«Сені көргеніме қуаныштымын, себебі.......» оқушылар өздерінің қасындағы оқушылардың жақсы жақтарын айтады.
«Жылы және суық» жылы және суық түстер арқылы оқушыларды топқа бөлу
Атау туралы үш сұрақ ҚАЙДА? Бұл терминдерді бұрын қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
ҚАЛАЙ? Өз тәжірибеңде бұл атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?
ҚАНДАЙ? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?
Жеке
«Атау туралы 3сұрақ»
Білу 10 мин Түсіну 5 мин
«Бірге ойлаймыз»
Білу кезеңі:
1.Ақпарат деген не?
2. Ақпараттың қандай түрлері бар?
3.Адам ақпараттың қандай түрлерін пайдалана алады?
4.Адам ақпаратты қайда және қалай сақтайды?
5.Жеткізушіден қабылдаушыға қандай ақпарат беріледі?
"Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. "Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.