Сабақ 1-күн 1-сабақ Тақырыбы: Оқу мен оқыту үдерісінің сапасын арттыру мақсатында сабақты зерттеу Мақсаты



бет4/9
Дата05.12.2023
өлшемі200,94 Kb.
#134486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
phprPlBVX 23kun

«Жалғыз ойыншы» ойыны
Шарты.Мұғалімдер шеңбер бойында тұрады. Көңілді әуен ойналып тұрады. Бір адам ортада билеп жүріп, бір әріптесінің аяғын басып, жанына қосып алады. Ойын осылай тақ болғанша жүре береді. Бақылаушы әуенді тоқтатқанда ортадағылар жұп болады. Жалғыз қалған ойыншы ойынды әрі қарай жалғастырады. Жұбы жоқтар айыпты болып, өз қарызын қайырады.Бұл ойын жылдамдыққа, аңғарымпаздыққа, күш-жігерді көтеруге көмектеседі.
Тренер түйіні
Табиғаттың ең қымбат сыйы– көңілді күй мен мейірбан ақыл
«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕЖЕСІ
5-6 адамнан тұратын топтарда өзіңіздің кәсіби мәнмәтініңіздің аясында мынадай сұрақтарды талқылаңыз.
1-топ Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар? (1.Сабақты зерттеудің маңыздылығы неде? )
2-топ Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер?( Сабақты зерттеудегі кедергілер)
3-топ Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз? (Қандай мәселелер кездесті (оқушыға қатысты) ол үшін қандай әдіс-тәсілдерді жетілдіру қажет?)
4-топ А,В,С деңгейлі оқушыда қандай өзгеріс болды, көзделген мақсатқа қол жетті ме?Сабақты зерттеу бағытындағы әрбір оқушының деңгейінде өсу бар ма? Оған не себеп?

«Сэндвич» әдісі бойынша бағалайды. (Бағалау ауызша жүреді)


Үлестірмелі материалдан “Үздік сабақтың алты белгісі” тақырыбын оқуды ұсынады.


Тренер түйіні
Сабақтың сәтті болу құпиясы мұғалімнің өз назарын нәтижелерге шоғырландыруына осы үздік сабақтың алты белгісі маңызды.Оқыту үшін бағалау, талқылаулар, оқытудың сараланған мақсаттары, топтық талқылау–алға қойған мақсаттарыңыз, яғни мақсатқа жетудің жолдары, бірақ мақсаттың өзі емес.


The power of lesson study kaz
Бағалау критерийлері бойынша өткен сабақты бағалауға ықпалдайды.

Алмасу-сезім саласында кері байланыс ұйымдастырудың әдісі.Алмасу шынайылық пен қабылдаудың ерекше ахуалын, әрбір адамға айналасындағыларға қысым жасамай-ақ өзімен-өзі болуына мүмкіндік беріп, сенім жағдайын қалыптастыруға септігін тигізеді.Алмасу топтың энергиясын теңестіреді.





Мұғалімдер төмендегі алгоритм бойынша жұмыс жасайды.
Алгоритм
1.Кеңістікті ұйымдастыру
2.Нұсқау беру
3.Ойын
4.Ойынды тоқтату
5.Топқа бірігеді.
6.Тренер түйіні. Тақырыппен байланыстыру.
Көңілді атмосфера орнайды.

Мұғалімдер берілген сұрақ төңірегінде өз пікірлерін білдіреді. Ойды тәжірибемен ұштастырады.Өтілген тақырыпты ойда жаңғыртады.Стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.


Нақтылыққа, уақытты тиімді пайдалануға, ойды ұтымды жеткізуге ұмтылады және ендік пен тереңдік туралы ойланады.
«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы зерттеу парағы Пит Дадлидің Lesson Study:
теориясы мен қолдану тәсілдері және сабақтың бейнебаяны бойынша өз ойларын ортаға салады.
1-2-топ – зерттеу парағы бойынша
3-4-топ – бейнебаян бойынша
Бейнежазба арқылы сабаққа құрылған жоспар мен іс-әрекеттің сәйкестігін анықтайды.Қарау және талқылау ортақ ортада іске асады.

Мұғалімдер қателікті анықтап, шығатын жолды іздеп, неге екенін дәлелдейді және ендігі мақсаты мен зерттеу сұрағын анықтауға


жұмыс жасайды.
Сабақ жоспарын және оқушылардың оқу деңгейіне байланысты критерийлер құрады.
Сабақ жоспарының шаблоны

a) Оқытудың/оқудағы тәсілі




b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)




c) Оқытудың нақты нәтижесі




d) Сабақ




e) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (A)




f) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (B)




g) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (C)




Мұғалімдер оқушылардың белгілі бір тақырыпқа байланысты орындаған жұмыстарын топ мүшелері келісе отырып,
«А»- оқу үлгерімі деңгейі жоғары оқушы,
«В»- оқу үлгерімі деңгейі орта оқушы,
«С»- оқу үлгерімі деңгейі төмен оқушы деп топ- тарға бөледі.

Үлгерімі жақсы (А) Үлгерімі жақсы (В) Үлгерімі жақсы (С)

Алгоритм
1.Кеңістікті ұйымдастыру


2.Нұсқау беру
3.Ойын
4.Ойынды тоқтату
5.Топқа бірігеді.
6.Тренер түйіні. Тақырыппен байланыстыру.

Топтар тренер ұсынған сұрақтарды талдай отырып, сабақтың өту деңгейін толықтырады.


Топтар бір-бірімен пікір алмасады, ойларын жинақтайды.
Топтар бір-біріне сындарлы түрде бағалау жүргізеді.
Мұғалімдер үлестірмелі материалдағы 122-бетте орналасқан «Үздік сабақтың алты белгісі» тақырыбын оқиды, мәлімет алады,ойға түйеді, пікірлеседі, тәжірибеде қолданатын болады.

Бейнекадрды көреді және тиімділігін ескереді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет