Сабақ кестесі бойынша Офис-сағаттары ( оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша ): күнделікті 00-18. 00 Zoom идентификатор 6466905027; Пароль 1980 Қызылорда 2022 ж. Силлабус «Педагогикалық ғылымдар»


Лекция 24. Тақырыбы: Оқытудағы диагностика және бақылау



бет37/64
Дата15.12.2023
өлшемі435,67 Kb.
#138722
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
a.m.omirzakova umkd ped 6 kredit (2) (1)pp-pmno (2)

Лекция 24. Тақырыбы: Оқытудағы диагностика және бақылау.
1.1.Оқыту сапасын диагностикалау: бақылау, бағалау, тексеру.
1.2.Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері және олардың түрлері.
1.3.Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары.
Оқыту сапасын диагностикалау. Ұғымдар: оқушының оқу жетістігін бақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерім – оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы. Оқушылардың іс-әрекет нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары. Оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалау қызметтері: бақылаушылық, ынталандырушылық, дамытушылық, білімдік, үйретушілік, тәрбиелік. Бақылау қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі. Бақылаудың теориялық негіздері және оқу жұмысының нәтижелілігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі. Оқушылардың оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы формалары. Тесттік және рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі. Оқушылар портфолиосы. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін- бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі. Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР білім беру мекемелерінде білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылаудың соңғы кезеңі. Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуын және оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту.
Лекция 25. Тақырыбы: Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс әрекетін белсендіру.
1.1.Оқыту - оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеті.
1.2. Танымдық қызығушылықтың оқу іс-әрекетіндегі ролі, оның оқытудығы дамуы.
1.3.Оқушыларды оқытудың мотивтері.
1.4. Педагогтің кәсіби құзыретілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге ықпалы.

Оқу, үйрену оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру. Оқушыларды оқытудың мотивтері. Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің зияткерлік қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру. Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті. Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары. Педагог-новаторлар тәжірибесіндегі белсенді танымдық іс-әрекет идеясы мен технологиясы.


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдері. Оқушылардың өз бетімен білім алуы, ақпараттық, коммуникативтік, құзыреттілігі, функционалды сауаттылығы - олардың белсенді танымдық іс-әрекеттерінің нәтижесі. Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруге әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет