Сабақ Бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас


Ойлау дағдыларының деңгейі



бет2/42
Дата27.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#111078
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
5 кл Қазақ тілі ҚМЖ 2023-2024

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
«Тілдарын» мектепішілік байқауы
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында «Тiлдарын» байқауы өткiзілді. Байқаудың өткiзiлу мақсаты – үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау болатын. Байқауға оқу тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Байқау: 1. Өзін-өзі таныстыру. «Тұсаукесерін» өткiзу; 2. «Үш тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру; 3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру; 4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру. Жеңімпаздарды анықтау барысында оқушылардың тiлдердi меңгеру деңгейiне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, жауаптың орамдылығы мен сапасына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгіне назар аударылды. Байқау жеңiмпаздары түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Әрине, тілді білу – халықты, тарихты білу. Тілді неғұрлым көп білсең, өмір жолың ашық, жарқын болмақ.
Үйге тапсырма: 11-тапсырма
Рефлексия 3-2-1
Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.
1.Сабақта маған пайдалы болды.
1. ................... 2. .............................. 3. .........................
2. Маған көмек қажет?
1. ................... 2. ..............................
3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?
1. ...................



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет