Сабақтың
басталуы
7 минут
Сабақтың
ортасы
10 минут
7 минут
8 минут
7 минут
Сабақтың аяқталуы
2 минут
|
1. Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал .
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Миға шабуыл
а) Берілген өлең жолдарында не баяндалады?
ә) Шығарма қай жанрға жатады?
б) Ақтамберді жырау өсиет сөздерінде ұрпағына нені аманат етеді?
в) Аманат деген сөздің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?
Тапсырма
Берілген жолдардан көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтаңыз.
Балаларыма өсиет
Балаларыма өсиет,
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірер әреке.
Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді,
Ақылың барың ұғарсың,
Ойың болса сезімді.
Тоқсанға жас келген соң,
Өлім жақын көрінді.
Бар арманым, айтайын,
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан, қайтейін!
Ел аман болсын лайым,
Тілегім берді бәрін де,
Разымын, құдайым!
7-тапсырма.
Берілген шығармадан аллитерацияны тауып, айтып беріңдер.
6-тапсырма.
Толғауларды оқи отырып, Ақтамберді жырауға портреттік мінездеме жазыңдар.
Қорытынды
8-тапсырма.
Келер ұрпаққа қандай өсиет қалдырар едіңдер? Шығармадан
өздеріңе ұнаған үзіндіні ала отырып, ойларыңды қорытындылап жазып,
айтып беріңдер.
Үйге тапсырма: 11-тапсырма
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Берілген жолдардан көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.
Шығармадан аллитерацияны тауып, қолданылу ерекшелігіне талдау жасайды.
Ақтамберді жырауға портреттік мінездеме жазады.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!
Керемет!
Дескриптор
Білім алушы
-жырда қолданылған көркемдегіш
құралдарды ажыратады;
-көркемдегіш
құралдардың қолданысын талдайды;
-автор стилін анықтайды
Берілген тапсырмалар
дың барлығына
«ноутбук» арқылы өзін-өзі бағалау жүргізеді.
|
Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл
https://everything.kz/article/28410019-balalaryma-siet
|