Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Дананың сөзі ақылдың көзі


Ауызша мадақтау арқылы бағалау



бет31/40
Дата25.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#126292
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
8 кл әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024ж 2

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша!
Керемет!

Дескриптор


Білім алушы
-шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды,
-берілген тақырыпта әдеби эссе жазады,
-



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл


Сабақтың аяқталуы
5 минут



Рефлексия 3-2-1
Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.
1.Сабақта маған пайдалы болды.
1. ................... 2. .............................. 3. .........................
2. Маған көмек қажет?
1. ................... 2. ..............................
3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?
1. ...................



Кері байланыс жасайды.









Бекітемін:_________


Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 21-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 8



Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Шалкиіз жырау өмірі мен шығармашылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;



Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
7 минут
Сабақтың
ортасы
10 минут


7 минут

8 минут
7 минут


Сабақтың аяқталуы

  1. минут

1.Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал .
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.


Миға шабуыл
Шалкиіз кім?
Оның өмірі жайды қандай деректер білесің?
Жыраудың қандай нақыл сөздерін білесің?
Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығы
Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Ұлы Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет