Сабақ Бөлім: І бөлім. Кеңістік пен уақыт Педагогтің тегі, аты



бет7/19
Дата18.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
11 кл Әдебиет ҚМЖ 2023-2024 ж

Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 7-сабақ

Бөлім:

І бөлім.
Кеңістік пен уақыт

Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 11



Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

О.Бөкей «Атау кере» повесі. Ана

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.3.1 - шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау



Сабақтың мақсаты

Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдай алады, мысалдармен дәлелдей алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
8 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Кейіпкерлер арасындағы тартыстың дамуы мен шешімі, кейіпкерлер тілі, мінезі жайлы не айтар едіңдер?
2.Жазушы повесте қандай тақырыпты көтерген? Бұл тақырыптың бүгінгі таңда өмірімізге қандай әсері бар деп ойлайсың?

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айқындайды.
Сұрақтарға жауап береді.



Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы



Сабақтың
ортасы
10 минут

8 минут


1-тапсырма 37-бет
Әр кейіпкердің табиғат туралы ойларын теріп жазып, олардың табиғатқа деген көзқарастарын анықтаңдар.

Автор
дың табиғат туралы ойы

Еріктің табиғат туралы ойы

Таған
ның табиғат туралы ойы

Нұркенің табиғат туралы ойы













2-тапсырма
Үзіндіні негізге алып, «Жазушы тілінің сөздігін» құрастыр

Тілдік ерекшеліктер

Үзіндіден мысалдар

Логикалық бейнелі, образды сөздер




Шешендік сөз оралымдары




Кәсіби сөздер




Фразеологизмдер






3-тапсырма
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, мәтін идеясымен байланысын көрсетіңіз. Ментальды картаны басшылыққа алыңыз.

Эпитет

Тұрақты
тіркес



«Атау кере» повесі




Теңеу

Қайталау



Әр кейіпкердің табиғат туралы ойларын теріп жазып, олардың табиғатқа деген көзқарастарын анықтайды.

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, мәтін идеясымен байланысын көрсетеді.





Дескриптор
Білім алушы:
- шығармадан табады:
- тұрақты тіркесті;
- теңеулерді;
- метафоралық қолданысты;
- эпитеттік қолданысты;
- қайталаулар ды;
- әсірелеулерді.
- көркемдегіш құралдарды идеясымен байланыстыра ды.




Оқулық. «Қазақ әдебиеті»
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020 жыл

5 минут

Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»
Мен мынаны білдім:
Маған қызық болғаны:
Маған қиын болғаны:
Мен мынаны жасай алдым:
Мен мынаған таңғалдым:









Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы




Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 8-сабақ



Бөлім:

І бөлім. Кеңістік пен уақыт

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

О.Бөкей «Атау кере» повесі. Оралу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу



Сабақтың мақсаты

шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
5 минут



Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Миға шабуыл
1.Жазушы антогонистік қайшылықтар арқылы нені көрсетпек болған?
2.Неліктен Нүрке кемпірдің ақырғы аманаты орындалмады?





Сұрақтарға жауап береді, өз көзқарастарын білдіреді.

Ауызша
мадақтау арқылы бағалау
Жарайсың!
Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың
ортасы
6 минут

20 минут
10 минут



1-тапсырма
Үзіндіні оқып, автор стиліне баға беріңіз, пікіріңізді әдеби сын ретінде білдіріңіз.
Нүрке кемпірдің ұйқысын бұзған Таған екенін өзінен басқа ешкім білмейді. Жанарын жапса болды, Аналықпен бірге өткізген баяғы — тұрлаусыз өткен тұтам-тұтам өмірі көз алдында көлеңдеп тұрып алады-ай. «Құдай-ау, сол Аналық жазғанның жақсылығын өтеді ме? Жоқ, өтей алмапты. Мойныма қарыз, ұрпағыма парыз күйінде қара жер қойнына кірем бе, жасаған ием. Не істеу керек? Қадыр-қасиетінен жұрдай тоналған ұлын қалай ғана құтқарам бұл қорлықтан, қайтып қана арашалаймын арағы түскірден... ал-қуатым жетер ме? Тым болмағанда Еріктің мазағынан...» Бұл тұны Айна да көз ілген жоқ. Күні бойғы салпылдақ жұрыс, толассыз жұмыс бойын алып, әлдекім алып ұрып сабап-сабап талғақ қылып тастағандай дел-сал күй кешсе де, әз жанына әмір таба алмады. Екі табаны мен алақаны күйіп, салқын жер, саумал ауа іздегендей аунақшыған. Қаншама қашса да, Қатын суының жазға салымғы мұзындай іркес-тіркес ой қамалап, көз алдыңда иін тіресіп бірін-бірі мүйіздеп тұрып алады. Қыз күніндегі әдетімен жүзге, тіпті мыңға дейін санап та көрді. Өзін-өзі шаршатқаны болмаса, бәрібір, жанары талып, ұйқы шақырмаған. Кең төсектің екінші шетінде көсіле түсіп, кәперсіз қорылдап жатқан күйеуінің өзінен де, өзгелерден де көш ілгері қасиеті бар еді: тәуліктің қалаған уақытында басы жастыққа тисе болғаны, кеңірдегінен пышақ тақасаң да, пыс етіп ұйықтап кететін және діттеген кез келген сәтінде оянып, солдаттардай қарғып тұрып, шапшаң киініп кете берер еді. Бүкіл адамзатқа бітер денсаулықты бір басына жиып бергендей, осы қырықтан асқан жасына жеткенше, басы ауырып, балтыры сыздағанды білмей келген тоқжарау әрі кәперсіз, жаны қасаң жігіт. Қазір де жау түсіріп келгендей алшая түсіп, табиғат тек өзіне ғана мол етіп сыйға тартқан ұйқының рақатына бөленуде. Терезенің жартылай жабылмай қалған саңылауынан сығалаған ай сәулесі бірте-бірте өрлеп, Айнаның бетіне жақындады. Жер бетіндегі миллиардтаған адамның ешқайсысын бөле-жара жатырқамай нұрымен аймалайтын айналайын айды Айна кішкентай кезінен өзіне серік жасап, жақсы көретін. Өліара шақ туғанда немесе бұлттың арасында жасырынып қалғанда, алабөтен сағынышпен зарыға тосар еді؛ дүниедегі ең асылын жоғалтқандай мазасы кетіп, не жайраңдап күле алмай, не жарқылдап жүре алмай, іштей жүдер еді. әсіресе, осы Алтайдың құзар басына көшіп келгелі бері, жаһандағы ең жақыны — ет жақынындай болып кеткен ай жарықтықты ауылдағыдай емес, тым сирек көретіні көңіліне қаяу түсіретін. Алты ай бойына көбесі сөгілмей, көн терісі жібімей жатып алатын қар, көктем шыға сілбіреп, берекеңді қашырар жаңбыр, аспанды айлап бүркеп тастайтын қорғасындай ауыр бұлт — осының бәрі-бәрі Айнаның ай жарықтыққа деген махаббатын мазақ еткісі келгендей, бұл жалғандағы жалғыз қуаныш, жалқы жұбанышын жұлмалап, қызықты күндерін қызғана қытымырланатын. 


2-тапсырма
«Атау кере» повесіндегі автордың стиліне, тіліне, көтерген мәселесіне қатысты әдеби сын жазыңыз. Идеясы жағынан ұқсас Франц Кафканың «Құбылу» әңгімесімен салыстырыңыз.


3-тапсырма
CD-дегі №1 қосымшаны үлгі ретінде пайдаланып, презентация жаса.

Үзіндіні оқып, автор стиліне баға береді, пікірін әдеби сын ретінде білдіреді.

Атау кере» повесіндегі автордың стиліне, тіліне, көтерген мәселесіне қатысты әдеби сын жазады. Идеясы жағынан ұқсас Франц Кафканың «Құбылу» әңгімесімен салыстырады.


CD-дегі №1 қосымшаны үлгі ретінде пайдаланып, презентация жасайды.



Дескриптор
Білім алушы
-үзіндідегі негізгі ойды түсінгенін көрсетеді;
- автор стиліне баға береді;
- көзқарасы мен пікірін дәлелдейді; - ойын жүйелі жеткізеді.

Барлық тапсырмаларды


жетон арқылы бағалау


Дескриптор


Білім алушы


-автордың стилі мен тіліне, көтерген мәселелеріне қатысты әдеби сын жазады;
- ойларын шығармадан аргументтер алып дәлелдейді;
- идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстырады;
- авторлардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін талдап көрсетеді;
- әдеби сын талаптарын сақтайды.



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020жыл



Сабақтың аяқталуы
1 минут

Үйге: 1 –тапсырма 27 -бет




3 минут

Рефлексия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет