Сабақ 1-күн 1-сабақ Тақырыбы: Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу Мақсаты


«Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу»



бет8/9
Дата05.12.2023
өлшемі200,94 Kb.
#134486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
phprPlBVX 23kun

«Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу» атты ықшамсабақтың рефлексивті есебі

Біз, болашақ мектеп тренерлері, үздіксіз кәсіби дайындықтың маңызын және оның өздерінің және басқалардың оқу мен тәжірибелік жұмысын қалай дамыта және жақсарта алатынын түйсінуіміз қажет. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби өсуінің келешегіне деген сенімін күшейтіп, олардың меңгерген білімдеріне қарай әр сабақтың тиісті бағасын беріп, алдағы сабақтарын жетілдіру жолдарын іздейтін боламыз. Өз тәжірибемізде оқу мен оқытудағы жетi модульдердi білетіндіктен, сол түсiнiгiміздi «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша жүргізілген оқу курсында «Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу» ықшам сабағын жоспарладым. Жоспарлау барысында ең маңызды деп бүгiнгi кезеңдегi инновациялық бағыттағы яғни бiлiм беру iсiн тереңдету мақсатында жүргiзiлiп жатқан бiршама жаңарудан кейiн әр мұғалiм оқушыларды бағалау тәжiрибесiнде әр қилы өзiндiк жаңалықтар енгiзуде. Біз үшiн бағалау тек бiлiм нәтижесiн анықтау мақсатында жүзеге асырылатын дүние болса, сындарлы оқытудан кейiн оны жан-жақты қарастыра бiлдiк.


Ықшамсабақты өткізу үшін жоспарлау кезеңінде модулге қандай тақырып пен стратегияларды пайдалану керектігін айқындай алмай қиналдық. Курста меңгерген теориялық материалды қайталап, тренердің айтқандарын есімізге түсіре отырып, біз «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша «Мектеп тренерлері» курсынан өтуде тыңдаушылардың осы курстан алған жетістіктерінің қай деңгейде тұрғандығын анықтау мақсатында олардың қажеттілігіне байланысты оқыту үшін бағалауды Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы», «Блоб ағашы» стратегияларын пайдалану қажет деп шештiк. Осы стратегияларларды қолдану арқылы тыңдаушылар өз- өздерін бағалай алуы және өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет екенін ескере келе, біз тыңдаушыларды бағалауда формативтi бағалаудың өз-өзін бағалау әдісін қолданамыз. Бұл бағалау әдісі тыңдаушыларды оқыту үшiн бағалауға тиiмдi деп ойлаймыз және өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.
Біз алдымен ықшамсабақты бастамас бұрын тыңдаушыларымызға жағымды ахуал туғыза отырып, тыңдаушылармыздың көңіл-күйлерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды ұйғардық. Сабақтың келесi кезеңiнде «Миға шабуыл» тапсырмасын орындауда сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытуға байланысты «Кім? Нені? Қайда? Не істеді?» сұрақтарға дұрыс жауап беруде тыңдаушылардың бiлiмдерiн бағалау мақсатында «Жарайсың», «Өте керемет» т.б сөздер арқылы ынталандыру стратегиясын қолдануды жөн көрдік. Бұл тыңдаушыларды оқыту үдерiсiн белгiлi бiр тапсырманы немесе жаттығуды орындауда ойлануға итермелейдi.
Материалды түсiнудi жақсартуға бағытталған жаттығуларда әсіресе Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы», «Блоб ағашы» стратегиялары арқылы тыңдаушыларға белгiленген өлшемдердiң шегiнде тұрғандығын бағалау барысында пайда болатын сұрақтарды ұсынып, осылайша олардың деңгейiн бiлу үшiн «Смайлик» әдiсi және «Блоб ағашы» стратегиясын «Көршіңмен сырлас» әдісі арқылы жұптық талқылауға беріп, жұптық бағалауды тиiмдi жүргізу қажет екенін ойластырдық.
Сабақ барысында жетістік деңгейлерін қорытындылауда түрлi тәсiлдердi алған себебіміз, тыңдаушылардың жұмыстарын бақылау барысында өз-өздерін деңгейлері бойынша бағалай алатындығын байқай аламыз.


Не сәттi өттi?
Формативтi бағалаудың «Басбармақ», «Смайлик»әдістерін, Эдвард де Бононың «Ақылдың алты қалпағы», «Блоб ағашы» стратегияларын тиiмдi пайдалана алдық. Тыңдаушылар өзiн-өзi бағалауға дағдыланып, әдiл баға берудi үйрендi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет