Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 9-сабақ
Бөлім:
І бөлім. Кеңістік пен уақыт
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :
Күні:
Сынып: 11
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
О.Бөкей «Атау кере» повесі. Оралу. Бөлім бойынша жиынтық бағалау
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;
11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
Сабақтың мақсаты
Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігіне талдау жасай алады; шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың
басталуы
6 минут
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
«Попкорн» әдісімен сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Таған неліктен Қатын суын өрлеп шықты?
2.Шалдың қаймана жұрттан қашып, өзімен бірге итарқасы қиянға екі баланы ертіп кетуінің сыры неде?
3.Жазушы Шал образын беруде қандай тәсілдерді пайдаланған?
Үзіндіден мысалдар келтір.
4.Сұрақтарға жауап беріңіз
5 Шығармадан қандай теріс мінездерден аулақ болуы керектігі жайында ой түйдіңіз?
6.Шығармадағы жазушы көтерген тақырыптың бүгінгі өмірмен қалай дәлелдер едің?
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айқындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ауызша мадақтау арқылы бағалауЖарайсың! Тамаша! Керемет!
Оқулық
11-сынып
«Атамұра» баспасы
Сабақтың
ортасы
14 минут
20 минут
1-тапсырма 1.Есімдердің бірін таңдап, кейіпкер бойындағы қасиеттерді атаңыз.
Айна, Нүрке кемпір, Таған, Ерік, Шал. 2.Жұпта келесі пікірді негізге алып, талқылау жүргізіңіз.
«Атау-кередегі» Нюра кемпірдің жалғыздық күйі – қарт адамның өмір көшінің соңындағы тына бастаған қалпымен де, баласы Еріктің қалауымен болған ортадан жырақтау жағдайымен де, тіпті қала берді, қаншама жерден қазақтың отанасы болғанымен де, діл, орта, арғы негіздер тұрғысынан да қылаң беруі тиіс жалғыздығы. Гүлжан Ыбырайқызы
3. Шығармадағы аналар бейнесі бейнесіндегі құндылықтарды талдаңыз, әлем әдебиетіндегі бір кейіпкер бейнесімен үндестігін анықтап, пікіріңді білдіріңіз.
Франц Кафканың «Құбылу» әңгімесін оқып, басты кейіпкер Грегор мен «Атау кере» повесіндегі Ерік бейнесін салыстыр. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағала.