Ү. Жаңа білімді бекіту.
1) Бір бала сабаққа ерте келді.Одан кейін тағы бір бала келді. Қанша бала болды.
2) Дәптермен жұмыс
«+».»-«таңбаларын қандай жағдайда қолдану керектігін түсіндіріп торқөздерге қажет сандарды жазу.
Ұзындығын салыстыру.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен +,- таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?
ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау
20. Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы . Сандарды салыстыру. 23 бет
Сабақтың мақсаты: 1. 2 санының 2 бірліктен тұратынын , қосудың нәтижесін белгісін пайдаланып жазуды, 2 ден 1-ді азайтқанда 1 шығатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Теңдік , теңсіздік ұғымын қалыптастыру. Сана сезімін ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Таңбалар, цифрлар. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны. І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау 2 санын қалай шығарып алдық. Саны неше бірліктен тұрады?
ІҮ. Мақсат қою:тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: а) Демонстрациялау арқылы түсіндіру. -Сол қолымда неше дәптер бар?
-бір. -Оң қолымда неше дәптер бар? Сол қолымдағы дәптерді оң қолыма қосып ұстап, біз не істедік? -Көк дәптерді ,қызыл дәптерге қостық. Оны амал таңбаларын қолданып жазып көрейік: 1+1=2 Осылай 2-1=1 теңдігін де түсіндіремін. ә) 2- ні 2- мен, 2 мен 1-ді, 1 мен 1-ді салыстырып,салыстыру ережесін тақтаға жазу. 2=2 2>1 1=1 1<2` теңдік ,теңсіздік таңбасымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:
1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру. салыстыру. 2>1 1<2 Бұлар теңсіздіктер
2=2 1=1 Бұлар теңдіктер.
4.Өлше салыстыр.
Сергіту сәті:
2>