Сабақ кестесін жасаңыз



бет18/21
Дата12.02.2023
өлшемі0,87 Mb.
#67222
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
КЯЛ, ФИЗИОЛОГИЯ СЕССИя❗❗❗

Оқу барысында жұмыс қабілетілігін теппинг тест әдісімен анықтау. Сабақ бойында байқалатын жұмыс қабілетінің динамикасын қимыл жылдамдығынығ коэффицентін санау арқылы анықтау.

Оқу процесін оптимизациялаудың бір әдісі-гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс жасалған сабақ кестесі. Оны құрғанда оқушылардың күнделікті және апталық жұмыс қабілетінің және физиологиялық қызметтердің динамикасы міндетті түрде ескерілуі қажет. Жұмыс қабілеті деп оқушының алдына қойған мақсатқа жету үшін әрекеттенуі және белгілі бір нәтижеге жетуі. Оның өлшемі-белгілі бір уақыт аралығында істелген жұмыстың көлемі.
Жұмысқа қабілеттілікті анықтаудың бірнеше әдісі бар. Олардың ең қарапайымы теппинг-тестің бланктық варианты (Агарков В.И. 1987 ж). Ол үшін клеткалық қағазға бір қатардың бойымен көлемі 2х2 см болатын 4 шаршы сызылады. Зерттеушінің айтуымен әрбір шаршыға 5 секунд ішінде тек қол басын ғана қимылдатып тез-тез нүктелер қойылады. Барлық шаршылар 20 секунд ішінде толтырылады. Қарындашты бланкаға вертикаль ұстағанда, екі білек стол бетінде орналасуы керек. Нүктелер қойғанда қарындашпен дәптер бетінің аралығы 3 – 5 см аспауы керек.
Деректер қимыл жылдамдығының коэффициентін (КЖК) анықтау формуласы:
ҚЖК= N
5* t
N – төрт шаршыдағы нүктелер
t – уақыт (бір шаршыны толтыруға жұмсалатын уақыт, секунд)

1. Сабақтың басында жұмыс қабілетінің деңгейін анықтау.



2. Сабақтың ортасында жұмыс қабілетін анықтау

3. Сабақтың соңында жұмыс қабілетінің деңгейін анықтау.
Мектеп оқушыларының жұмысқа қабілеттілігі оқу күні бойында тұрақты болмайды. Алғашында ол төмен болады да, кейіннен 2-3-ші сабақтарда жоғарылап, оқу күнінің соңында ағзаның қажуына байланысты біртіндеп кемиді: кейбір жағдайда оның тез төмендеуі жұмыс қабілетінің динамикасының нашарлығына байланысты.
Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі апта ішінде де тұрақты болмайды: дүйсенбі күні төмен болып, сейсенбі мен сәрсенбі де жоғарылайды. Бейсенбі оқушылар үшін қиын күн: жұмыс қабілеті күрт төмендейді. Сондықтан бұл күні жеңіл сабақтарды қоюға табиғатқа серуен ұйымдастыруға, сынып сағаттарын өткізуге болады. Жұмыс қабілеті жұма күні де төмен болғанымен, бейсенбіге қарағанда жоғарырақ болады да, бұл күні көбінесе жеңілірек өтеді. Қиын күндердің бірі сенбі, бірақ демалысты күтудің әсерімен жұмысқа қабілеттілік жоғарылауы да мүмкін. Сонымен қатар сабақ кестесін жасағанда мына ережелерді де есте ұстаған қажет:
«Жеңіл» және «ауыр» пәндерді араластырып қою. С.В. Советов бойынша пәндер қиындығы келесі ретке сәйкес келеді.
І) математика және шет тілі;
ІІ) физика, химия;
ІІІ) тарих, табиғаттану, география;
ІV) орыс тілі, қазақ тілі, орыс және қазақ әдебиеттері;
Гигиеналық талаптар
1. Парта қатарларының аралығы 70 см (кем болмауы керек)
2. Парталар мен сыртқы қабырға аралығы 60-50 см
3. Парталар мен ішкі қабырға аралығы 60 см (кем болмауы керек)
4. Тақтаның төменгі жиегінің биіктігі 30-35 см (жоғары класс оқушыларына
5. Алдыңғы парталар мен тақтаның аралығы 60-65 (төменгі класс оқушыларына) 2,4 – 2,7 м
6. Соңғы парталар мен Артқы қабырғаның аралығы 40 – 50 см
7.Тақта мен соңғы парталардың аралығы 9 м (көп болмауы керек)
8.Терезе мен үшінші қатардағы парталардың аралығы 6 м (кем болмауы керек)
9.Күндізгі жарық сол жақтан түсуі қажет +
10.Класс тақтасы алдыңғы қабырғаның ортасында орналасуы қажет +
Қорытынды: Біз оқушылардың ой еңбегі қабілетінің деңгейін анықтауды меңгердік. Сабақ барысында теппинг тест әдісін жүргізіп, алынған нәтижелерді салыстыра келе байқағанымыз оқушылардың сабақтың соңғы кезінде жұмыс қабілеті деңгейінің төмендеуін көрдік.

  1. Суреттегі бүйректің құрылысын жазыңыздар


Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болган қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Су мен онда еріген тұздар , сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор..
1-сол жақ бүйректің жалпы көрінісі
Бүйрек-сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс болып келетін бұршақ бітімдес жұп орган; омыртқаның екі жағында, ішперде арты кеңістігінің бүйір бөлімдерінде орналасады.
2- бүйрек үсті безі
Бүйрекүсті безі— бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
Гормоны-Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин жəне ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.
3-бүйрек қақпасы
Оң бүйректің қақпасына жақын төменгі қуыс вена (көктамыр) сол бүйректің қақпасына жақын қолқа бар. Бүйректің қақпаларында тамырлар мен несепағардың өзара қатысы мынадай: шүмекше мен несепағардың бастауы неғұрлым артта орналасқан, алдынан тармақтары және оларға оралған жүйкелерімен бүйрек артериясы (кызылтамыры) өтеді және одан да гөрі алда өзін құрайтын тармақтарымен бүйрек венасы өтед
4- бүйрек артериясы
Бүйрек артериясы іштік қолқадан басталады. Ол бүйректі қанмен қамтамасыз етеді. Оң бүйрек артериясы сол бүйрек артериясына қарағанда жуандау болады. Бұл артериялардан несепағарға, бүйрек қапшығына тармақтар тарайды. Бүйрек қанды бүйрек артериясынан алады. Бүйрек қақпасынан кІргеннен кейін артерия қантамыры майда артерияларға тармақталады. Артериялар Шумлянский-Боумен денешесіне кіріп, капилляр торы түзіледі. Капилляр торынан шыққан соң түтікшелерге қарай бағыт алады, ол жерде екінші майда артерия торына айналады. Сөйтіп, бүйректе екі артериолалардың торы пайда болады. Бүйректің артерия тамыры венаға бірігіп, ол төменгі қуыс венаға құяды. Денедегі барлық қан бүйректен өтеді. Тәулігіне бүйректен 150-180 л қан ағып өтеді.Бүйректе қан сарысуынан зәр пайда болады. Зәрдің пайда болуы екі сатыдан тұрады: капилляр шумағында сүзілу (фильтрация) және түтікшелерде қайта сорылу (реабсорбция).
5- бүйрек венасы.
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің салмағы - 150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан
6- несепағар
Әр бүйректе несепағар бар, ол арқылы несеп тасымалданады: әр бүйректегі бүйрек жамбасы түтікшелік несепағарға қарай төмен қарай тарылады.
Екі несепағардың әрқайсысының қалыңдығы екі-төрт миллиметр және ұзындығы 24-31 сантиметр. Олар перитонийдің артқы жағына қарай (ретроперитонеальды) түсіп, несепағарға ашылады.
7- бүйрек кесілген түрі
8- бүйрек астаушасы
Астаушының, үлкен және кіші тостаганшылардың қабыргалары кілегейлі қабат, бүлшықетті қабат, сыртқы сір және бірікпе қабаттардан құралады. Кіші тостаганшаныц күмбезінде Бірыңгай бүлшықеттен түзілген сақиналы күмбездің қыспагы болады. Бүл жерге жүйке, қан, сарысу тамырлары келеді. Осылардыц барлыгы бүйректің күмбезді (фориикальды) жүйелі мүшесі деп аталады. Бүл жүйелі мүшелер зәрді реттеп түруға және зәрдің кейін қайтып кетпеуіне сондай-ақ ол астауша ішіндегі қысымды реттеуге қатысады9- бүйрек қыртысы
10- ми қабаты
БҮйрекүсті безіңде орналасқан.
 ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
дұрыс тамақтану, тіс және жұлдыру ауруларын дер кезінде емдеу, қатаю, есірткіні, уларды ұқыпты пайдалану, жеке бас гигиенасы.
Нефрон-Нефрон (nephronum, грек, nephros — бүйрек) — бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Астаушының, үлкен және кіші тостаганшылардың қабыргалары кілегейлі қабат, бүлшықетті қабат, сыртқы сір және бірікпе қабаттардан құралады. Кіші тостаганшаныц күмбезінде Бірыңгай бүлшықеттен түзілген сақиналы күмбездің қыспагы болады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет