы жазылған парақшаларды ұсынады. Берілген өлең шумақтарына сәйкес әнді орындай жүріп топтарға орналасады.
Тренер түйіні
Тіпті кішкене күлімдегеннен кейін де ағзада бір микроб өледі екен. (Данагөй даусы)

Құрметті әріптестер!


Сіздер бүгінгі сабақтан не күтесіздер? Сабақтар арасында байланыс бар деп ойлайсыздар ма?
Тренер оқыту нәтижесін келісу және жұмыс барысында белсенділік танытуға бағдарлайды. Тепе-теңдікті жұмыс барысында сақтайды,барлығы бір толқында болады.
Оқу мен оқыту үдерісінде ортақ мақсат пен нәтижеге бағытталған жұмысты біз қалай ұйымдастырамыз? Қалай ойлайсыздар?
Тренер түйіні
Біз оқушыларды бақытты ететіндей оқытуымыз керек.

«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы зерттеу парағы Пит Дадлидің Lesson Study:


теориясы мен қолдану тәсілдері және сабақтың бейнебаянын ұсынады, пікір білдіруге тартады.
Алгоритм
1. Кино қаралатын кеңістікті ұйымдастыру.
2. Тақырып – тапсырма. Қарау және талқылау туралы нұсқау.
3. Киноны қарау.
4. Үзіндіні талдау. Талдау келесі әдістерді қолдану арқылы жүзеге
асырылады:
 ортақ ортада;
модерация көмегімен;
 Ватман, маркерлермен командалар жұмысын ұйымдастыру және
спикердің топтық шешімді хабарлауы.
5. Келесі жаттығуға логикалық көпір.


Сабақты зерттеуді жоспарлау
Мүмкіндігінше, сол пәнді беретін және/немесе сіздің оқушыларыңыздың жасындағы оқушылармен жұмыс істейтін басқа мұғаліммен жұптасып жұмыс істеңіз.
Зерттеу сабағына кіре алатын сабақ жоспарын бірлесіп жасаңыз.(Үлестірмелі материалдар ұсынады.)
Алгоритм
Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарыңызда сынап көргіңіз келген «оқытудағы/оқудағы жаңа тәсілді» айқындаңыз. Мысалы:

  1. Оқу жоспарының (тақырыбының) қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын шешіңіз. Мысалы:

  • Гүлдеген өсімдіктің бөліктерін зерттеу;

  • Сан заңдылықтарын айқындаумен байланысты математикалық есептерді шығару;

  • Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ландшафты зерделеу т.б.

  1. Тақырыбына қарай, сіздің оқушыларыңызға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындаңыз. Мысалы:

  • 6 жасар оқушылар гүлдеген өсімдіктерде тамыры, сабақтары, жапырақтары мен гүлдері болатынын білуі тиіс. Олар өсімдіктің әр бөлігінің неге арналғанын білетін болады.

  1. Енді кейс-стадиға қосу үшін сіздің сабақтарыңызда оқушылардың түрлі топтарын көрсететін оқушыларды «іріктеп» алыңыз.

Бұл жазу сияқты пәнаралық дағдыларға немесе ғылыми терминологияны білу сияқты арнайы дағдыларға қатысты оқу үлгерімі жақсы, орташа және нашар оқушылар болғаны дұрыс.
Тренер түйіні
Іс-әрекеттегі зерттеу - ойлану және талқылауға негізделген тәжірибе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет