(Ұ) 1- тапсырма: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
1) Есепті шығарыңдар.
А) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды. Қанша қорап қажет болды?
Ш: 18:6=3 (қорап)
Ж: 3 қорап қажет болды.
Ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-тен салды. Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?
Ш: 18:4=4 (2 қалдық)
Ж: 4 қорап қажет болды, 2 моншақ артық қалды.
Тексеру: Ол үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосу керек.
4*4+2=18(моншақ)
Ескерту: Қалдық қашан да бөлгіштен кіші болу керек.
2) Суретін салып, есептерді шығар.
А) Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?
2балаға-10 жаңғақ
1 балаға-? жаңғақ
Ш: 10:2=5
Ж: Олардың әрқайсысына 5 жаңғақтан тиеді.
Ә) Ағайынды 3 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?
3балаға-10 жаңғақ
1 балаға-? жаңғақ
Ш: 10:3=3 (1 қалдық)
Ж: Олардың әрқайсысына 3 жаңғақтан тиеді. 1 жаңғақ қалады.
Б) Ағайынды 4 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?
4балаға-10 жаңғақ
1 балаға-? жаңғақ
Ш: 10:4=2 (2 қалдық)
Ж: Олардың әрқайсысына 2 жаңғақтан тиеді. 2 жаңғақ қалады.
4) Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Әр саяхатшы сенен 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?
Әр саяхатшы-4 түйе, 5 киіз үй
30 саяхатшы-? кәдесый
Ш: (4+5)*30=270
Ж: 270 кәдесый сатылды.
|