Сабақ «Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні


Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер



бет12/128
Дата16.05.2023
өлшемі367,11 Kb.
#93469
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: жанды табиғат нысандарын қандай да бір өнер туындысына айналдыру қабілеттерін дамыту. Ағаш жапырағын бейнелеудің әртүрлі жолдарын көр- сету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы ағаш жапырағын бейнелей отырып, шығармашылық жұмыс орындау. №1 жұмыс дәптерінің 12–13-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Жапырақты бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін суреттеу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздер: симметрия, бейнелеу жолдары, жапы- рақтың құрылысы, ағаш түрлері, сәндеу, аппликация, акварель, түсті қарындаштар, монотипия.


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Жапырақтары ерекше қандай ағаш түрлерін білесіңдер?

Жауап. Үйеңкі, талшын, емен, қайың, шаған.



  1. Ағаш жапырақтарын қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?

Жауап. Оны түсті қарындаштармен, фломастерлермен, акварель не гуашьпен салып, монотипия, аппликация, баспа-таңба түрінде жасап, ермексаздан мүсіндеуге
болады.



  1. Бұл жұмыстарды қай жерде пайдалануға болады? Жауап. Оны жақтауға салып, қабырғаға ілуге, одан ашық хат жасап, қабырға газетіне не плакатқа желімдеуге

болады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: жапырақтың екі жағы бірдей екенін, жапырақтарды әртүрлі тәсілдермен бейнелеуді (графикалық, кескіндеме түрінде, сәндік) біледі.
Қандай ағаш жапырағы екенін анықтап, оның құры- лысын суреттей алады. Жапырақты қарапайым түрде жасауды біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет