Негізгі əдебиет: 4[489-532, 535-577], 10[11-37,39-48,49-81].
Бақылау сұрақтары:
1. Ақпаратты сақтаушы құрылғыдан интерфейсқа жəне кері жіберуін қамтамасыз
ететін компонент қалай аталады?
2. Ақпаратты жоғалтуларды жəне оларды жоғалту себептерін атап шығыңыз.
3. Қатты дисктегі деректерді қайта қалпына келтіру кезіндегі бағдарламаның жұмыс
істеу қағидасын жəне олардың бір бірінен айырмашылығын сипаттап беріңіз.
11 ДƏРІС. Қазіргі операциялық жүйелер
Ең танымал ОЖ Microsoft компаниясының Windows жанұясы болып табылады.
Ол Windows 95/98 те, жəне Windows NT/2000/XP де, жəне Windows жаңа ұрпағы да.
Басқа да қазіргі UNIX, OS/2 Warp, Linux деп аталатын оперциялық жүйелерді
қарайық.
UNIX ОЖ жанұясының жалпы сипаттамасы
UNIX мультибағдарламалы жəне көп қолданушы операциялық жүйенің сəтті де
оңай іске асырушы мысалы болады. Өз кезінде ол программалы қамтамасыз етуді
өңдеу үшін аспапты жүйе болып жобаланған. UNIX жүйесі екі ғана өңдеушімен
жасалған. Бастапқы уақытта оны кішігірім – ЭЕМ-де өте сыпайы есептеуіш
қорларымен қолданды. Осы себепке орай UNIX өте қарапайым, бірақ өте мықты
командалық тілмен жəне файлдық жүйенің тəуелсіз құрылымдарына ие. Бұл жүйені
құрған кездегі бірінші мақсат қарапайымдылықты сақтап қалып жəне
функциялардың минималды санымен шектелу еді. Барлық нақты қиындылықтар
қолданушы бағдарламаларға қалды. Екінші мақсаты ортақтылық болды. Бір
механизмдер мен əдістер көп жағдайда қолданылу керек болды. Үшінші мақсаты
операциялы ортаны құруда болды. Онда үлкен есептерді бағдарламаны қайта
құрмай, сондағы бар бағдарламалармен қиыстыра шешу еді.
UNIX-жүйесі үлкен қолданбалы жəне жүйелі жиынмен қойылады. Онда
командалық тілдің интерпретаторын бағдарламалайды, мəтіндік редакторларды
қосады, компиляторында бірнеше атақты бағдарламалау тілдері бар, С, С++,
ассемблер, PERL, FORTRAN жəне т.б., көптеген құрастырушы, дұрыстаушы,
қолданушы жəне жүйелі əдебиеттер бар. UNIX-жүйесінің ортасы ядро (kernel)
болып келеді.
Виртуалды машина
UNIX жүйесі – көпқолданбалы. Əр қолданушыға тіркелгеннен кейін (жүйеге
кіру) виртуалды компьтері ұсынылады. Онда керек ресурстардың барлығы болады:
процессор, жады, құрылғылар, файлдар. Қолданушыға ұсынылатын мұндай
виртуалды компьтердің ағымдағы күйі образ деп аталады. Процесс – бұл
көріністердің орындалуы деп те айтса болады. Көрініс келесілерден тұрады: жады
көрінісі; процессордың жалпы регистрлерінің мəні; ашық файлдар күйі; ағымдық
директория (файлдар каталогы) жəне басқа ақпараттар.
Процесс көрінісін орындау кезінде ол негізгі жадыға жайғасады. UNIX
жүйесінің ескі түрінде көрініс дискке алынып тасталуы мүмкін, егер негізгі жадыдан
қандай да бір басты процесске орын керек болған жағдайда. Қазіргі кездегі
құрылымдарда виртуалды жадының ескі механизмі бар болса, онда
қолданылмайтын деректер алып тасталынады. Жады көрінісі үш логикалық
сегментке бөлінеді:
- реентабельді процедуралар сегменті (процесстің виртуалды мекен-жайлы
кеңістігіндегі нөлдік мекен-жайдан басталады);
- деректер сегменті (процедуралар сегментінен кейін орналасады, жəне үлкен
мекен-жай жағына өсуі мүмкін);
- стектің сегменті (үлкен мекен-жайдан басталып жəне ішкі программалар мен
үзулерде оған ақпаратты енгізген сайын кіші мекен-жай жағына қарай өседі).
Командалар жəне командалық интерпретатор
Қабық (shell) деп UNIX жүйесінде қолданушылар мен жүйенің арасындағы өзара
əрекеттесулер механизмін айтады. Іс бойынша ол қолданушыға керек жолды таңдап
жəне сұралған жүйелік функцияларды орындайтын командалар интерпретаторы.
Толық командалық тіл, түсіндіруші қабықпен, мүмкіншіліктерге бай жəне жеткілікті
болардай қиын, бірақ көптеген командалар қолдануға оңай, жəне оларды сақтап
қалу оңай болады. Командалық жол артынша аргументтің тізімі жүретін,
кемшіліктермен бөлінген, команда атынан тұрады (яғни орындалатын файлдың
атымен). Қабық командалық жолды компоненттерге бөледі. Көрсетілген командада
файл жүктеліп, жəне оған берілген командадан аргументтерге рұқсат қамтамасыз
етіледі. Кез келген shell жанұясының командалық тілі үш бөліктен тұрады:
- мəтіндік жолдармен манипуляция жасайтын жəне оңай команда негізінде
қиын команда құратын қызметтік конструкциялар;
- командалық тіл интерпретатормен тікелей орындалатын кірістірілген
командалар;
- бөлек орындалатын файлдармен ұсынылатын командалар.
Main функциясының денесі, жалпы айтқанда, кез келгені бола алады, бірақ
параметрлерді қоятын команданы жасау үшін бірнеше стандартты ережелерді
ұстану керек. Бұл жағдайда main функциясы екі параметр арқылы анықталу керек -
argc немесе ardv. Команданы шақырғаннан кейін argc параметріне символдық жол
саны сəйкес келеді, ал argv – осы жолдардың айналмалы жəне сонда болатын
массивтер нұсқағыштары.
IBM компаниясының OS/2 Warp операциялық жүйесінің жанұясы
OS/2 операциялық жүйесінің дүниеге келуі өте қызық жəне ақыл үйреткіш
болып келеді. Ең жақсы ОЖ бірі ДК үшін көп таралмаған, бірақ ол өзінен бұрын
пайда болған барлық жүйелерден де оңайлықпен тарайтын еді. Басты себеп – ОЖ
сапасы емес, бизнес заңы. Біріншіден, IBM компаниясы өзінің корпоративті
клиенттерімен ғана практикалы жұмыс істеп, ОЖ ары қарай дамытуды ескерген
жоқ. Бұл БҚ пайдаланушысына қарағанда, ДК үшін айтарлықтай үйреншікті болды,
өйткені IBM PC типтес компьютерлер бəрінен бұрын персоналды болады.
Екіншіден, IBM компаниясы басты қаражатты ДК үшін жүйелі БҚ-дан алған жоқ, ол
бағалы сервелер мен басқа да қондырғылардын алды. ОЖ-ден түскен табыстары
IBM компаниясының басшылығына аса бағалы болмады. ОЖ саласында ДК үшін
жетістікке жету үшін оқу əдебиетімен, кең жарнамасымен, БҚ өңдеушілерін
қызықтыруды қамтамасыз ету керек еді. Өкінішке орай бұл жасалған жоқ, жəне
бүгінгі күні OS/2 жүйесі туралы білетіндер де өте аз. Сонымен бірге, осы жүйені
меңгерген жəне осыған сəйкес БҚ шығарған адам, қазіргі күнге дейін əйгілі
Windows NT ОЖ өтпегенін ескере кеткен жөн, дегенмен соңғы кезде жүйелік
ресурстарды кең ауқымда қажет етеді жəне соны біле тұра жəй жұмыс істейді.
OS/2 Warp қолданбалы бағдарламаларды (API) бағдарламалау үшін бірегей
интерфейсті ұсынады. OS/2 жəне LAN Server-дің барлық болжамдары, ағымдағы
OS/2 Warp жəне OS/2 Warp Server 4.5 болжамдарын қосқанда өспелі сызықтары
бойынша қолданбалы бағдарламаларды сүйемелдеуге керек, өспелі құралдарды
сығымдап ұстауға үйлесімді болады.
Сəулет ерекшеліктері жəне OS/2 Warp басты ерекшеліктері
OS/2 жүйесінде қолданбалы бағдарламаларды орындау үшін бірнеше виртуалды
машиналар түрі бар. OS/2 жүйесінде меншікті 32- жəне 16- разрядты бағдарламалар
ығыстырғыш, көпесептегіш тəртібі жəне өзара DDE OS/2 құралдары бойынша
араласа алатын бөлек виртуалды машиналарда орындалады. DOS жəне Win 16
қолданбалы
бағдарламалары
көпесептегіш
тəртібінде
бөлек
виртуалды
машиналардан жіберіле алады. Сонымен бірге олар өзара толықтай байланыстарын
DDE жəне OLE 2.0 ұстай алады жəне DDE байланысы 32-разрядты бағдарламамен
OS/2.
OS/2 ядросында виртуалды жады механизмдерді реализациялау модулі жады
обьекттерінен құралған үлкен, шашылған адресті кеңістікті сақтайды. Əр жады
объекті «пейджермен» басқарылады – ядродан тыс, жады объектісінің резервті
сақталуына беттерін қамтамасыз етеді. Ядро жадыны қорғауын жəне оның негізінде
жады объекттерінің абстрактілі түрімен үлестірілуін басқарады. Ядро БҚ орындау
үшін көптеген тапсырмалар мен ағындардың орындалу құралдарын басқарады. Əр
тапсырмада өзінің жеке адресті кеңістігі немесе келбеті болады.
Linux операциялық жүйесі
Linux – бұл қазіргі POSIX – үйлесімді жəне UNIX-ке ұқсас дербес компьтерге
жəне жұмыс істейтін станцияларған арналған операциялық жүйе. Linux – бұл
Хельсинг (Финляндия) университетінде Линус Торвальдс (Linus Torvalds) ойлап
тапқан UNIX еркін туындалатын болжамы. Жүйенің барлық компоненттері
қолданушылардың шектеусіз санына көшірілуге жəне орнатуға лицензиямен
тарайды. Бастапқыда Linux ДК үшін IBM PC I80386 процессорымен UNIX-сынды
«қолдан жасалған» реализация болып жасалынды. Бірақ қазір Linux-тің танымал
болғандығы сонша, компаниялардың көбі онымен қарым-қатынас жасап жəне осы
ОЖ барлық компьютер мен процессорлар типінің негізіне келеді. Linux базасында
құрылған жүйелер жəне суперкомпьютерлер жасалады. Жүйеде кластерлеу жəне
көптеген қазіргі интерфейстер мен технологиялар бар.
Linux – бұл бағалы көпесепті көпқолданушылы операциялық жүйе. Бұл онымен
бір уақытта бірнеше қолданушы жұмыс істей алатынын білдіреді. Бір уақытта көп
бағдарламаны жасай алады. Linux-те деректерді сақтау үшін файлдық жүйенің
көптеген түрлері бар. ext2fs файлдық жүйесі сияқты кейбір файлдық жүйелер Linux
үшін арнайы жасалған еді. Linux ядросы Intel 80386 жəне 80486 процессорының
қорғау тəртібін ескере отырылып бірден шығарылған еді. Жеке алғанда, Linux
қорғау тəртібіндегі жадыны сипаттау парадигмасын жəне басқа да жаңа диск сияқты
кэш бағдарламаларын колданады. Сонымен бірге, кэш жасаулары үшін барлық бос
жады қолданылуы мүмкін, жəне керісінше, үлкен бағдарламалармен жұмыс кезінде
кэш азайуы мүмкін. Linux-те бөлінетін бөлінетін əдебиеттер динамикалық түрде
орындалу кезінде бағдарламалаушыға əдебиеттік модульдерді өзінікімен
ауыстыруға мүмкіндік беріп, байланысады.
Негізгі əдебиет: 6 [301-332], 8[98-112], 9[8-23,24-44,45-55,56-71].
Бақылау сұрақтары:
1. UNIX операциялық жүйесінің басты сəулеттік ерекшеліктерін айтыңыз.
2. UNIX жүйесінің басты түсініктерін атап шығыңыз жəне түсіндіріңіз.
3. UNIX файлдарының қорғауымен байланысты басты моменттерін айтыңыз.
12 ДƏРІС. Есептеуіш желілердің эволюциясы
Деректерді есептеуіш компьютерлік жүйе деп аталатын, жіберу желілері,
компьтерлік жəне телекоммунициондық технологиялар деп аталатын қазіргі
өркениеттегі екі маңызды ғылыми-техникалық салалар болып табылады:
1. Бір жағынан, деректерді жіберу желілері компьютерлер тобы өзара
байланысты есептердің жиынын орындайтын, автоматты тəртіпте деректермен
ауысып, өзімен жеке таратушы есептеуіш жүйелерін ұсынады.
2. Екінші жағынан, компьтерлік желілер деректерді кодтайтын жəне
мультипликация
жасайтын
əдістемелерді
қолданатын,
əр
түрлі
телекоммуникациялық
жүйелерден
дамыту
алған, ақпаратты
үлкен
арақашықтықтарға жібере алатын құрылғы ретінде қаралады.
Сонымен, компьтерлік желі – бұл желі қолданушыларына осы жиын
ресурстарына рұқсат
беретін, коммуникациялық жүйемен
жəне
тиісті
бағдарламалық қамтамасыздандырумен жабдықталған, компьтерлер жиыны. Желі
компьютерлердің түрлі типтерін құрастыра алады – кішігірім микропроцесстер,
жұмыс істейтін станциялар, мини-компьютерлер, дербес компьютерлер жəне
суперкомпьютерлер. Кез келген қос компьютер желілері арасындағы хат алмасуды
кабелдерді, қайталауыштарды, комутаторларды, жол көрсеткіштерді жəне басқа да
құрылғыларды қосатын, коммуникациондық жүйе қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желі қолданушыға өзінің компьютерімен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді, жəне осыған орай басқа компьютерлік желілердің ақпараттық
жəне аппараттық ресурстарына рұқсат береді.
Глобальді - бірінші желілер. 1969 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қорғанысты
жəне ғылыми-зерттеуші орталарды жалпы суперкомпьютерлер желілерін біріктіруі
бойынша жұмысты бастады. ARPANET деген атқа ие болған бұл желі – Internet деп
аталатын бірінші жəне ең əйгілі глобальді желінің пайда болуына қызмет етті.
ARPANET желісі көптеген түрлі типтегі компьтерлерді біріктірді, қосымша
модульдерімен түрлі ОЖ-дің басқаруымен жұмыс істеген, коммуникациондық
протоколдарды іске асырған, барлық компьтерлерге жалпы желі. Мұндай ОЖ-ді
бірінші желілі ОЖ деп санаса болады.
1974 жылы IBM компаниясы SNA (System Network Architecture, жүйелі желілі
сəулет) атына ие болған, өзінің мэйнфрэйлдеріне арналған меншікті жеке сəулетін
жариялады. Осы уақытта Еуропада желіні стандартизациялайтын Х.25-ті
шығарумен белсенді түрде жұмыстар жүргізілді. Сонымен, хронологиялық түрде
бірінші болып (Wide Area Networks, WAN) глобальді желілер пайда болды, демек
түрлі қалалар мен елдерде орналасқан, территориялық батыраңқы компьтерлерді
қосады. Тап глобальді желілерді құрған кезде бірінші рет көптеген басты жəне
қазіргі кездегі есептеуіш желілердің идеялары мен концепциялары ұсынылды жəне
жан-жақты зерттелді. Мысалы, коммуникациондық протоколдарды көпдеңгейлі етіп
құру, құрылымды желілердегі коммутациялар пакетінің жəне жол көрсетуші
пакеттерінің технологиясы.
70-ші жылдардың басында компьютерлік желілер эволюциясына əсерін тигізген
маңызды оқиға болды. Технологиялық олқылықтың нəтижесінде компьютерлік
компоненттерді өндіру облысында үлкен интегралды схемалар (ҮИС) пайда болды.
80-ші жылдардың ортасында локальді желілердің жағдайы ауыса бастады.
Стандартты технологиялар компьютерлерді желіге біріктірілуіне көз жеткізілді -
Ethernet, ARCnet, Token Ring, Token Bus, жəне кішкене кешірек FDDI. 80-ші
жылдары локальді желілер үшін коммуникациондық технологияларға басты
стандарттар қабылданды: 1980 жылы – Ethernet, 1985 жылы – Token Ring, 80-ші
жылдардың аяғында – FDDI. Бұл төменгі деңгейдегі желілі операциялық жүйелерді
үйлестіруді қамтамасыз етті, сонымен қатар ОЖ интерфейсін желілі драйвер
адаптерлерімен стандарттады. 90-шы жылдардың аяғы локальді жүйе арасындағы
лидерді анықтап берді - Ethernet 10 Мбит/с классикалық технологиясы кірген,
Ethernet жанұясы, сонымен бірге также Fast Ethernet 100 Мбит/с жəне Gigabit
Ethernet 1000 Мбит/с. Қарапайым алгоритмдер жұмысы Ethernet құрылғыларының
төмен баға тұратынын алдын ала анықтаған. Жылдамдық иерерхиясының кең
диапазоны кəсіпорындар мен қолданушылар қажеттілігіне үлкен деңгейдегі
тапсырыстарға жауап беретін технологияларды қолданып, локальді желіні
рационалды түрде құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Ethernet барлық
технологияларының
қызмет
көрсету
жəне
соның
негізінде
құрылған
интеграцияларды жеңілдететін, жұмыс принциптері бойынша бір біріне өте жақын
екенін білу маңызды.
Кеңінен қамтылған желі бірнеше категорияларға бөлінген. Локальді есептеуіш
желі, ЛЕЖ немесе LAN (Local-Area Network), шектелген кеңістікте орналасқан
компьютерлерді біріктіруге мүмкіндік береді. Локальді желілер үшін арнайы
кабельді жүйе қойылады, жəне абоненттердің қосылу нүктелері осы кабельдік
жүйемен шектеулі. Кейде локальді желілерде сымсыз байланысты қолданады
(wireless), бірақ бұл жағдайда абоненттердің орын ауыстыруы өте шектеулі.
Локальді желілерді өте үлкенмасштабты құрылуларға біріктіруге болады - CAN
(Campus-Area Network – кампусті желі, жақын орналасқан ғимараттардың локальді
желілерін біріктіреді), MAN (Metropolitan-Area Network – қалалық масштабтың
желісі), WAN (Wide-Area Network – кеңмасштабты желі), GAN(Global-Area Network –
глобальді желі). Біздің уақытта желілердің желісі болатын глобальді желіні –
Интернет деп атайды. Аса ірі желілер үшін арнайы сымды немесе сымсыз сызықтар
байланысы орнатылады, немесе байланыс үшін инфрақұрылыстың ашық
құралдарын қолданылады. Соңғы жағдайда компьютерлік желі абоненттері желіге
телефон желілеріне қосылған ISDN немесе кабельді теледидарлар арқылы, кез
келген нүктеге қосыла алады.
Интранет (intranet) түсінігі маңызды екі моменті бар, кəсіпорынның ішкі желісін
білдіреді: 1) сыртқыдан ішкі желінің қорғанысы жəне изоляциясы (Интернет); 2) IP
жəне Web-технологияларының желілі протоколының қолданылуы (HTTP
қолданбалы протоколы). Аппаратты тұрғыда интранет технологияларын қолдану
кəсіпорынның негізгі ақпараттық ресурстары жұмылдырылған, желі абоненттері
негізінде бір немесе бірнеше серверлер арқылы деректермен ауысатынын білдіреді.
Желілерде түрлі желілік технологиялар қолданылады, солардың ішінде Ethernet,
Token Ring, 100VG-Any LAN, ARCnet, FDDI ең көп тарағандар. Глобальді желілерде
басқа технологиялар қолданылады. Əр технологиялар өз түрлеріне сəйкес келеді.
Желілі операциялық жүйенің эволюциясы
Операциялық жүйенің бастапқы кезеңінің дамуында пайда болған Microsoft
компаниясының MS DOS дербес компьютерлерінің бірінші болжамы – мұндай
мүмкіндіктерді күтпеген еді. MS DOS-қа жетіспейтін функциялар жəне сол сияқты
ОЖ сыртқы бағдарламалармен, қолданушыға ұсынылған жеңіл графикалық
интерфейс немесе дискпен басқару құралдары арқылы (мысалы, PC Tools),
компенсацияланды. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың дамуына үлкен көлемде
əсер еткен дербес компьютерлер үшін өзімен MS DOS үстінен құрылымды
таныстырған, Microsoft компаниясының Windows операциялық ортасы болды.
MS DOS 3.1 болжамымен бірге 1984 жылы Microsoft компаниясы MS-NET деп
аталатын, Microsoft Networks бағдарламасын ойлап шығарды. MS-NET-ке қойылған
кейбір концепциялар, құрылымды негізді желілердің компоненттері – редиректор
жəне желілі сервердегі кіріспе, Microsoft-тің соңғы шыққан желілік
бағдарламаларына ойдағыдай көшті: LAN Manager, Windows for Workgroups, ал
содан соң Windows NT.
Microsoft жəне IBM компанияларының желілі өңдеулері NetBIOS пайда болуына
əкелді – аса танымал транспортты протоколда жəне локальді желілерге қолданбалы
бағдарламалаудың интерфейсінде, іс жүзінде дербес компьютерлер үшін барлық
желілі оперцаялық жүйелерде қолданыс тапқан. Операциялық жүйенің қазіргі даму
деңгейінде алдыңғы жаспарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары шықты. Бұл
өңделетін компьютердегі ақпараттардың өскен құндылығымен, жəне де Internet
сияқты белгілі желі арқылы деректерді жіберумен байланысты үлкен деңгейдегі
қауіппен шартталған. Бүгінгі таңда көптеген операциялық жүйелер деректерді
шифрлауға, аутентификациялауға жəне авторизациялауға негізделген, ақпаратты
қорғаудың дамыған құралдарына ие.
Қазіргі операциялық жүйелер көпплатформалы болып келеді, демек олар түрлі
типтегі компьютерлермен жұмыс жасай алады. Көптеген операциялық жүйелер
кластерлі сəулеттерді қолдайтын, үлкен өнімділік пен тоқтамаушылықты
қамтамасыз ететін, арнайы болжамдарға тəн. Қазіргі операциялық жүйелер
операциялық ортадан түрлі адаптивті алгоритмдердің көмегімен, өзіне керек
параметрлерді таңдап алады. Мысалы, коммуникациялық протоколдарда тайм-
ауттар жіледігі жұмыстардың шарттарына байланысты жиі анықталады. Процесстер
арасындаға оперативті жадыны үлестіру виртуалды жадыдағы механизмдер
процесінің белсенділікке тəуелділігінің көмегімен жəне сол немесе басқа да беттегі
ақпараттарды қолдану жиілігіне байланысты автоматты түрде жүзеге асады.
Процесстерлің лездік басылымдылықтары қосатынның тарихына тəуелді
динамикалық түрде анықталады, мысалы, процесстің кезектегі орналасу уақыты,
ерекшеленген квант уақытының қолдану проценті, енгізу-шығару қарқыны жəне
т.с.с.
Internet глобальды желісі
TCP/IP желілі протоколы. Берілулердің басқару протоколы/Интернет
протоколы (Transmission Control Protocol/Internet Protocol, TCP/IP) – Интернет
желілерінің негізі болатын өте танымал протокол. Оның трафик маршрутизация
мүмкіндігі өндіріс масштабы желілерінде максималды иілгіштікті қамтамасыз етеді.
TCP/IP жанұясы – желілі компьютерлер арасындағы деректерді жіберуді басқаруға
арналған, желілі протоколдардың стандартты жиыны. TCP/IP іске асыруы Microsoft-
тен Windows компьютерлерімен жəне Microsoft-тың басқа да БҚ құрылғыларымен,
жəне де Microsoft фирмасымен жасалмаған (мысалы, UNIX) ОЖ басқаратын
жүйелермен өзара əрекеттесуді жүзеге асырады. TCP/IP – корпорациялардың
локальді желілерін біріктіретін, көптеген глобальді желілерге арналған
протоколдардың негізгі жиыны.
Қазіргі операциялық желілердің барлығы TCP/IP ұстанады, жəне ең ірі желілер
TCP/IP ұйымдардың негізгі трафигі ретінде қолданады.
Жүйенің əр түрлі бірігу технологиялары. FTP файлдарының жіберу протоколы
мен (Telnet) терминиланың эмуляция протоколдарын қосқанда, əр түрлі жүйелер
арасындағы өзара əрекеттесу ұйымдары мен деректерді жіберулер ушін көптеген
стандартты утилиттер бар. Кейбір стандартты утилиттер Windows XP-мен бірге
қойылады.
Желіні немесе жалғыз компьютерді Интернет глобальді желісіне қосылуына
мүмкіндік беретін технология. TCP/IP, «нүкте-нүкте» протоколы (РРР), «нүкте-
нүкте» туннелдеу протоколы (РРТР) жəне Windows Sockets сəулеті ұйымның
Интернетке қосылуына жəне Интернеттің барлық қызметтерінің қолдануына керек
негізді қамтамасыз етеді.
Орнықты, масштабталатын, платформа аралық, клиент серверлі ұйым үшін
өзара əрекеттесетін негіз.
TCP/IP желілі қосымшаларды жасау үшін
қолданылатын, Windows ортасында кең таралған Berkeley Sockets интерфейсінің
іске асырылуы болып табылатын, Windows Sockets интерфейсіне сүйенеді.
TCP/IP базасының желілерінде клиенттерге IP-мекен-жайларды бөлу керек.
Сонымен қатар, клиенттерге есімдері немесе рұқсат бері есімдерінің басқа əдісі
керек болады (HOSTS, LMHOSTSфайлдары).
Негізгі əдебиет: 4[387-410,511-524, 525-546, 547-586], 6[14-16, 241-281, 284-311,
314-331, 333-370, 398-411], 7[13-36].
|