Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Дананың сөзі ақылдың көзі



бет5/40
Дата25.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#126292
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
8 кл әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024ж 2

Сабақтың аяқталуы
2 минут

Үйге тапсырма: 4-тапсырма



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл

4 минут

Рефлексия 3-2-1
Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.
1.Сабақта маған пайдалы болды.
1. ................... 2. .............................. 3. .........................
2. Маған көмек қажет?
1. ................... 2. ..............................
3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?
1. ...................











Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 3-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қорқыт Ата кітабы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
4 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Миға шабуыл
1.Қорқыт Ата кітабы неше жырдан тұрады?
2.Жырдың идеясы неде?
3.Жырда қандай ұлттық сал-дәстүрлер айтылады?

Сұрақтарға жауап береді

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл



Сабақтың
ортасы
7 минут
15 минут


8 минут

5 минут

Тапсырма

  1. Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.



Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеу баласы Қазан-Салор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге қайғырасың?» – деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына менің тәжімді киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына ұшыраған жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тәжім мен тағымның қамын жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, үйіме кім ие болмақ?» – деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» – деді Қазан. Байбөрі оған: «Иә, бар тілегім сол, менің де ұлым болып, ол Баяндүр ханның алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар едім, қайғым кетіп, мақтанар едім», – деді. Бұл сөзді есіткенде барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», – депті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, тәңірі маған да бір қыз берсе екен», – деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға оқыды. «Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», – десті. «О, бектер, егер Көк Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», – деді.
2-тапсырма
Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз.
Автордың стилін ажыратыңыз

Көркемдегіш құрал

Шығармадан үзінді

Автор стилі






















Үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазады.

«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырды оқып, үзіндіден көркемдегіш құралдарды табады, қолданысын талдайды.


Автордың стилін ажыратады .

Дескриптор
Білім алушы
-шығарманың идеясын ашады
-ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;
- ойын жүйелі жазады
-көркемдегіш құралдарды табады
-қолданысына талдау жасайды
-автор стилін ажыратады.



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет