Сабақтың
басталуы
4 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру
«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ
туралы жырдың» сюжеті халық ауыз әдебиетіндегі қандай батырлар жырымен ұқсас?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
|
Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл
|
Сабақтың
ортасы
7 минут
15 минут
8 минут
5 минут
|
Қадым замандарда ислам діні
Қыпшақ даласына келгенге дейінгі дәуірлерде айтыла бастаған жыр. Жырдың сюжеті «Алпамыс батыр» жырына өте жақын. Бұл жырда қазақ
қауымына тән салт-сана, әдет-ғұрып басым болып келеді.
Мәселен, жаңа туған ұл (Бамсы-
Байрақ) мен қызды (Бану-Шешек) бесікте жатқан кезінде атастырып қою – қазақтардың көне дәуірден келе жатқан
салты. Бұл салтты оғыздар да,
қыпшақтар да берік ұстанған.
Жигсо әдісімен «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырды оқып,
талдау жасау
1-тапсырма
Жырдың композициялық құрылымын жазыңыз.
Оқиғаның басталуы ____________
Оқиғаның дамуы __________
Оқиғаның байланысуы ____________
Оқиғаның шиеленісуі _____________
Оқиғаның шарықтау шегі _________
Оқиғаның шешімі _______________
2-тапсырма
Берілген үзінді арқылы автордың әке мен баланың бойында болуға тиісті қандай қасиеттерді басты мақсат еткенін талдаңыз.
Сол кезде көпестер келіп,
бастарын иіп, Байбөріге сәлем берді. Қараса, баяғы жауды жеңіп,
қан төккен жігіт Байбөрінің оң жағында отыр екен. Көпестер балаға
жақындап келіп, оның қолынан сүйді. Бұған Бай бөрі бек шамданып:
«Иттен туған құрбандыққа жарамас» деген. Әке сінің қасында отырған
баланың қолынан сүю көргенсіздік болады», – деді.
3.Шығарма сюжетіндегі мына үзінді шығарманың қай бөлігінде кездесті? Онда қандай салт-дәстүр туралы айтылады?
|
«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырды оқып, жырың композициялық құрылымына талдау жасайды.
Үзінді арқылы автордың әке мен баланың бойында болуға тиісті қандай қасиеттерді басты мақсат еткенін талдайды.
|
Дескриптор
Білім алушы
-жырдың композициялық құрылымын талдайды,
Шығарма сюжетіндегі салт-дәстүрлер туралы айтады,
-шығарма үзіндісіндегі ойды талдайды,
-әке мен бала бойында болуға тиісті қасиеттерді атап көрсетеді.
|
Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл
|