(МК,Т) 3-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу.
Ойын. Табиғаттың музыкалық бейнелері (виртуал-
ды ойын).
М. Үшінші тапсырма тақырыпты қорытындылау ретінде берілген. Бұл ойын топтық түрінде жүргізіледі.
Басында оқушылар ойын шартымен танысады.
Мына музыкалық шығармаларды (кейбіреулерін үзінді түрінде беруге болады): халық күйі «Қасқыр»; Н. Тілендиевтің «Аққу» күйі; Т. Тоқжанов –
Р. Корсаков «Полет шмеля» (Араның ұшуы) бейнетаспадан көрмей ретімен тыңдайды, одан кейін талдайды. Оқулықта 154-бетте сілтеме берілген.
Талап бойынша, орындалу барысында музыкалық шығарманың аты аталмай, тек нөмірі ғана айтылады.
Əр топ барлық шығармаларды тыңдап болған соң, əрқайсысына өздері ат қояды жəне мазмұнына түсінік береді. Сонымен қатар қандай аспаптарда орындалғанын айтады. Бұл жұмыс таныстырылым түрінде өтеді.
Ойынның аяғында мұғалім немесе жетекші оқушылар шығармалардың, музыкалық аспаптардың дұрыс аттарын атайды, жеңімпаздарды анықтайды. Бейнетаспаны қайта қосып, тағы бір рет көрсетіп, тыңдатқызады. Оқушылар таныстырылымы критериалды баға негізінде бағаланады.
Сабақтың соңы
О. Сабақ саңында мұғалімнің көмегімен сабақта өткендерді қорытындылап, өздерін бағалайды.
(Ө) Орындау. Бағалау. Рефлексия:
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау– Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?