Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Дананың сөзі ақылдың көзі



бет14/40
Дата25.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#126292
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
8 кл әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024ж 2











Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 7-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»



Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қорқыттың нақыл сөздері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;



Сабақтың мақсаты

Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
4 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Миға шабуыл
Қорқыттың нақыл сөздерін негізге ала отырып, диалогтік сауал-жауап құраңдар.

Нақыл сөз

Сұрақ

Жауап













Сұрақтарға жауап береді

Ауызша
мадақтау арқылы бағалау
Жарайсың!
Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл



Сабақтың
ортасы
6 минут
8 минут


15 минут

6 минут

1-тапсырма

  1. Қорқыт нақыл сөздерінде көрініс тапқан құндылықтарды анықтаңыз.

  2. Оларды қазіргі өмір құндылықтарымен салыстырыңыз.

2-тапсырма
Нақыл сөздердегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз



Нақыл сөздер

Салыстырмалы талдау

Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас.




Ананың көңілі балада




Өтірік сөз өрге баспайды.




Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атадан өнеге алмаған ұл жаман.




10-тапсырма. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан өнеге алмаған
ұл жаман» нақылы негізінде:
а) Бүгінгі күнгі қыз бала мен ұл баланың мінез-құлқы қандай болуы керек?
ә) «Ата-ана тәрбиесінің қадірі неде?» деген сұрақтарға өз ойларыңды эссе
түрінде жазыңдар.
Бекіту
Берілген нақыл сөздің идеясына мән бере отырып, болашақтағы өз арман-
мақсаттарыңа өз ойларыңнан үш нақыл сөз жазыңдар.

Қорқыт атаның нақыл сөздері мен қазақтың мақал-мәтелдерін салыстырады.

Дескриптор
Білім алушы
- шығармадағы құндылықтарды анықтайды;
-құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады
-шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды;
-заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;
-материалдық, рухани құндылықтарға баға береді

Жетон арқылы бағалау






Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл



Сабақтың_аяқталуы_2_минут'>Сабақтың аяқталуы
2 минут

Үйге тапсырма: 5-тапсырма



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл

4 минут

Рефлексия










Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 8-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»



Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Қожа Ахмет Иассауи өмірі мен шығармашылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
10 минут

Сабақтың
ортасы
8 минут
6 минут
5 минут


5 минут


5 минут

І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Топқа бөліну: «Кемедегінің жаны бір» әдісі бойынша
Миға шабуыл: БББ кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді








Мұғалім сөзі:
Бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
1-әрекет. Бейнеролик: «Даналық кітабы»
Мұғалім оқушыларға бейнеролик көрсетеді, оқушылар бейнеролик бойынша алған жаңа ақпараттарды кестенің екінші бағанына жазып, топ ішінде ой бөліседі.
Мұғалім «Даналық кітабының» негізгі ойы, мақсаты туралы кері байланыс жасайды.
2-әрекет. «Ұйымдасқан ұяшықтар» Т.
Әр топқа ұяшықтар бейнеленген А3 парағын, Ахмет Йассауидің хикметтерін ұсынады.

Тапсырма.
Жеке жұмыс
Оқулық, хрестоматия материалдарын пайдаланып, «Үш түрлі күнделік» толтырыңдар. Жұмыс нәтижесін талдаңдар.

Шығармадан ерекше әсер еткен немесе ой салған үзінді, дәйексөз

Жеке түсінік беру: бұл үзіндіні немесе дәйексөзді таңдауға не себеп болды? Осыған байланысты қандай сұрақтар туды?

«Мұғалімге хат» - сұрақтар










Тапсырма.
Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.

Даналардың айтары келер болды, Қияметтің қиянаты төнер болды. Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды, достар?


Үлкен-кіші адамнан ибалық, әдет кетті,
Қыз-бозбала, жастардан әдеп кетті.
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?


Сөздікпен жұмыс
Қиямет –діни сенім бойынша о дүниеге барған әрбір адам өтетін қыспақ.
Мұсылман- ислам дінін мойындаған, соның шарттарын орындайтын адам. Ауыспалы мағынада қайырымды кісі, мейірбанды жан.
Мүрит-діни лауазымды адамдарға қол тапсырып, солардың ісін дәріптеуші, шәкірт, ізбасар.
Пір-қолдап- қорғаушы рух, аруақ
Жамағат- аздаған жақындық, алыс туыстық
Дәруіш-суфизм ағымын қолдаушы, дүние қызығынан безген адам, диуана.
Дұға- «сұрау», «жалбарыну» дегенге келеді. Аллаға дұға ету деген сөз Оған жалбарынып, әр нәрсенің қайырлысын сұрау дегенді білдіреді.
Жұптық жұмыс
Венн диаграммасы арқылы Қожа Ахмет Ясауи мен Қорқыт ата тағылымын салыстырыңдар.
Ясауи Қорқыт ата


Сабақты бекіту

БББ кестесінің үшінші бөлігін толтыр.



Білемін

Білдім

Білгім келеді











Оқушылар Ахмет Йассауидің «Даналық кітабы» жайлы білетін ақпараттарын кестенің бірінші бағанына жазады.
Топ ішінде бір-бірімен ой бөліседі.
Оқушылар топ ішінде рөлдерге бөлініп, хикметтерді талдайды, ұяшықтарды қажетті ақпараттармен толықтырып, сынып алдында қорғайды.

Шығармадан алған үзінділерді өз шығармашылығы арқылы қайта өңдеп креативті жазады


Берілген сөздердің мағынасын анықтап, дәптерлеріне
жазады. Аталған сөздердің бүгінгі күні қолданысына зер салады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет