Сабақ Бөлім: І бөлім. Кеңістік пен уақыт Педагогтің тегі, аты



бет4/19
Дата18.10.2023
өлшемі1,18 Mb.
#117905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
11 кл Әдебиет ҚМЖ 2023-2024 ж

Бекітемін:_________
Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 4-сабақ



Бөлім:

І бөлім. Кеңістік пен уақыт

Педагогтің тегі, аты,
әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 11



Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

О.Бөкей «Атау кере» повесі. Тағдыр тәлкегі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.4.1 – көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең) жазу;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең) жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
6 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Повесть неліктен «Атау кере» деп аталған? «Қауіпті будан» дегенді қалай түсінесің?
2.Повестің ең көтерген тақырыбы, идеялық түйіні не?
3. Бек-Алқаға жылына бір рет қатынайтын Ерік кімді кездестірді?
4. Тау қойнауындағы жалғыз үйдің тұрғындары кімдер? Олар немен шұғылданады?
5. Күрестен спорт шебері Еріктің омартаны кәсіп қылуының сыры неде жатыр деп ойлайсың?
6. Айнаның ой -толғаныстары мен іс-әрекеттерінен ұлтымызға тән қандай ерекшеліктер байқалады?
7. Неліктен шығармада аралар тіршілігі адамдардың тіршілік әрекетімен ұштастыра баяндалған?

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айқындайды.
Сұрақтарға жауап береді.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша
мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады
Жарайсың!
Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы



Сабақтың
ортасы
5 минут

5 минут

25 минут


1-тапсырма 26-бет
Тағанның табиғат туралы ойына «Қос жазба» күнделігі арқылы түсінік бер.

Тағанның табиғат туралы ойы

Түсіндірме

...Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап-арбамауды табиғаттан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза.






2-тапсырма
«Тағдыр тәлкегі» тақырыбында ойыңызды білдіріңіз. Берілген үзінділерден дәйексөздер (қанатты сөздерді) қолданыңыз
Егер мен секілді адамдар арақты қойса, онда біраз бастықтар тағын тапсырып, жан сақтай алмай қалар еді. Қазір… жетесіздер жетіскен заман, олар біз секілді ішпейді,сауысқаннан сақ, түлкідей айлалы, қасқырдай қорқау. Егер ОЛАР ішсе, ақымақтығы ашылып қалады, сондықтан да өзінен гөрі ақылды әрі қауіпті басы істейтіндерді есебін тауып іштіріп жібереді. Мен СОЛАРДЫҢ құрбанымын.
Таған
3-тапсырма
Төменде берілген кейіпкерлер тұжырымдарының бірін таңдап, ондағы мәселе мен идеяны өрбітіп, ойыңызды эссе, әңгіме немесе өлең түрінде жеткізіңіз.
Араның адамнан айырмасы болсайшы. Жиған байлығың да бал секілді. Күндердің күні малтығып өлесің.
Нюра-Нүрке
Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі… біздікі өзіміз үшін.
Айна
 …Егер мен секілді адамдар арақты қойса, онда біраз бастықтар тағын тапсырып, жан сақтай алмай қалар еді. Қазір… жетесіздер жетіскен заман, олар біз секілді ішпейді, сауысқаннан сақ, түлкідей айлалы, қасқырдай қорқау. Егер ОЛАР ішсе, ақымақтығы ашылып қалады, сондықтан да өзінен гөрі ақылды әрі қауіпті басы істейтіндерді есебін тауып іштіріп жібереді. Мен СОЛАРДЫҢ құрбанымын.
Таған
Кінәні өзгеге арта салу – пәледен құтылудың ең оңай жолы.
Ерік

Тағанның табиғат туралы ойына талдау жасапа, «Қос жазба» күнделігі арқылы түсінік береді.

«Тағдыр тәлкегі» тақырыбында ойын білдіреді. Берілген үзінділерден дәйексөздер (қанатты сөздерді) қолданады.


«Тағдыр тәлкегі» тақырыбында эссе немесе өлең жазады. Шығармашылық жұмыстарыңызда берілген үзінділерден дәйексөздер (қанатты сөздерді) қолданады.



Дескриптор


Білім алушы
-үзіндіден дейексөздер мен цитаталарды ұтымды қолданады.
- ойын жүйелі жеткізеді.
Дескриптор
Білім алушы

- көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді;


- ойын өрбітіп, эссе, әңгіме немесе өлең жазады;
- ойын жүйелі жеткізеді;
- ойын жеткізуде көркемдеуіш құралдарды орынды қолданады.

Жетон арқылы бағалау





Оқулық. «Қазақ әдебиеті»
11-сынып
«Атамұра» баспасы
2020 жыл

4 минут

Қорытындылау
Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»
Мен мынаны білдім:
Маған қызық болғаны:
Маған қиын болғаны:
Мен мынаны жасай алдым:
Мен мынаған таңғалдым:









Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет